1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Қырғыз халқы Бәкиевтiң «отбасылық өкiметiн» билiктен тайдырды. Ендi Орталық Азияның қай елiнде осындай төңкерiстер қаупi зор?
Өзбекстан (23%)
Қазақстан (67.7%)
Тәжiкстан (4.1%)
Түркiменстан (1.8%)
Әзiрбайжан (3.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
10 наурыз 2010
Рахат Әлиевтi елге әкелмек ...Заречныйдағы түрмеге

Қашқын күйеубала Рахат Әлиев-Шораз Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевпен Венада кездескенiн мойындады ақыры. Австриялық «Пресс» басылымына берген сұхбатында ол былай дептi: «СIМ басшысымен кездесуiмiздi жария етпеу туралы келiсiм болған арамызда. Бiздiң әңгiмемiз бұдан әрiде қандай позиция ұстанатынымыз турасында өрбiдi. Соңғы екi жарым жылда маған түрлi кiнә артты, тiптi сыртымнан соттады. Осының бәрi — менiң көп бiлетiндiгiмнен. Қазақстандық жоғарғы шендi шенеунiктер туралы және Назарбаев туралы тым көп бiлгенiм үшiн соттады. Саудабаевпен кездескенде ол маған мынаны айтты: егер мен Қа­зақстанның саяси жүйесiн және президент Назарбаевтың өзiн сынауды доғармасам, олар маған ойдан шығарылған нәрселердi жамай бермек». 

Әзiрге Қ.Саудабаев үнсiз. Әрине, қожа­йынының рұқсатынсыз бұл туралы тiс жармайды. «Рахат Әлиевпен кездеске­нiңiз рас па?», – деген сұраққа жауап бермей, тайқып кеткенi де сондықтан. «Оны Рахат Әлиевтiң өзiнен сұраңдар», – деген ол. Саудабаевтың «айтпа» дегенiн Әлиев айтып қойды. Осылайша, Саудабаевтың артын ашып бердi. Ендi қайтер екен ол? Баяғы Божко сияқты «это бред сивой кобылы» деп құтыла ма?
Рахат Әлиевтiң бiршама уақыттан берi нелiктен үнсiз қалғаны ен­дi белгiлi болды. Өткенде ол: «Мен ең алдымен Әлиев тақырыбындағы алыпқашпа әңгiмелердiң дәл осы кезде – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етiп жатқан тұста елiмнiң бе­де­лiне қосымша көлеңке түсiргенiн қаламаймын», – деп жақауратты. Ақордамен арада келiсiм болғанын көзiқарақты оқырман түсiнген сонда. Оның арадағы сауданы шет­пұшпақтап айтуының өзi – сауда.
Р.Әлиевтiң сабындай бұзылуының себебiн газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде («Хамелеон», 23 ақпан, №15) iздеп көргенбiз. Жүрген жерiне шөп шықпайтын «өкiл күйеубала» Австрияға да ұнамай қалған сыңайлы. Себеп жеткiлiктi. Бұрынырақта Гүлшат Әлиеваның (Рахаттың әпкесi — ред.) Бейруттағы үйiнде Рахат Әлиевтiң ашынасы А.Новикова жұмбақ жағдайда қаза тапты. Оның мәйiтiн Әлиевтiң сыбайластары Қазақстанға дипломатиялық жүк ретiнде тiркеп әкеп, Оңтүстiк Қазақстан облысына көмiп тастаған. Осы iстi Ливан полициясы қай­та қозғап, құжаттарды Австрия прокуратурасына өткiзген. Бұл аз болғандай, Р.Әлиев жездесi Исаама Хорани екеуi халықаралық терроршылармен байланысамыз деп жүрiп, бiрнеше мәрте көзге түскен. Адам өлтiрген қылмыскер­дi, терроршылардың сыбайласын, қала бердi мемлекетке опасыздық жасаған адамды Австрия қайтпек? Мұндай «бас ауруды» өздерi тiлеп алып қайтедi? «Аш пәледен қаш пәле, өздерiң тергеп-тексе­рiп алыңдар» демей ме? Мұндай жағдайда өрке­ниеттi елдердiң кез келгенi сөйтер едi.
Рахат Әлиев өзiне тықыр таянғанын сезiп жүрген болуы керек, қайын атасы жiберген делдалмен кездесiп, «елдiң абыройы» туралы айта бастады. Рахат Әлиев пен Қанат Саудабаевтың кез­дес­кенi анық. Сонда бұлар не туралы сөйлесуi мүмкiн? Р.Әли­ев­тiң әл­гiнде айтқаны бергi жағы ғана. Бар көзiрiн ашып тастайтындай Әлиев шылғи ақымақ емес.
Сенiмдi ақпарат көздерiнен естуiмiз­ше, жуық арада Австрия билiгi Рахат Әлиевтi Қазақстан­ға бередi. Бергенде де, «етi – сенiкi, сүйегi – менiкi» деп емес, басыбүтiн бередi. Рахат Әлиев­тiң австриялық басылымға берген сұхбатында: «Әңгiмемiз бұдан әрiде қандай позиция ұс­танатынымыз турасында өрбiдi», – деп ашық айтты. «Позиция» деп отырғаны – «бұдан әрiде сендер қалай әрекет етсеңдер, мен солай әрекет ете­­мiн» деге­нi. Әрине, Әлиевтi бұрынғы қа­йын атасы әуежайдан күтiп ала қоймас (олай болуы да мүмкiн екенiн жоққа шығармаймыз), бiрақ оған қайын атасы Алматының iргесiндегi Заречный ауы­лында орналас­қан ЛА-155/8 түрмесiнен орын дайындатып қойыпты деген әңгiме бар.
Рахат Әлиев елге келсе, жай кел­мейдi. Тағы бiр жойқын соғыс­ты бастай келедi. Ол ҰҚК-нi басқарып тұрған кезiнде жиып-терген «компроматтарын» қолтықтап келмейтiнi белгiлi. Оны сенiмдi бiр адамға қалдырып кетедi. Ол кiм болуы мүмкiн? Әпке-жездесi ме? Өздерiнiң артына қоңырау iлiнген оларға сенiм жоқ. Ендi кiм? Әрине, Мұхтар Әблязов. Бiр кездерi ит пен мысықтай болған бұл екеудi ортақ жау жақындастырған. Құбылмалы заманда ондай-ондай болып тұрады. Бүгiн – жаусың, ертең – доссың, ал арғы күнi... Бұл екеуiнiкi – «менiң жа­уымның жауы – менiң досым» деген принцип. Басқа түк емес. Мұндай әрекет екеуiне де пайдалы.
Компроматтар сенiмдi қолда болған соң Рахат та батыл әрекет етпей ме. Дегенiн iстетедi, айтқанын орындатады. Жалпақ жұртқа көз етiп, «мiне, қылмыс­кердi ұстадық» деп оны Заречный түрмесiндегi арнайы жабдықталған камераға қамаған соң одан әрi не болып жатқанын бiле алмайсыз. Өтембаев пен Ибра­ги­мовтiң тағдыры секiлдi. Канар аралдарында күнге қыздырынып жүр ме, әлде сүйегi камера бұ­ры­шында шiрiп жатыр ма, ол жағы белгiсiз.
Рас, Әлиевтiң жайы Өтембаевтан өзгешелеу. Бiрiншiден, Әлиевтiң қолында өте көп мәлiмет бар. Өзi айтпақшы, «жоғары шендi шенеунiктерге қатысты да, президентке қатысты да». Екiншi­ден, оған Дариға Назарбаева араша түсуi мүмкiн. Бұрынғы күйеуiнiң өмiрiн сақтап қа­лудың ретiн амалдап табады ғой, әйтеуiр. Үшiншiден, Әлиевтiң қолында «қарсыласын» қопарып тастауға жеткi­лiктi компромат-бомба бар. Қайын атасымен қасқайып тұрып саудаласуға жетедi.
Егер Рахат Әлиевтi Заречный түрме­сiне әкеп қамаса, онда «ғасыр қылмыстарының» ашылуы тағы бiршама уақытқа кешеуiлдейдi. Тарихтың тегер­шiгiне тас кептеледi. Қай заманда, қай елде болса да, аса ауыр қылмыстардың ашылуына бiр ерекше жағдай себеп болған. Бiздiң жағдайымызда «ерекше себеп» — Рахат Әлиев. Егер күйеубала мен қайын ата қайта татуласса, процесс кешеуiлдемей қайтедi? Бәлкiм бiр жылға, бәлкiм бiрнеше жылға...
Заречный түрмесiнде қызмет еткен бiр танысым бұл түрмеде «құрметтi қонақтарға» арналған арнайы камера бар екенiн айтқан бiр кездерi. Олар «люкс-камерада» жатады, не iшемiн, не жеймiн демейдi. Түрме ғимаратында иығына жiбек шапан жамылып жүредi. Iшi пысқанда қыдырады. Қалаған уақытында камерасына қайта келедi. Тек көзге түсiп қалмаса болғаны.
Рахат Әлиевтi әкелсе, Заречныйда осындай «құрметтi қонақтардың» қатары тағы бiреуге көбеюi мүмкiн. Бұдан кiм ұтады, кiм ұтылады? Кiм ұтатыны бел­гiлi. Ұтатындар — ат төбелiндей ғана топ. Ал ұтылатын — халық! Әдiлет iздеген Қазақ халқы!
Е.Биеке.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (16)
аноним | 10 наурыз 2010 10:15
Мемлекеттік хатшының Мемлекеттік қылмыскермен кездескені рас болса онда бұл мәселені Мемлекеттік прокурор тексеруі керек!
Раушан | 10 наурыз 2010 11:00
Рахаттың қазір берілгені дұрыс емес. Ол биліктегілердің сыбайлас жемқорлықтарының барлығын әшкере етпейінше түрмеге қамалмауы керек. Мұхтар Әблязов құсап дәлелді құжаттарды неге жібермейді?
ШОҒЫ | 10 наурыз 2010 11:40
Адамгершіліктен жұрдай болған,ел-жұртын тірілей тонаған, мойындарына жазықсыз жандардың қанын жүктеген бұл арсыздарға("нәнге", және де оның қыз-күйеу балдары мен айналасындағыларға) қандай да бір уәж айтудың да қисыны келмейді, оған айтар сөздің де обалы бар деп білеміз!?..
Қазақ | 10 наурыз 2010 12:38
Қашан өтірік жазуды қоясыңдар!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Караван | 10 наурыз 2010 16:23
Жас Алашты отырып алып болжағыш болып кетіпті-міс.
оқырман | 10 наурыз 2010 16:37
Бұрын Жас Алашты сүйіп оқушы едік. ал қазір тіпті қарағымда келмейді. өсекші әйелдер секілді. ешқандай дерек пен дәлел жоқ. әйтеуір сықпыртпа сөз. неге ұялмайсыздар. Ғани ағамыздан қалған асыл мұраны неге осыншама құнсыздандырдыныздар.
оқырман | 10 наурыз 2010 16:46
менің пікірім қайда неге шығармайсыңдар аааааааааа
Dauren | 10 наурыз 2010 17:39
Ozbekter men Tajikterge uksap orystyn jerine baryp jarty jyl boyi kara jumys istep jurgen joksyn dar opasyzdar,
shukirshilik etinder uiatsyzdar
oqyrman | 10 наурыз 2010 18:54
Бұрын Жас Алашты сүйіп оқушы едік. ал қазір тіпті қарағымда келмейді. өсекші әйелдер секілді. ешқандай дерек пен дәлел жоқ. әйтеуір сықпыртпа сөз. неге ұялмайсыздар. Ғани ағамыздан қалған асыл мұраны неге осыншама құнсыздандырдыныздар.


tolygymen sizdermen kelisemin. osek ayannan baska eshtene zhazbaityn bolyp tur goi bul Zhas alashymyz. aty dardai zhazatyny sol bayagy las saiyasat. zhazsyn zharaidy biraq qur zhalan sozdi tarata bergenshe derek daiekterdi de kosa berse bir sari
ШОҒЫ | 10 наурыз 2010 20:52
Бұл жерде ЖАС АЛАШты өсекші деп жазғыру дұрыс емес, ол да бір ақпарат көзіне сүйеніп жазып отыр деп есептейміз. Үйде отырып алып біреуді сыртынан өсекші дей салу біреулерге оңай шығар, себебі ол пақырдың ештеңесі кетіп жатқан жоқ қой, ал өзің жасалаштың орнында болып Қытай асып, Қырым асып жаныңды шүберекке түйіп жүріп шырқырап ШЫНДЫҚ іздесең білер едің не деп оттап отырғаныңды?! ЖАС АЛАШтың жазығы "көр болған" көзіңді ашқаны ма?
Жайсан | 10 наурыз 2010 21:27
Жоқ өмір сүру өте қиын. Лениннің кезіндегідей заман болса. Шіркін - ай. Бай-кедей болып бөлінбеу керек. Ауылдың нашар жерлерін аралап кел Н.Ә.Н. Күн кешіре алмай жатқан халық қанша?
rahat | 11 наурыз 2010 02:12
esh kandai dalel jok bul sozdernge kim senedi.joramaldaring bahsing joramalna uhsaidi eken
Абдрахман | 11 наурыз 2010 14:19
Бир макала ушин Жас Алашыма куйе жакпандар. Жас Алаш казагымнын жалгыз гана акикаты. Алиев тонирегндеги маселе басы таудай аягы кылдай болатынын сезип турмын. Биздин елде солай...
Ашубай | 11 наурыз 2010 14:49
Рахат Әлиев "құдай" ма? Көзін құрту керек. Қазақстанға келсе ол еркелігін қайта бастайды, елдің түбіне жетті ғой. Он мың үшін сотталып жатқандар қаншама, ол ше... бір елдің байлығын бір өзі ұстап отырған жоқ па?
Аллажар | 11 наурыз 2010 16:16
Қайткенмен де келгені дұрыс қой. Ары қарай бұқаралау Ақпарат құралдарына аманат, Жас Алаш сияқты...
Оқырман | 18 маусым 2010 17:53
Бәрін білесіңдер, бірақ ешқандай нәтиже жоқ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар