1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15528) 3 қыркүйек, жұма 2010
3 қыркүйек 2010
Сейсенбi күнi мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Владимир Жұмақанов Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, ал Қабдулкәрiм Әбдiкәзiмов жай орынбасары болып тағайындалды. Бұрынғы төраға Әдiл Шаяхметовтiң бiрiншi орынбасары болған Нұржан Жiгiтеков «басқа жұмыс­қа ауысуына байланысты» қызметiнен босатылды. Ал ендi Әдiл Шаяхметовтiң өзi қайда? Ол «пiлдер зиратына» жөнелтiлдi... ҰҚК академиясына ректорлық қызметке барды. Тәуелсiздiк алғалы бергi 20 жылда Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне төраға болған он бiр адамның «бас терiсiн» сыпырып көрсеңiз, ҰҚК тарихының ала-құла екенiне көз жеткiзесiз. Ведомствааралық айқас саяси қуғын-сүргiнге ұласып, одан халықаралық дау-дамайға жалғасып жатқан қым-қуыт тiршiлiк. «Тоғыз ұлым — бiр төбе, Ертөстiгiм — бiр төбе» демекшi,
1 қыркүйек 2010
ВЕНАДА ӘЛНҰР МҰСАЕВҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ПРОЦЕСI АЯҚТАЛДЫ
Тамыздың 26-сы күнi Венада Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевқа қатысты сот процесi аяқталды. Бұл туралы Австрияның “Остеррайх” басылымына сiлтеме жасай отырып “Азаттық” радиосы хабарлады.2008 жылы Ә.Мұсаев “Қазақстан билiгi менi ұрлап әкетпек болды” деп даңғазалатып, Вена сотына арыз түсiрген-дi. Екi жылда екi-ақ рет өткен сот процесi 26 тамызда аяқталды.Күдiктiлердiң қатарында бiр қазақ студентi бар көрiнедi. Ол Венаға Берлиндегi қазақ елшiлiгiнiң тапсырмасын орындау үшiн барыпты. Мұндай шаруаны қалайша студент­ке сенiп тапсырған дерсiз, бәлкiм. Сот тергеуi кезiнде анықталғаны — оған Әлнұр Мұсаевты аңду, оны ұрлап әкетуге қатысатын адамдарды табу тапсырылыпты.
1 қыркүйек 2010
Билiк жақта бiр әбiгер бар iшкi,
Тарихты да талдап жатыр жаңаша.
Таңғалдырып жақын менен алысты,
Астанада парад өттi. Тамаша!
Болмасам да ұқсап бағам (Абайша),
Айтпайын десем, есем кетiп барады!
Дүйiм жұрттан шеттеттi ме, қалайша,
Ата Заңды погондардың парады!
26 тамыз 2010
Жоғары билiк биыл да Конституция күнiн әскери шерумен қарсы алатын болды. Шерудiң нелiктен Конституция күнiне орай өткiзiлетiнi, мұның қандай саяси, әскери мән-мазмұны барын билiк өкiлдерi де, оның «бұлбұлдары» да жөндi түсiндiрмедi... Бұл күндi қарапайым қазақстандықтар, әрине, жаз айларындағы соңғы демалыс күнi ретiнде қабылдайды. Бiрақ, Ақорда үшiн бұл күннiң айрықша мазмұны бар. Себебi, 1995 жылы қабылдан­ған Ата заң президент Н.Назарбаевқа шексiз билiк пен үлкен саяси мүмкiндiктер бердi. Пост­кеңестiк елдердiң қатарындағы Украина президенттiң билiгiн күшейтетiн өзгерiстердi конституцияға енгiзудi ендi көтерiп жатса, Қазақстан басшылары мұны осыдан 15 жыл бұрын жүзеге асырып қойған.
26 тамыз 2010
ӘБIҚАЕВТЫҢ ҰҚК-ГЕ ҚАЙТА ОРАЛУЫНАН НЕ КҮТУГЕ БОЛАДЫ?
Дүйсенбi күнi президент Н.Назарбаев Нұр­тай Әбiқаевты Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы етiп тағайындады. Мемлекет басшысының баспасөз қызметiнiң хабарла­уынша, Н.Әбiқаевты ҰҚК ұжымына президент әкiмшi­лiгiнiң жетекшiсi Аслан Мусин таныстырған. — Нұртай Әбiқайұлын ел прези­дентi қандай қызметке тағайындаса да, ол сенiмдi ақтай бiлдi. Мемлекет басшысы оның мына қызметте де сенiмдi ақтап, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң алдына қойылған барлық тапсырмаларды орындайтынына еш күмәнданбайды. Президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi ҰҚК-нiң бұрынғы төрағасы Әдiл Шаях­метовке атқарған қызметi үшiн Н.Назарбаевтың алғысын жеткiздi.
24 тамыз 2010
“Голос Республики” газетi редакциясы мен оппозициялық “Алға” партиясының белсендiлерi Алмалы аудандық полиция басқармасына сыйлық жасаған болатын. Бiрақ, полиция қызметкерлерi олардың мәрттiгiн бағалай қоймады. Керiсiнше “Алға” партиясының екi белсендiсiн күшпен қамауға алып, үстiлерiнен азаматтық iс қозғады. Тәуелсiз журналистер мен оппозиция белсендiлерi Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы ғимаратының алдында арнайы акция өткiздi. Олар полиция бөлiмiне үстел мен орындық сыйламақшы болған. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, оларды мұндай мәрттiк танытуға бұл бөлiмшедегi
19 тамыз 2010
Ресей және Беларусь: ақпараттық айқас
Ресей мен Беларусь арасында өршiген ақпараттық соғыстың таяуда бiтер түрi жоқ. Бұған дейiн Ресей президентi Д.Медведев: «Беларусь басшысы А.Лукашенко ТМД елдерi басшыларының көзiнше Оңтүстiк Осетия мен Абхазияның тәуелсiздiгiн мойындаймыз деп уәде бердi де, артынан сөзiнен тайып кеттi», – деп батьканы жазғырған болатын. Өткен аптада Беларусь президентi Медведевтiң сөзiн терiске шығарып, Ресей президентiнiң ар-ұяты таза емес деп дүрсе қоя бердi. «Мен бұл тақырыпқа пiкiр таластырғым келмеп едi, – дедi А.Лукашенко журналистермен болған кездесуде, – Бiрақ ресейлiк әрiптесiм ар-ұятқа салмай белгiлi бiр нәрселердiң төбесiн қылтитып жүр». Батьканың айтуына қарағанда, Ресей президентi екеуара әңгiменiң басын толық ашпаған.
17 тамыз 2010
Сiз үшiн қаншалықты сенiмдi?
Қысқа жаздан сайланады. Ал сайлауға ше? Қазақстандағы парламент, президент сайлауларының қалай өтетiнi әмбеге аян. Дауыс беру нәтижесiн санақшының қалауы, оған тапсырма берушi қожайын шешедi. Бүгiнгi билiк дауыс ұрлаудың, бұрмалаудың iзiн бiлдiрмес, көзге көрiнбес етудiң жолын тапқан. Сайлауды электронды жүйеге көшiре бастауының сыры осында дейдi сарапшылар. Көзi қарақты әркiм де осылай түсiнедi. Үлкен сайлаулар өтетiн 2012 жылға да көп қалған жоқ. Сайлауға әзiрлiктi билiктегiлер де, оған қарсылар да қалай, қашан бастауды бiледi. Ал оған тiкелей қатысатын дауыс иесi – сайлаушы не iстемек? Әрине, сайлаудың қалай өтерi оған бәрiбiр болмаса, өз таңдауын жасайды.
17 тамыз 2010
Қыркүйек айында Австрия астанасы Вена қаласында ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанның ұйымдастыруымен электронды дауыс беру жүйесiне қатысты семинар өтпек. Бұл жиында ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң электрондық сайлау тәжiрибесi, бұл жүйенiң болашағы жайлы сөз болмақ. Осы семинардың ұйымдастырушысы биылғы жылғы ЕҚЫҰ-ның төрағасы Қазақстан да өзiнiң электронды сайлау «тәжiрибесiмен» бөлiспек көрiнедi. Бiрақ бiздегi электронды дауыс берудi былай қойғанда, кәдуiлгi қағаз бюллетеньмен дауыс берудiң өзi өрескел заң бұзушылықтармен өтетiнiнен жұрттың бәрi хабардар. «Сайлау» электронды жүйесi дауыс берудi бұрмалау, дауысты бұрыс есептеу үшiн билiктiң ойлап тапқан құралы екенi баяғыда айқұлақтанып қалған. Бұл ретте «Азат» ЖСДП президиумының мүшесi Маржан Аспандияро­ваны әңгiмеге тартып, электронды дауыс беруге қатысты пiкiрiн бiлмек болдық.
17 тамыз 2010
МИНИСТРЛIКТIҢ ОЙЛАП ТАПҚАНЫН САРАПШЫ МАМАНДАР САУАТСЫЗДЫҚ ДЕП БАҒАЛАУДА
Қазақстанның байланыс және ақпарат министрi Асқар Жұмағалиев «Қазақстан Республикасы заңдылықтарын сақтау үшiн БАҚ өнiмдерiне арналған мониторинг әдiстемесiн мақұл­дау туралы» бұйрыққа қол қойды. Жуырда қабылданған бұл бұйрық Қазақстан аумағындағы барлық БАҚ-тарға, сондай-ақ интернетке де қатыс­ты. Сарапшылардың айтуынша, министрлiктiң БАҚ-қа қатысты заңның барлығын бiр әдiстемеге жинап, оны ресми түрде жариялауы үлкен күдiк туғызады. Мұның артында сөз бостандығын шектеу, тәуелсiз басылымдарды болмашы сылтаулармен жабу науқаны тұруы да мүмкiн.
29 шілде 2010
Мәдениет министрлiгi ұсынған жаңа жобада қоғам талабы ескерiлмеген
Дүйсенбi күнi өткен үкiметтiң кеңейтiлген мәжiлiсi елiмiздегi тiл мәселесiне арналды. Бұл жиында ҚР Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттiк бағдарламасының жобасын көпшiлiк талқысына ұсынды. Оның айтуынша, осы бағдарламаның арқасында 2020 жылға дейiн халықтың 95 пайызы қазақ тiлiн меңгеретiн болады. Министрдiң ниетi дұрыс-ақ, десек те бағдарламаның дәл сондай жетiстiктерге жетерiне күмән келтiретiндер көп. Тiл мәселесiн шешудi тағы да он жыл­ға созудың қажетi жоқ деп санайтындар да бар.
27 шілде 2010
ТОҚАЕВ ПЕН САУДАБАЕВ СИЯҚТЫ ДӨКЕЙЛЕР ТҰРҒАН ҮЙ БЫЛЫҚ БАТПАҒЫНАН ҚАЛАЙ ШЫҒАР ЕКЕН?
Бұрынғы ведомство қызметкерлерi қаржы министр­лiгiмен соттасып жатыр. Нақтырақ айтқанда, осы ведомствоға қарасты «Тұрмыс» мемлекеттiк кәсiпорнымен. «Тұрмыстың» директоры – қалалық мәслихат депутаты Юсуп Келиков. 1998 жылы мемлекеттiк құрылымдар Алматыдан Астанаға көшiрiлген болатын. Сарыарқаның сақылдаған сары аязына тұрақтай алмаған шенеунiктердiң көшiн тұрақтандыру үшiн президент әр министрлiкке қызметкерлерiн баспанамен қамтамасыз ету жөнiнде тапсырма берген-дi. «Титаник» — шенеунiктер мен әкiм­қараларға арнап салынған үкiмет үйi. Есiл бойындағы ұзынша бұл үйдi халық солай атап кеткен.
26 шілде 2010

“Жас Алаш” газетiнiң 2010 жылғы 13 шiлдедегi санында Жам­был облысы бойынша ҚАЖКБ ЖД 158/2 мекемесiнде (жалпы режим) жазасын өтеушi Рамазан Есiргепов туралы Инга Иманбайдың “Түрме басшылығы саяси тұтқынның аштық жариялағанын жасыруда” деген мақаласы жарық көрдi. Онда Рамазан Есiргеповтiң жұбайы Раушан Есiргепованың айтуынша, қазiр түрме басшылығы саяси тұтқынның жағдайы туралы шындықты қоғамнан жасырып, оған дәрiгерлiк көмек көрсетпеген, Есiркеповтi күнде асханаға саппен айдап апарып, мәжбүрлi түрде тамақ iшкiзуге үгiттейдi делiнген. Бұл – негiзсiз айтылған жайттар.

22 шілде 2010

Алматыда өткен ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң саммитiне белгiлi құқық қорғаушы Евгений Жовтис арнайы хат жолдады. Жовтистiң қазiргi күнi Өскемендегi еңбекпен түзеу колониясында отырғаны да оқырмандарымызға мәлiм. Алматыда өткен саммитте Е.Жовтистiң хатына ешкiм назар аударған жоқ. Десек те, құқық қорғаушы өз хатында назар аударуға тұрарлықтай бiрсыпыра мәселелердi сөз етедi. Ендi бiз төменде Евгений Жовтистiң осы хатын ықшамдап аударып, назарларыңызға ұсына кеткендi орынды көрдiк.

22 шілде 2010

Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзген «Азат» жалпыұлттық социал демократиялық партиясының тең төрағалары Әдiлет министрлiгiн сотқа беретiндерiн айтады. Оппозиция жетекшiлерi аталмыш министрлiктiң заңды өрескел бұзып, партияның қайта тiркеуден өтуiне кедергi келтiрiп отырғанын жеткiздi. «14 шiлде күнi бiзге Әдiлет ми­нистр­лiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасы М.Сексембаев қол қойған «АЗАТ» ЖСДП-ны мемлекеттiк қайта тiркеуден өткiзбеу туралы бұйрығы келiп түстi. Бұл шешiм Әдiлет ми­нистр­лiгiнiң

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»