1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қырғыз халқы Бәкиевтiң «отбасылық өкiметiн» билiктен тайдырды. Ендi Орталық Азияның қай елiнде осындай төңкерiстер қаупi зор?
Өзбекстан (23%)
Қазақстан (67.7%)
Тәжiкстан (4.1%)
Түркiменстан (1.8%)
Әзiрбайжан (3.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15472) 18 ақпан, бейсенбі 2010
18 ақпан 2010
Көрер көз, естiр құлақ табылса...

“Жас Алашта” жарияланған “Ұлтыңызды, тiлiңiздi ардақтаңыз!” атты ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған жастардың ашық хатына лебiз бiлдiрiп жат­қандар аз емес. (№11, 9 ақпан, 2010 жыл) Жас журналистер, ақын, жазушылар және жетi мыңға тарта студент жастар қолдаған бұл бастаманы жастардың саяси белсендiлiгiнiң артқандығына балап жатқандар да бар. Жастардың бастамасына байланысты дуалы ауыздардың айтқандарын және “Жас Алаш” сайтында жазылған оқырман пiкiрлерiн оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 
Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ, ҚР Халық жазушысы:
БҰЛ ЖАСТАРДЫ ТОЛЫҚТАЙ ҚОЛДАЙМЫН
– Жастардың мұндай бастама көтерiп жатқанына мен қуандым. Олардың саясатқа араласуын мейлiнше қолдаймын. Саясат жасы келгендердiң iсi дегенге келiспеймiн. Керiсiнше, онымен жастар айналысуға, саясаттың өзiн жастар жасауға тиiстi. Елiмiздегi өзгерiстерге де олардың бей-жай қарамауы қуантады. Көп жылдан берi шешiмiн таба алмай келе жатқан мемлекеттiк тiл проблемасы, билiк бастама көтерiп жүрген “қазақстандық ұлт” мәселесi, осының барлығы да жастардың назарында екенiн бiлдiру үшiн, олардың наразылығын жеткiзу үшiн мұндай үндеулер қажет. Сондықтан, бұл жастарды толықтай қолдаймын. Бұл бастаманы “Рух пен тiл” клубы көтерiп жүргенiн естiдiм. Оларды осы бетiнен таймауға, ұлттық мүдденiң басында жүруге шақырамын. Iстерiңе – сәттiлiк!
 
Болат ӘБIЛЕВ, “Азат” ЖСДП тең төрағасы:
МҰНДАЙ ЖАСТАРДЫҢ КӨБЕЙГЕНIН ҚАЛАЙМЫН
– Жастар – мемлекетiмiздiң болашағы. Яғни елiмiздiң келешегi солардың қолында. Оның қандай болары дәл сол жастардың белсендiлiгiне тiкелей байланысты. Сондықтан, жастар пiкiрiн ашық та батыл айтып, оны жоғарғы билiкке жеткiзiп жатса, ол әрине қуантады. Мұндай жастардың көбейгенiн қалаймыз. Ал президентке бұл ашық хат жете ме, жетпей ме, ол жағы белгiсiз. Жеткен жағдайда да жауап болады деп ойламаймын. Мәселе – жастардың батылдық танытып, бастама көтергенiнде. Мұндай жастарды қолдауға тиiспiз.
 
“Жас Алаш” сайтынан:
Ашық хатты толық қолдаймын. Әлбетте, қолдаушылар қатарында тек қана студенттер мен журналистар, ақындар ғана болмауы тиiс. Аузы дуалы, әшейiнде дес бермейтiн «зиялы қауым» қайда? Бұл жолы елбасы көнбесе, қатаң шараларға бару керек.
                                                           ***
Жарайсыңдар жастар, алға!
                                                          ***
Мiне, азаматтар! Тек көретiн көз бен тыңдайтын құлаққа жеткiзе көр, Алла!
                                                          ***
Ұлт мәселесi кейбiреулер айтатын сияқты кекетiп-мұқатуды, ойын-мысқылды көтермейтiн аса нәзiк проблема.
                                                                 ***
Алғаш рет ұлт зиялылары Мұхтар Шаханов ағамызбен үндес болып биiлiкке 9 түрлi талап қойды, әрi осы талаптары орындалмаса қатаң қадамдарға баратынын жариялады. Бұл қуантады! Ендi мiне жас ақын, жазушылар, журналистер, қоғамдық қозғалыстар жетекшiлерi бастап, 7000 студент қостап, президентке ашық хат жолдап отыр. Билiкке қо­йылған 9 талаптың орындалуын талап етiп отыр . Олар “Тәуелсiздiктi қорғау” қозғалысын қолдайтындарын бiлдiрдi , бұл да қуанарлық жағдай. Биiлiкке ұлтжанды күштер келiп, қазақтың мүддесiн қорғауы керек! Қазақ жастары осы iзбен алға iлгерiлейiк , қайтпайық ағайындар !
                                                               ***
Басқа қалада тұратын азаматтар қалай қол қоя алады? Соның анық әдiс-тәсiлi бар ма? Тек Алматымен шектелу тым өнiмдi нәтиже бермейдi. Мүмкiн болса Ашық хатты қолдаушылар қолын миллионға жеткiзу керек! Жолдамас бұрын бiр-екi апта бойы түрлi амалмен қол жинаған дұрыс шығар.
                                                               ***
1986 жылы бiр үлкен кiсi: “Алпыс жыл бойы айта алмай келгенiмiздi 60-жылғылар жеткiздi ғой» – деп едi. Солардың қатарында бiз де болдық. Наразылығымызды желтоқсанда жеткiздiк. Ендiгi кезек бiзден кейiнгi буынға келдi. Ел үшiн, тiл үшiн, болашақ үшiн сендердiң де тайталасқа түсiп, өздерiңдi көрсететiн кездерiң келдi деп ойлаймын. Алла жар болсын!                            
                                                             ***
Назарбаевта иманның кiшкене ғана жұрнағы қалса, қазақтың зиялы жастарының ашық хатындағы талап-тiлектерiн орындайды. Ал егер, ананы, мынаны сылтауратып, көп сөз қылып, шала-жансар бiрдеңелердi ұсынып алдаусыратып, бұлғақтаса, онда бүкiл қазақ елiнiң халқы одан бiржолата, мәңгiлiкке түңiле берсе болады. Бұл менiң ойымша, ең соңғы мүмкiндiк.
                                                            ***
Ұйықтап жатқаннан гөрi, дәл осылай ашық хаттарды бұрқырата беру керек. «Жарайсыңдар!» дегеннен басқа не келедi қолымыздан.
                                                          ***
Хатты толығымен қолдаймын! Осы бiр айтайын дегенiм, құрметтi қауымдастар, қазақтар, бiздiң президенттiң жыл сайынғы жолдауларында, тiптi халықпен сұхбаттасқан кездерде, президенттен «халқым», «ұлтым», «отаным» деген сөздердi естiдiңдер ме? Шынында да, ойландыратын нәрсе. Оқырмандар, осы сұраққа ойланып көрiңдершi , одан шығар қорытындысын да түйiндей берiңдер!
Дайындаған Инга Иманбай
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Назым Алдабергенова | 18 ақпан 2010 16:41
Сәлем Инга!!! Жарайсың!! Алға!!
Оян Қазақ | 18 ақпан 2010 18:33
Назарбаевта иманның кiшкене ғана жұрнағы қалса, қазақтың зиялы жастарының ашық хатындағы талап-тiлектерiн орындайды. Ал егер, ананы, мынаны сылтауратып, көп сөз қылып, шала-жансар бiрдеңелердi ұсынып алдаусыратып, бұлғақтаса, онда бүкiл қазақ елiнiң халқы одан бiржолата, мәңгiлiкке түңiле берсе болады. Бұл менiң ойымша, ең соңғы мүмкiндiк.
Студент | 19 ақпан 2010 10:52
Айдос көкені елбасылыққа тартыңдар жастар. Бізге жас, білімді һәм білікті және өте батыл президент керек.
С.А. | 22 ақпан 2010 17:02
Нағыз қазақ қана төлқұжатта қазақ деп жазылуы тиіс.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар