1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (16254) 29 тамыз, сейсенбі 2017
29 тамыз 2017
Сағынтаев Досаевты сағынып отыр ма?

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, «100 нақты қадам» жоспарының тең жартысы, яғни «50 қадамы» осы күнге дейін орындалған. Ұлтты ұшпаққа шығаруы тиіс бұл жоспардың қалған жартысы діттеген жеріне жету үшін үкіметке атышулы экс-министр Ерболат Досаев қайтадан оралуы мүмкін. Ойымызды тарқатып айтпас бұрын, Ақордада өткен ұлттық комиссия отырысына қысқаша тоқтала кетейік. Негізі, бұл жиынның бұрынғыларынан өзгеше ештеңесі болған жоқ. Әр салаға жауапты басшылар мен министрлердің баяндамасынан кейін президент әдеттегідей сын, ескертпе айтып отырды. Ал үкімет мүшелері бірінші мәрте көргендей Н.Назарбаевтан көз алмауға тырысты. Ұзақ қадала қарауға батылы жетпегендер ойлы кейіпке еніп, арасында бас изеп, алдарындағы ақ қағаздан ашуын алғандай оны аяусыз шимайлап жатты. Жиында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров қызметтік сатымен өсу төрт есеге артқанын және командалық ауысу амалы азайғанын мәлімдепті. «Жұмыстың жүйелі орындалуы кадрға байланысты» деген президент сөзін одан әрі былай сабақтайды: «Қызметтің жоғары сатысына бару үшін төменнен көтерілу керек дедік. Әділетті түрде адам қызметке келуі керек. Ол адам білімді, білікті болуы керек. Мүмкіндік болса, біздің оқу жүйелерінен өткен заңды білу керек, бағдарламамызды білу керек. Халыққа не керек екенін білу керек. Елменен сөйлесе алатын, түсіндіре алатын адам болу керек. Сонда бүкіл мемлекеттік аппарат солай түзелетін болса, жалпы халыққа қызмет көрсету жөнделеді». Жалпы, билік пен мемлекеттік қызмет білікті маманға зәру екендігі осы жиында айқын көрініп тұрды. Мәселен, жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми елдегі сот жүйесі әжептеуір алға жылжыды десе, Н.Назарбаев президент әкімшілігі елден келген арыз-шағымдардың астында қалғанын айтады. Тіпті адвокаттар мен құқық қорғау қызметкерлерінің біліктілігіне төмен деген баға берді. Білімді маман мен басшының жоқтығынан экономика да сорлап тұрғандай. «Индустрия, инвестиция мен инфрақұрылымдық бағдарламаларды бірнеше ведомство жұмылып, бірге жұмыс істеуі керек» деген президент өнім өңдеу саласында кем дегенде 10 трансұлттық компания құру керек деген тапсырмасы орындалмағанын, былтыр бар-жоғы «Тенарис», «Эфко» және «Кока-кола» сияқты үш компания ашылғанын, оның өзінде соңғысы «өткен ғасырдан бері бізде отырғанын» атап айтты. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және де басқа министрлердің есебін тыңдап, оларға тапсырма берген мемлекет басшысы жиынды төмендегі сөзімен аяқтапты («Хабар» телеарнасынан сөзбе-сөз): «Осы жылдардың ішінде қанша министрлермен бірге істедім, қанша әкіммен істедім. Оның ішінде атсалысып, маған өте үлкен көмек жасаған азаматтар болды. Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев – бірінші күннен бастап сыртқы саясатты жасауға көмектесіп келе жатқан азамат. Ахметжан Есімов – ауыл шаруашылығының жүйелі түрде заң қабылдап, бүгінгі ауыл шаруашылығының негізін қалаған азамат. Сағадат Нұрмағамбетов – әскери күштерді, бірінші қарулы күштерді жасаған азаматтардың бірі. Айта берсем көп. Көп еңбек сіңірген әкімдер бар. Оның бірі – Жақсыбеков. Астананың бірінші әкімі. Айтатын болсақ, Даниал Ахметов, Тасмағамбетов, Сапарбаев деген әкімдер. Істеп кеткен, демалысқа кеткен министрлер, әкімдер – барлығы жанымда жүріп, осы жұмысқа атсалысты. Менің ойымша, олар ең жақсы жұмыс істегендер. То есть и министры, и акимы, среди них были лучшие, которые помогали, поддерживали все эти годы создавать то, что мы имеем сегодня. И сейчас вам поручено это. Через какое-то время я бы хотел сказать и о вас то же самое. «Поставил, вытащили, сделали» деп Ерболат Досаевты қатты мақтайын деп отырғаным жоқ. Жалко, может быть, его надо вернуть в правительство. Он конкретную работу делал со знанием дела. Поэтому жұмыс істеу керек. Барлықтарыңа мен сенемін».
Енді осы жерде президент жанашырлық танытқан Ерболат Досаев елдің есінде несімен қалып еді дегенге жауап іздеуге мәжбүрміз.
2004-2006 жылдары денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Ерболат Досаев Шымкентте 220 балаға ВИЧ инфекциясы жұғуына байланысты қызметтен кеткен еді. Бірақ араға алты жыл салып, ол 2012 жылы үкіметке қайта оралып, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі боп тағайындалды. Кейіннен жаңа құрылған ұлттық экономика министрлігін басқарды. Осы кезеңдерді қарасақ, Е.Досаев үш «еңбегімен» ерекше көзге түсіпті. Біріншісі – Е.Досаев сол кездері мемлекетке сырттан қарыз алу белсенділігімен баспасөз бетінде қалыпты. Екіншісі – шетелден оралған қандастарымызға азаматтық алуды қиындататын заң жобасын парламентте қабылдатып, атажұртына жете алмай жүрген алыстағы ағайын мен ел ішіндегі азаматтарды ұлардай шулатты. Үшіншісі – былтырғы жер дауы. Атыраулық белсенді Талғат Аян, Макс Боқаевтар белсеніп шығып, халық атқа мінбегенде Е.Досаевтың бастамасымен осы күнге дейін 1 миллион 700 мың гектар ауылшаруашылық жері шетелдіктерге сатылып кетер еді. Атырау, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Орал қалаларында жер сатуға қарсы ірілі-ұсақты наразылықтар өтіп, халық қарсылығы күшейген соң президент Н.Назарбаев даулы баптарға бесжылдық мораторий жариялап, жер реформасы бойынша комиссия құрып, «халықпен жұмыс істей алмаған» ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаевты да қызметтен босатқан еді. Сөйткен Е.Досаев енді үкіметке қайта оралуы мүмкін. Президент бір сөзінде «жұмыстың жүйелі орындалуы кадрға байланысты» дейді. Бір сөзінде мемқызметкер «халыққа не керек екенін білу керек, елменен сөйлесе алатын, түсіндіре алатын адам болу керек» дейді. Екі сөзі де дұрыс, әрине. Бірақ екі мәрте елді шулатып үкіметтен кеткен, енді оған қайта оралуы мүмкін Е.Досаев осы үдеден шыға ала ма? Жалпы, Досаев қайта келмесе, үкіметтің ісі оңалмай ма? Әлде Ақорданың «қалтасында» министрлікті сеніп тапсыратын басқа маман қалмаған ба?

Жасұлан АҚКЕР

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Ауыл қазағы | 29 тамыз 2017 19:04
Сағынтаев сағынған екен сарғайып. Досаев келді дорбасын арқалап.
Төре | 30 тамыз 2017 19:28
Н. Хрущев Кеңес халқы 1980 жылдары коммунизмде өмір сүредініде естігенбіз.... Айта берсін...
Ареке | 31 тамыз 2017 13:34
казом президента председатель нацкомпании «Казатомпром» Аскар Жумагалиев и глава нацхолдинга «Байтерек» Ерболат Досаев назначены заместителями премьер-министра Казахстана, сообщает Акорда.

Тағы да бірдеңені бүлдіретін шығар
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар