1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Не үшін?
Қаланы қоқысқа толтырғаны үшін
Анекдот болсын деп...
Метро салғаны үшін
...Құдай болсам дейді
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Жас Алаш №24 (15482) 26 наурыз, жұма 2010
26 наурыз 2010
Тәуелсiздiкке қауiп төндiредi

Демократиялық, оппозициялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдары, зиялы қауым өкiлдерi «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы атынан Қазақстанның Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен Кедендiк одақ құру туралы жасаған бiржақты шешiмiне наразылық бiлдiрiп, мәлiмдеме жасады. Қазақстанның бұл ұйымға кiруi мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiне қауiп төндiре­тiнiн ашық айтты. Кедендiк одақ жайында келiсiмдер­дiң күшiн жою­ды үзiлдi-кесiлдi талап еттi. Талап орындалмаған жағдайда азаматтық наразылық акцияларын ұйымдастырып, билiк басындағыларды қызметтен кетiру және президент пен парламент сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзу туралы мәселе көтеретiнiн жария еттi. Мәлiмдемеге республикаға танымал адамдар қол қойған.     

 
ҚР президентi Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА,
ҚР Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң төрағалары Қ.К.ТОҚАЕВҚА, О.МҰХАМЕДЖАНОВҚА,
ҚР премьер-министрi К.Қ.МӘСIМОВКЕ
МӘЛIМДЕМЕ
Бiз, демократиялық, оппозициялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдары, сондай-ақ зиялы қауым өкiлдерi «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы атынан Қазақстанның Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен Кедендiк одақ құру туралы жасаған бiржақты шешiмiне (халықтың пiкiрi есепке алынбаған) наразылық бiлдiремiз, Қазақстанның бұл ұйымға кiруi бiздiң мемлекетi­мiздiң тәуел­сiздiгiне қауiп төндiретiнiн мәлiмдеймiз.
Халықтың тәуелсiздiгi мен егемендiгi – бiздiң ата-бабаларымыз қанын төккен мәңгiлiк құндылықтар. Сондықтан оны бiз әлдекiмнiң саяси ойынындағы ұтылысы үшiн тәрк етуiне қарсымыз. Ел басшылығы Қазақстанның мемлекеттiк мүдделерiн қорғауда табандылық танытуға мiндеттi.
Ресей мен Беларусь одақтық мемле­ке­тiнiң мемлекеттiк хатшысы Павел Бородин өздерiнiң Кеңес Одағының нобайын қалпына келтiрудi жоспарлайтындарын ашықтан-ашық мәлiмдедi. Бiрақ, бiз, Қазақстан азаматтары, тарих доң­ғалағының керi айналуына жол бер­меймiз! Бiз отарлық тәуелдiлiкке қайта оралуды қаламаймыз!
Кәрiм Мәсiмов «келесi мәселе... – үш елдiң аумағында Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру... БЭК шеңберiнде темiржол тасымалдарының, газ, электр және басқа негiзгi тауарлар мен қызметтердiң тарифтерi бiрiзге салынады. Ел үкiметi реттеу жөнiндегi қызмет өкiлеттiгiн одақ басшылығына бередi. БЭК-ке бiртiндеп кiремiз, бұл мәселе бойынша iс-қимылымыз тұрақты. Бiртұтас экономикалық кеңiстiктен кейiнгi келесi қадам бiртұтас валюталық аумақ құру болмақ», – деп сендiредi.
Ресеймен кiрiгуге қатысты 2009-10 жылдарда қол қойылған бүкiл құжаттарды жариялауды талап етумен қатар бiз Кедендiк одақ аясында қарастырылған шарттардың Қазақстанның ұлттық экономикалық және стратегиялық мүдде­лерiне жауап бермейтiнiн сенiмдi түрде мәлiмдей аламыз.
Шынтуайтына келгенде, Қазақстан билiгi халықтың келiсiмiнсiз ресейлiк кеден аумағына енiп отыр. Кедендiк одақ тарифының 92 пайызы Ресейдiң кедендiк кодексi тiзiмiнде белгiленген. Барлық ке­дендiк алымның 90 пайызға жуығы ресейлiк бюджетке түседi, ал Қазақстан шамамен 7 пайызына жуығын ғана иеленедi. Са­рап­шылардың есебi бойынша, соның салдарынан бiздiң мемлекет­тiк бюджетi­мiз жылына 500 миллион доллар жоғалтатын болады.
Мұның сыртында қазақстандық кеден салықтарын өзгерту өкiлеттiгi жоғар­ғы орган – Кедендiк одақ Комиссиясына берiледi, онда Ресейге тиесiлi да­уыс 57 пайыз, ал Қазақстан мен Белоруссияға 21,5 пайыздан ғана келедi. Бiр сөзбен айтқанда, ендi бiздiң шекараларымыздағы салық мөлшерiн тек Мәскеу шешетiн болады. Кедендiк одаққа енудiң нәтиже­сiнде Қазақстан халық тұтынатын 5 мыңнан аса тауар атауына кеден­дiк салықты екi еседен астамға өсiрдi. Бұл жайт барлық Қазақстан азаматтарының қалтасын қақты. Мұны өз азаматтарымыздың есебiнен ресейлiк өндiрушi­лердiң мүдде­сiн қорғау демеске амалымыз жоқ. Не үшiн Қазақстандықтар Ресей тауар өндiрушi­лерiн жарылқап, өздерiн шығынға батыруы керек?
Қазақстанның Беларуссиядан айырмашылығы – 90-жылдарда зауыттар мен фабрикаларды және ауылшаруашылығы өндiрiсiн күйретiп тынғаннан кейiн, экономиканы қалпына келтiрген жоқ. Беларуссияда бiрде-бiр қайта өңдейтiн өндiрiс орындары жойылған жоқ, керiсiнше, олар жаңаша жарақтандырылды. Ал бiзде iс жүзiнде дайын өнiм өндiрушiлер жоқ, қазақстандық экспорттың 90 пайызын шикiзат құрайды! 20 жылдың iшiнде Қазақстанда экспортқа бағытталған, бәсекеге лайықты өндiрiс құрылған емес. Орасан көп қаржы шығындағанымен, бiрде-бiр бағдарлама соңына дейiн жүзеге аспады. Шағын және орта бизнес өл­местiң күнiн көруде. Сондықтан бүгiн бiз жоғары салықпен ешкiмдi қорғай алмаймыз!
Болашақ валюталық одақ, Бiртұтас экономикалық кеңiстiк жағдайында Қазақстан iс жүзiнде ұлттық валюта мен дербес монетарлық саясатынан бас тарт­пақ, қазақстандық темiржол та­рифте­рiн, газ бен электр тарифтерiн бекiту өкiлеттiгiн одақ басшылығының құзырына бере салмақ. Экономикалық тәуел­сiз­дiктен осылайша бiртiндеп айырылу саяси тәуелсiздiктi де Мәскеудiң қанжығасына байлап бередi.
Бiз көршiлермен өзара тиiмдi ынтымақтастықты, әрiптестiктi, одақтық қа­рым-қатынасты қолдаймыз. Әлемде экономикалық ынтымақтастықтың ең көп таралған түрi – еркiн сауда аймағы екенiн атап өту керек, олар – NAFTA, ASEAN, MERCATUR және өзге де ұйым­­дар. Еуропалық Одақтың (ЕО) 27 елi Кедендiк одақ ұйымына 50 жылда кiрдi. ЕО елдерiнiң экономикалық және демографиялық әлеуеттерi шамамен бiр-бiрiмен қарайлас. Сонымен бiрге ЕО-ның бiрде-бiр мүшесiнiң өзге мемлекеттердiң бәрiне мiндеттi жеке-дара шешiм қабылдауына құқығы жоқ.
Тату көршiлiк ынтымақтастықтың әлемдiк тәжiрибесiне сүйене отырып, Қазақстан қазiрдiң өзiнде Ресеймен кедендiк көрсеткiшi нөл пайызға тең еркiн сауда аймағын қалыптастырған. Қазақстан Тәуелсiз мемлекеттер достас­тығының, Еуразиялық экономикалық қауымдастығының, ұжымдық қауiпсiз­дiк жөнiндегi келiсiм ұйымының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, салалық құрылымдардың (темiржол, электроэнергетика және т.б. салаларда) қыз­ме­тi­не қатысады. Ресеймен, Беларус­сиямен және басқа елдермен өзара тиiмдi ынтымақтастықты iске асыруға бұл ұйымдардың әлеуетi толық жетедi.
Ал Кедендiк одақты, Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi, Валюталық одақты құру жайлы құжаттарға қол қоя отырып, Қазақстан iс жүзiнде теңқұқылы ынтымақтастықтан ресейлiк юрисдикцияға көшедi. Ақырында бiз елiмiздiң экономикалық және саяси тәуелсiздiгiн жоғалтамыз! Бiз ешқашан мұнымен келiспеймiз! 
Сонымен қатар мына жайды да ескерген жөн. Бастауын американдық ұлттан алатын, көп ұлттан бiр ұлт жасауға негiзделген «ел бiрлiгi» доктринасын билiктiң Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өткiзiп жiберуге тырысуы кезiн­дегi ұлт зиялыларының iс-әрекетi және Қытайға 1 млн. гектар жердiң жалға берi­луi мүмкiн екендiгi туралы ақпараттың Қазақстан жұртшылығын қаншалықты алаңдатқаны өздерiңiзге мәлiм. Алайда қазiргi кезде Ресей Қазақстанның 11 млн. гектар жерiн әскери мақсатта жал­ға алып отыр. Бұл да бiздiң экологиялық ахуалымызға және халық денсаулығына елеулi зардабын тигiзуде! Мұның бәрi ел тәуелсiз­дiгiн нығайту мүддесi тұрғысынан саралауды қажет етедi!
Аталған мәселе жан-жақты ғылыми сараптамадан өткiзiлiп, жаппай талқылаудың нәтижесiнде ғана қабылдануға тиiстi едi.
Жоғарыда келтiрiлген мәселелерге орай бiз Кедендiк Одақ жайлы келiсiм­дердiң күшiн жойып, Қазақстан Республикасының бұрынғы Кедендiк кодексiн қалпына келтiрудi үзiлдi-кесiлдi талап етемiз!
Сайып келгенде, бәсекеге қабiлеттi өз экономикамызды, бiлiктi әрi жауапты, халық сенiмiне ие билiгi бар ұлттық құқықтық мемлекет құрумен шұғылданатын кез жеттi деп бiлемiз.
Жоғарыда айтылған талаптар орындалмаса бiз азаматтық наразылық акция­ларын ұйымдастырамыз, билiк басындағыларды қызметтен кетiру және президент пен парламент сайлауын мезгi­лiнен бұрын өткiзу туралы мәселе көтеремiз.
 
«ТӘУЕЛСIЗДIКТI ҚОРҒАУ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ АТЫНАН ҚОЛ ҚОЙҒАНДАР:
М.ШАХАНОВ, ұйымдастыру комитетінің төрағасы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының және тіркелмеген «Халық рухы» партиясының төрағасы; Ж.ТҰЯҚБАЙ, Б.ӘБІЛОВ, «Азат» ЖСДП тең төрағалары; Ә.ҚОСАНОВ, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы; Ғ.АЛДАМЖАРОВ, Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитеті атынан; В.КОЗЛОВ, «Алға!» (ДВК) ХП-ның үйлестіру комитетінің төрағасы; Д.КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Э.ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы; А.САРЫМ, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі; Д.НҰР-АХМЕТ, «Ұлт патриоттары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Д.БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидері; А.ОСМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени-орталығының төрайымы; Б.ТӨРЕҒОЖИНА, «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қозғалысының төрайымы; Н.ОШАНБЕКОВ, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары; Б.ИМАНҚОЖА, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Б.СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Ж.ШЫМШЫҚОВ, Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ұйымдастыру комитетінің төрағасы; С.НҰРБЕКОВА, «Шаңырақ» қозғалысының ОҚО бөлімшесінің төрайымы; Х.ҒАБЖАЛИЛОВ, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті; М.ТАЙЖАН, Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті; Д.ТҰРЛЫБЕК, Халықаралық Түркі әлемі телестудиясының бас директоры, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты; Ж.МАМАЙ, «Рух пен Тіл» клубының жетекшісі; М.БӨТТЕВ, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы; З.БАТТАЛОВА, «Баспананы халыққа қалдырайық» қозғалысының төрайымы; Б.ЕРҒАЛИЕВА, Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы; Б.ҚОЙШЫБАЕВ, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті; К.ҚАПТАҒАЙ, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; І.БАЙЖАНОВ, Шымкент қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ұйымдастыру комитетінің төрағасы; Ә.СҰЛТАНБЕКОВ, Шымкент облыстық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ақсақалдар кеңесінің төрағасы; С.ТАСЖАН, ОҚО «Ақиқат-1» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары; Ш.ӘБДІКӘРІМОВ, Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы; Ы.ДӘБЕЙ, «Алаң» әдеби бірлестігінің төрағасы; К.Тәлімұлы, Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; Е.РАҚЫШЕВ, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Ж.Кенебай, «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі; Б.ТОБАЯҚОВ, Астана қалалық «Мемлекеттік тіл» республикалық қоғамдық қозғалысының атынан; Ж.ӨТЕГЕН, «Азат» ЖСДП-ның Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы; Е.ПЕРНЕЕВ, Қазақстан Коммунистік партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы обкомының 1-ші хатшысы; А.КҮМІСБЕК, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы; Н.ӘМІРОВА, Қазақстан Коммунистік партиясы Шымкент қалалық комитетінің хатшысы; Ж.АШУҰЛЫ, Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы; Т.ІРГЕБАЕВ, «Қабанбай батыр» атындағы қордың төрағасы; Ұ.ШАМШЕТ, «Еркін интернет үшін» қозғалысының атынан; Р.Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Г.ЕРҒАЛИЕВА, «Свобода слова» газетінің бас редакторы; Д.ИСАБЕКОВ, «Мәдениет» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Е.Бапи, «Тасжарған» газетінің бас оқырманы; М.ҚҰЛКЕНОВ, «Таңшолпан» журналының бас редакторы; Р.ТАУКИНА, «Общественная позиция» газетінің бас редакторы; С.Мұхтарбек, «Қазақстан» газетінің бас редакторы; Е.Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; Ұ.Есдәулет, «Жұлдыз» журналының бас редакторы; Ж.Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы; Ж.Әшімжан, «Қаламгер-Media» орталығының директоры; М.Тоқашбаев, «Президент және халық» газетінің бас редакторы; Қ.Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің бас редакторы; Н.ДӘРІМБЕТ, «Азат» газетінің бас редакторы; Ш.Паттеев, «Түркістан» газетінің бас редакторы; Ә.СЫҒАЙ, «Дарабоз» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Д.Қуат, «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі; И.ОМАР, «Замана» газетінің бас редакторы; Ш.ПІрмат, «Діл» газетінің бас редакторы; Ж.ОПЫШЕВ, «Халық үні» газетінің бас директоры; Ө.АҚЖІГІТ, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы; Қ.ҚҰРМАНӘЛІ, Ш.Қалдаяқов атындағы ән фестивалі дирекциясының директоры, «Шәмші» журналының бас редакторы; Қ.ҒАБДОЛЛА, «Жұмадағы жүздесу» газетінің бас редакторы; Т.ҚАНАЕВ, «Болашақ» газетінің бас редакторы.
Әбдіжәміл Нұрпейісов, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; Мұзафар Әлімбаев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; Асанәлі Әшімов, КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары; Қабдеш Жұмаділов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; Софы Сматаев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Тұрсынбек Кәкішев, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор; Жанұзақ Әкім, саясаттанушы, «Табынбай» ЖШС-нің директоры, биология ғылымдарының кандидаты; Болат Атабаев, «Ақсарай» мюзикл жастар театрының жетекшісі; Смағұл Елубай, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Ғаббас Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; Орақ Әлиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор; Владимир Акимов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор; Қасымхан Жұманазаров, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; Асқар Сырғабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты; Муса Бесбаев, профессор, ғылым докторы; Қазыбек Иса, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Құдияр Біләл, жазушы,ҚР Мәдениет қайраткері; Совет-Хан Ғаббасов, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі; Назарбек Қанафия, филология ғылымдарының кандидаты; Мекемтас Мырзахметов, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Алтынбек Қоразбаев, әнші-сазгер, «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақконцерт» КБ филиалының директоры, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Темірхан Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Серік Тұрғынбекұлы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты; Рафаэль Ниязбек, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Жарқынбек Сейтімбет, Демократияны дамыту институты ОҚО орталығының директоры; Бекемкүл Батырбекқызы, ақын, журналист; Тоқтар Бейісқұлов, жазушы, ғалым; Марат Уатқан, журналист; Ағыбай Мұқатайұлы, ғалым-журналист; Мақсұт Қалыбай, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген зейнеткер; Әзімбай Ғали, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; Аманғазы Кәріпжан, ақын; Аманхан Әлім, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Сапабек Әсіп, жазушы, «Жер және қазақ тағдыры жазушылар комиссиясының төрағасы; Мырзан Кенжебай, ақын, ҚР мәдениет қайраткері; Әбубәкір Қайран, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты; Құл-Керім Елемес, ақын; Қажытай Ілиясұлы, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Әлібек Қаламбаев, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы; Көлбай Адырбек, журналист, Президент сыйлығының лауреаты; Серікжан Қажи, ақын; Жарас Сәрсек, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Тоқтарәлі Таңжарық, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты; Ықылас Ожай, ақын; Мақсат Рамазанұлы, жазушы; Ерлан Жүніс, ақын, Президент кубогінің иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері; Өміржан Әбдіхалық, журналист; Жамалбек Ақылбайұлы, сықақшы, журналист, ақын, Мақтарал ауданының құрметті азаматы; Жарылқасын Дәулет, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері; Болат Шарахымбай, ақын, Бүкілтүркі дүниесі ақындары фестивалінің лауреаты; Бекқал Әбіш, жазушы, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты; Нұртай Лахан, айтыскер-ақын; Нұрмат Рымханұлы, айтыскер-ақын; Ринат Заитов, айтыскер-ақын; Жандарбек Бұлғақов, айтыскер-ақын; Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер-ақын; Айбек Қалиев, айтыскер-ақын; Еркебұлан Қайназаров, айтыскер-ақын; Саадат Нұрманов, айтыскер-ақын; Ержеңіс Әбдиев, айтыскер-ақын; Сара Тоқтамысова, айтыскер-ақын; Айтақын Бұлғақов, айтыскер-ақын; Сахан Әкелей, әншi, Халықаралық әншілер конкурсының лауреаты, Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы; Сабыржан Шүкірұлы, журналист, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері; Сейдеханова Жаңыл, профессор, техникалық ғылымдарының кандидаты; Тілеуберді Бінашев, мүсінші, ҚР Мәдениет қайраткері; Асқар Мамырбаев, ҚР құрметті архитекторы; Дәурен Мұқанов, аудармашы, әдебиеттанушы; Рахым Айыпұлы, «Жебеу» РҚБ орталық атқару кеңесінің директоры; Алмас Көшербаев, публицист; Ералхан Әбіш, «Мұрагер» продюсерлік орталығының директоры; Айдос Омаров, әнші, «До-Мажор» тобының мүшесі; Ермек Мұқанғалиев, өміртанушы; Ғ.Тәшімбай, Қазақстанның құрметті журналисі; Тәжібай Жанаев, жазушы; Дәлелхан Шотамантегі, әлеуметтанушы, тағы басқалар...
Мәлімдемені қуаттап 60-тан астам партиялар, қоғамдық ұйымдар мен
баспасөз басшылары және 100-ден астам әдебиет, өнер, ғылым және басқа салалардың қайраткерлері барлығы 175 адам қол қойды.
Қол қою бүкіл қазақстандық көлемде жалғаса беретін болады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар