1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
14 желтоқсан 2016
Немiс сарапшысы: «РАХАТ ӘЛИЕВТI ӨЛТIРГЕН!»

Немiстiң беделдi сот-медициналық сарапшысы Бернд Бринкманн Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшiсi, президент Н.Назарбаевтың бұрын­ғы күйеубаласы Рахат Әлиевтi әлдекiмдер өлтiрген деп мәлiм­дедi. Асылып немесе буындырып өлгендердi зерттеуге маманданған сот медицинасы профессорының қорытындысы Австрия тарабының Рахат Әлиев асылып өлдi деген тұжырымын жоққа шығарады.

7 желтоқсан 2016
«Немерелер» саяси өмiрдiң шешушi факторына айналған елдiң болашағы бұлдыр
Зымырап өтiп жатқан Уақыт-ай!
90-жылдардың аяғында ашық саясатқа келген бойда “Қазақстандағы саяси ахуалға президент тiкелей жауапты” деп бастап едiк. Содан кейiн, 2000-жылдардың басында оның аяққа тұрып, мемлекет iстерiне бел­сен­дi араласа бастап, бiраз нәр­сенi бүлдiрiп, жұрттың ашу-ызасын туғыза бастаған қыздары мен күйеу балаларын сынап келдiк. Ендi, мiне, елбасының өз балаларымызбен жасты немере­лерiне қатысты мақала жазуға тура келiп жатыр... О бастан айтарым: “немере етiн жеп, сүйегiн қалдырады” деп нақылдап, от басы, ошақ қасы ғана мәнi
7 желтоқсан 2016
Телекөпiр тәмсiлi: БАСТАЙ БЕРСЕК БОЛА МА?

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шара болған соң ба, әйтеуiр “жалпыұлттық” деген атауы бар телекөпiр президенттiң туған күнiне ұқсап кеттi. Жүргiзушiлерден бастап, кәсiпорын жетекшiлерiне дейiн Қазақстанның жылт еткен жетiстiгiнiң бәрiн Н.Назарбаевқа телiп, алғыс пен мадақ айтты. Қазақ басшысы бұл жолы елiмiздiң 16 аймағындағы 23 жобаға Астананың төрiнде отырып, старт бердi. Бұл өткен жылдары тұсауы кесiлген кәсiп­орындармен салыстырғанда әжептәуiр көп. Бiрақ Қазақстанның шынайы өмiрi

5 желтоқсан 2016
Атырау белсендiлерiне шығарылған үкiм: БИЛIКТIҢ ҚАТЕЛIГI НЕДЕ?

Әлдеқайда көп зияны тиетiн жағымпаздар мен дайын асқа тiк қасықтардан сақтанудың орнына, билiк ашық түрде қарсы шығушыларды жау көредi. Биыл­ғы жыл қоғамда үлкен реакция тудырған қайшылықты сот шешiмдерi жөнiнен рекордтық жылдардың бiрi болуы мүм­кiн. Сол рекордтардың қатарында – қоғамдық белсен­дiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның үстiнен қозғалған сот процесi де бар.  

5 желтоқсан 2016

Тұңғыш президент күнi Н.Назарбаев Астанадағы Тәуелсiздiк сарайында жастармен кездестi. Екi жылда бiр рет ұйымдастырылатын республикалық жастар форумына жиналған 1000-ға тарта жасты президент алдымен “ел тарихына қазақстандықтардың бiрлiгiнiң ұлы белгiсiндей енген” тұңғыш президент күнiмен құттықтады. Және бiраз ақылын айтты. 

28 қараша 2016
Қос батырды не үшiн соттады?

Қазақ жерiн шетелдiктерге жалға беруге қарсылық танытып, алаңға шыққаны үшiн айыпты болған Макс Боқаев пен Талғат Аянды сот 5 жылға бас бостандығынан айырды. Демек митинг кезiнде бел­сен­дiлердi билiк орындарының қуғындамауына уәде еткен Нұрлан Ноғаевтың сөзi ғана емес, жердi қорғау үшiн алаңға шыққан азаматтарға Нұрсұлтан Назарбаевтың танытқан “разылығы” да терiске шықты деген сөз. Билiктiң түпкi ниетi қос батырды қайдағы бiр Төлешов iсiмен байланыс­тырғанда-ақ сезiлген. Қорытындысында белсендiлерге 5 жыл түрмеде

22 қараша 2016
«Есiмовтiң жүрген жерiнде көпiр құлайды...»
16 қарашада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiне арналып салынып жатқан екi ғимараттың арасындағы көпiр құ­лады. Келесi күнi президент Н.Назар­баев “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы” АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есiмовтi қабылдады. Бiр қызы­ғы, екеуара кездесуде құлаған көпiр жайлы әңгiме айтылмады. Анығында, “сыртқа шығарылмады”. Жайбарақат. Ештеңе болмағандай кейiп танытты. Көрме өте­тiн мезгiл таяп келедi, осыған орай дайындық барысының соңғы кезеңi туралы емен-жарқын әңгiме өрбiдi. Тiптi, миллиондаған салық төлеушiлердiң көңiлi үшiн елбасы Ахметжан Есiмовтi “сценарий бойынша” орнынан тұрғызған да, жекiген де жоқ. Аса сабырлық танытты. Ал егер ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басында Ахметжан Смағұлұлы отырмағанда не болар едi? Бетi аулақ, темiр торға апарып, тоғыта салар едi... Өйткенi ол қиын шаруа емес.
22 қараша 2016
Астанада өткен Қазақстан Республикасы судьяларының vii съезiнде президент Нұрсұлтан Назарбаев елде соттар­ға деген қоғамдық сенiмнiң төмен екенiн мәлiмдедi. “...Бұған соттар мен құ­қық қорғау органдарының шешiмдерiне қатысты жо­ғар­ғы мемлекеттiк сатыларға, президентке дейiн шағымданатын қазақстандықтардың хаттары дәлел, кейде тiптi сот корпусы мен құқық қорғаушылардың адалдығына, сатылмайтынына күмән келтiрiп жатады”, – дедi
16 қараша 2016
Қазақстан туристер үшiн қауiпсiздiк дең­гейi орта мемлекет­тердiң қатарына кiрдi деп хабарлайды Риа Новости агенттiгiне сiлтеме жасаған ҚазАқпарат.  Сарапшылар туристер үшiн 2017 жылғы ең қауiптi елдердiң интерактивтi картасын жасаған. Интерактивтi картаның авторы – Interna­tional SOS медициналық сервис компаниясы.
Онда 2017 жылы саяхаттауға болатын ең қауiптi
16 қараша 2016
«Нұртеңге» суретi бар он мыңдықты әзiрден осылай атай бастады

Ұлттық банк төрағасы Тәуелсiздiгiмiз­дiң 25 жылдығына президент Н.Назарбаев бейнеленген мерейтойлық 10 мың теңге шығатыны туралы хабарлаған күннiң ерте­ңiне ұлттық валюта долларға қатысты тағы 1 теңге 33 тиынға арзандап кеттi. Бей­нелi түрде айтқанда қазiргi ресми бағаммен бiр Бенджамин Франклиннiң су­ретiне үш жарым Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесiн беруге мәжбүрмiз. Қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастар жүйесi “Теңгеге президенттiң суретiн басу бiздiң валютамыздың құндылығын одан әрi өсiредi. Бұл бiздiң ақшамыздың тұрақтылығының кепiлi болады” деп жоқ жерден экономикалық заңдылық ашып, айды аспанға шығарған академик Мұрат Жұрыновтың “теориясын” терiске шығарды. Бiрақ 1993 жылдан берi теңгенiң АҚШ

16 қараша 2016
Күнi кеше ғана “Мемлекеттiк қызмет­керлердiң бiрыңғай форма киетiнi” туралы “жып-жылы” жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары бiрiнен-бiрi “ала қашып” жариялаған. Өкiнiштiсi сол, Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы iс-қимыл агент­тiгi мұны қауесетке телiдi. Бiрақ жұрт арасында “қап, әттеген-ай, жемқорлықпен күрестiң көкесi осы болар едi-ау” деп өкiнiп жатқандар көп. Қиялына ерiк берiп, шендi-шекпен­дi­лердi ойша киiндiрiп көр­ген­дер де жаппай “қамығып” жатыр. Сондықтан бұл мәселенi әлi де болса талдап-таразылап, бүкiл қо­ғам болып талқылаған жөн секiлдi.
Алдымен ақпараттың ау-жайымен таныстырайық. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттi­гiнен шықты делiнген мәлiметте “мемқызметкерлерге ортақ киiм үлгiсiнiң пiшiнi нақтыланып” жатқаны айтылған. Мұндағы мақсат “мемлекеттiк қызметкерлер арасында күнде­лiктi киiмге жұмсалатын қаржыны қысқарту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу” болғанға ұқсайды. Жоғарыда айтқанымыздай, мұны кейiн Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл
14 қараша 2016
Жоғалған жобалар
МИЛЛИАРДТАР ҚАЙДА КЕТТI?
Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ҚР Парламентi қабылдаған декларацияда: “Қазақстан әлемдегi энергетикалық және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi жетекшi елдер қатарына енетiнiн” мәлiмдеп жар салып едi, бұл жолы ұзақ үнсiздiк. Бюджеттiң миллиардтаған қаржысы жұмсалып, ел экономикасының қозғаушы күштерiне айналмақ зауыттар мен фабрикалардың қазiргi халi туралы не парламентте, не үкiметте талдау жасалып жатқан жоқ. Қазiргi күннiң ең өзектi сауалы – қай зауыт қай өңiрдiң локомотивiне айналды? Айналмаса, 6 жыл iшiнде қағазда қалған жобаларға жұмсалған қаржы қайда кеттi? 400-500 миллион долларға
9 қараша 2016
Қазақстан – қатерлi қалдықтар қоймасы ма?
ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКI БIЗДIҢ ХАЛҚЫМЫЗҒА ҚАЖЕТ ЕМЕС
Таяуда Мәжiлiстiң халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң кеңейтiлген отырысында Үлбi металлургиялық зауытының (ҮМЗ) қоймасында МАГАТЭ-нiң (Атом қуаты жөнiндегi халықаралық агенттiк) 90 тонна шала байытылған ураны сақталатыны және шала байытылған уран банкiнiң құрылысы жөнiнде әңгiме болды. Осы отырыста шала байытыл­ған уран банкiнiң құрылысы келер 2017 жылы күзде аяқталатыны айқындалды.
3 қараша 2016

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әде­мi бiр ұсынысын әлеуметтiк желi арқылы “атып” жiбердi. Былай қарағанда, жұртқа жақпайтындай ештеңесi жоқ. Спикер “Қазақстан” сөзiнiң ағылшын тiлiнде дұрыс жазылуын келелi мәселе ретiнде көтерiп отыр. Оның ойынша, бiз қазiргi “KAZAKHSTAN-ды” “QAZAQ­STAN” деп жазсақ, ол – елiмiздiң ұлттық негiзiн дұрыс көр­сететiнге ұқсайды. Әрине, ағылшын тiлiнде судай ағатын сенатордың бұл пiкiрi көпке ұнауы да мүмкiн. Бiр әттеген-айы, бұл ұсыныс оның өзегiн жарып шыққан өз идеясы емес, өзгенi қайталауға көбiрек келiңкiрейдi. Тiптi Тоқаев Q (кью) қарпiне деген қызығушылықты “қуа” жөнелгендей әсер қалдырады.

27 қазан 2016
Қазiргi қазақ мәдениетiнiң айнасы қандай?

Рас, халықты танытатын – мә­дениет. Соның iшiнде қарапа­йым халыққа ең қолжетiмдiсi, ең жақыны, тiкелей әсер етiп тәрбиелейтiнi де – теле-арналар. Телеарна – бiр мемлекеттiң дүрсiлдеп соққан жүрегi, бүлкiл­деген қан тамыры. Телеарна – қазақ қоғамының айнасы. Қазақ деген қандай халық, түр-сипаты, кескiн-келбетi қандай, ненi құрмет тұтады, ненi ұят санайды, ұлт ретiндегi ерекшелiгi неде, ненi құндылық деп санайды – осыны бiлгiсi келген кез келген шетелдiк телеарнаға үңiлерi хақ. Өйткенi қазiр қазақ бейнесiн

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»