1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
26 шілде 2016
Елiне қорған, әлсiзге пана болған
ҚОЖЕКЕ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ ОТАРШЫЛАРМЕН, АҚ ПАТШАМЕН, АҚ ГВАРДИЯМЕН АЙҚАСТЫ.
Нарынқол топырағында 1883 жылы Үлкен Қақпақта дүниеге келiп, 1916 жылы Албан көтерiлi­сiнде қолбасшы болған менiң атам Қожеке Жарылқасынұлы да елiнiң қамын ойлаған батырдың бiрi. Қожеке Албан iшiндегi Бәймен руынан Жарылқасын деген кiсiнiң баласы. Шешесi Ұлбөбек Құрман елiнiң Елiкбай руынан шыққан батыр, әрi күйшi, сазгер
26 шілде 2016

Иманқұлдың Әбдiрахманы – Сарықопа бойындағы Майқарауды 30 жыл басқар­ған болыс, Мекке-Мәдинеге екi рет барған қажы, ақын, күллi Арқа өңiрiне абыройлы тұлға. Июнь жарлығынан кейiн Торғай дуанына келiп болыс-билермен жиналыс аш­қан генерал-губернаторға қызметтен айырыламын, айдалып кетемiн деп бүгежектемей, “Қомсынғанға Алла бар, сом темiрге балға бар, қазақты басынбаңдар” деп қарсы шапқан

26 шілде 2016
100 жыл бұрын және бүгiн
Тарихи маңызы зор осынау айтулы оқиғаны тағы бiр мәрте сараптау мақсатында бiз төмендегi­дей сауалдарға ой жүгiрткендi жөн көрдiк. Тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелдi мен жазушы Тұрсын Жұртбайдың және саясаттанушы Айдос Сарымның бұл орайдағы жауаптарын оқи аласыздар.   
 
26 шілде 2016
«Басты айыпкер – патша өкiметi!»
1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРIЛIСТIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ДУМАДА ҚАРАЛУЫ
Қазақ халқының 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерiлiсi жеңiске жеткен жоқ. Бiрақ ол барша Түркiстан өлкесiндегi көтерiлiстермен бiрге Ресей империа­лизмiнiң мызғымас қамалын бұзған, монархияның құлауына жол салған, патшалыққа қарсы жұмсалған аса зор, күштi де қуатты соққылардың бiрi болды. Сондықтан да 1916 жыл көтерiлiсiн зерттеу, оны күллi сол кездегi ауқы­мында, барша түркi халықтары iшiнде орын алған үдерiстер
26 шілде 2016

1916 жылы Оңтүстiк қазақтары да патша жарлығына қарсы дүрк көтерiлген. Бiр ауылдың қол бастаған батыры екiншi ауылдағы туыстарына шабарман шаптырып, кө­терiлiстi қолдауды сұрап, ретi келсе, бәрi бiр ортаға жиналған үлкен топ құруды жоспарлаған. Дегенмен, көптеген себептерге байланысты бұл жоспарларына, жете алмады. Соған қарамастан, жаушылар мен шабармандар арқылы бiр-бiрiне сырттай дем берген аралары шал­ғай, 

26 шілде 2016

Өткен аптада “Стратегия” дейтiн әлеуметтiк-саяси зерттеулер орталығы 2016 жылдың екiншi тоқсанын қорытындылады. Сарапшылар арасында жүргiзiлдi делiнген сауалнама “Басқарушы элитаның рейтингi” деп аталыпты. Адамды басшылығына бола құрметтейтiн елмiз ғой, әлеуметтанушылар түгiлi журналистер, блогер атаулыға дейiн өз рейтингiн жариялап жатқанда мұның несi жаңалық деуiңiз мүмкiн. Биылғыдай жауынды жаздың саңырауқұлағы сияқты

26 шілде 2016
Жер комиссиясы Атырауға келдi
Жер комиссиясының ке­зек­­тi отырысы 23 шiлдеде Атырауда өттi. Осы жерде бастау ал­ған жер мәселесi­нен бөлек елдi қа­маудағы Макс Боқаев пен Талғат Аян­ның бостандығы да алаңдатты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетiнiң үлкен залы жер мен қамаудағы азаматтарға қолдау бiлдiруге келген адамдар­ға лық толды. Атырауға жерге қатысты құрылған комиссияның 75 мүшесiнiң 25-i келiптi. Жиынды Ауыл шаруашылығы министрi Ас­қар Мырзахметов жүргiз­дi.
14 шілде 2016
Киіктер неден қырылуы мүмкін?
Биыл Қостанай, Ақтөбе облыстарында киіктердің белгісіз себептерден қырылуы тағы орын алды. Ғалымдар оның себебін пасте­реллезға, біреулері ракетадан аққан гептил деген отынға жапты. Осы жағдайға байланысты менің сөзіме ғалымдар құлақ аса ма, аспай ма, оны өздері біледі, дегенмен ойымды ортаға салуды жөн көрдім. Бала кезімізде әке-шеше­мізге мал бағуға көмектесіп өстік.
14 шілде 2016
Ауыл, аграрлық реформа және...

Жер туралы комиссияның әр отырысына көңіл аударып, қада­ғалап отыруға бейілім бөлек. Бай­қағаным: алғашқыдай емес, эмоция кейін ше­ге­ріліп, байсалды қалыпқа түскендей рай байқатады. Байсал­ды­лықты әрқалай түсінуге болады. Салиқалық самарқаулыққа ұласса, байыптылық байырқаулыққа бой алдырса, онда кез келген келелі жиынның өңі қашып, өзегі суалады дей беріңіз. «Сырт көз – сыншы», өкінішке қарай, кейінгі, әсіресе, Алматы

14 шілде 2016

Сонымен, үкiметтiң қасынан құрылған жер комиссиясының жетiншi жиыны 9 шiлдеде Астанада көздi ашып жұмғанша өте шықты. Комиссияның алғашқы төрт отырысында 72 мүше бiрiне-бiрi сөз кезегiн берiспей, таласпен өткiзген едi. Одан кейiнгi көшпелi 3 жиынды Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында өткiзген комиссия мүшелерi Астанадағы бас қосуға асқан сабырлықпен қайта оралыпты.

7 шілде 2016
Қоқыс жәшiгiндегi ұлттық сана
Алматы қаласының әкiмдiгi қала тұрғындарын тұрмыстық деңгейден бастап ұлттық рухта тәрбие­леудi қолға алмақ. Қала билiгi мұндай жоғарғы материялы мақсат­қа жетуге 170 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Қала билiгi Алматыда қоқыс салатын жә­шiктердiң тапшылығына алаңдаулы. Соңғы кездерi қаланы басқан топан суға бiр жағынан арықтар мен көшелерде шашылған тұрмыстық қалдықтар кiнәлi екен. Шенеунiктер бұған санасы төмен тұрғындарды кiнәлайды. Мұндай жандар қоқысқа арналған темiр жәiшiктердi ұрлап, кесiп әкетедi дейдi.
5 шілде 2016
Ұлт мәселесi және қазақтар

Бұл осыдан жиырма жылдан астам бұ­рын болған әң­гiме. Орталық ме­шiт құрылысы бiт­пей, созалаңдап, соған қаржы жинауға байланысты бiр жиынға бара жатып, белгiлi өнер зерт­теу­шi-ғалым Бақтажар Мекiшев ағамызды ұшыраттым. Сол аралықта өзiмiз жақсы бiлетiн бiр ақын келе қалыпты. Ол кiсi қол берiп амандаса бастағанда, Бақтажар ағаның түрi бұзылып: “Әй, пәленше, – дедi, – сен баррикаданың қай жағындасың?”

5 шілде 2016
1. БИЛIКТIҢ ТҮРЛЕРI ТУРАЛЫ
365info.kz сайтында америкалық сарапшы Александр Кулидың сұхбаты жарияланды. Бұл сарапшының сөзiне әлемдегi азулы мемлекеттердiң жетекшi­лерi үнемi құлақ түрiп отырады. Өйткенi А.Кулидiң болжамдары көбiне дәл келедi. АҚШ Конгрессi оның сарапшы-кеңесшi есебiн­дегi қызметiне жиi жүгiнедi. 2012 жылы Оскфордтан Александр Кулидiң “Үлкен ойындар, жергiлiктi ережелер: ұлы державалардың Орталық Азия үшiн жаңа бәсекесi” деп аталатын кiтабы жарық көрдi.
5 шілде 2016
Путинге сүйсiнгенi несi екен?!..

Бiз әдетте “Ақша билеген нарық заманында көр­кем сөздiң қадiрi кеттi. Жазушыға деген сый-құрмет азайды” деп сары уайымға салынып жүремiз ғой. Бiрақ, байыптап қарасақ, өйтiп жалпыға бiрдей баға беруге, қаламгер атаулыны бiр қораға қамап, бiр шыбықпен айдауға болмайды екен. Бұл күнде жiкке, топқа, сортқа бөлiнбейтiн не бар. Қалам ұстап жүрген қауым да қоғамдағы орны жағынан шұбар аттың жүнiндей ала-құла.

1 шілде 2016
Түркия президентi Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы дәстүрлi достық қарым-қатынасты қалпына келтiру үшiн барлық мүмкiндiктердi қарастыруға дайын екенiн мәлiмдедi. Кремль жария еткен Ердоғанның В.Путинге жолдаған хатына жүгiнсек, Анкара басшысы Ресеймен қарым-қатынасты ушықтырып алғанына шын өкiнетiн секiлдi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»