Француздың ең атақты футболшыларының бiрi Зинедин Зидан шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарына былай деп сұхбат берiптi:
Қазақстандық теннисшiлер Андрей Голубев пен Юрий Щукин Астанада өткен Дэвис кубогының бiрiншi айналымынан сәттi өттi.
Қазақстанның кәсiпқой боксшылары мен ережесiз жекпе-жектiң шеберлерi бұл күндерi АҚШ-тың Техас штатында оқу-жаттығу жиындарын өткiзiп жатыр.
Ертең бокстан Куба құрама командасының жастары Талдықорғанда оқу-жаттығу жиындарын өткiзуге келедi.
Өткен аптада Алматыда биатлоннан Ванкувер олимпидасының күмiс жүлдегерi Елена Хрусталева бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткiздi. Журналистердiң басын қосқан жиынға елiмiздегi биатлон қауымдастығының президентi Владимир Смирнов та қатысты. Бұған дейiн Ресей мен Беларусь елiнде өнер көрсетiп келген Елена Хрусталеваның Қазақстан азаматтығын алғанына да бiраз жылдың жүзi болды. 2007 жылы Қытайдың Чангчун қаласында өткен Азия ойындарында
Қазақстанның грек-рим күресiнiң палуандары Венгрияның Сомбателли қаласында Гран-при жарысынан оралды. Мұратбек Қасымханов баптайтын елiмiздiң палуандарына бұл додада тек жалғыз күмiс медаль ғана бұйырды.
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетiп жатқан командалар бүгiн плей-офф бәсекелерiн бастайды. Өткен аптаның жексенбiсiнде Мәскеудiң “Динамосымен” мұз айдынына шыққан Астананың “Барысы” қарсыластарын 5:2 есебiмен ойсырата жеңдi
Қазақстан құрамасының футболшылары өткен аптада Түркияда биылғы жылдың алғашқы жолдастық кездесуiн өткiздi. Молдова құрамасымен жасыл алаңға шыққан Бернд Шторктiң шәкiрттерi қарсыластарынан 0:1 есебiмен жеңiлiс тапты. Немiс маманы Бернд Шторк Қазақстан құрамасын басқарғанына бiр жылдан асты. 2009 жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан құрама командасымен ресми түрде келiсiмшартқа отырған Бернд Шторк содан берi ел футболшыларын алты рет ресми ойынға бастап шықса, екi мәрте жолдастық кездесуде жетекшiлiк еттi.
Ендi екi турдан кейiн құрлықтық хоккей лигасының iрiктеу ойындары аяқталып, командалар плей-офф бәсекелерiн бастайды. Қысқы Олимпиада
Астанада теннистен Қазақстан бiрiншiлiгi аяқталды. Елiмiздiң барлық өңiрлерiнен жиналған теннисшiлердiң арасынан Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова топ жарды
Наурыздың 9-14 аралығында Чехияның астанасы Прагада бокстан ерлер және әйелдер арасында 2010 жылдың Гран-при жарысы өтедi.
Мадридтiң “Реал” футбол клубы әлемдегi ең бай клубтардың көшiн бастап тұр. Мұндай ақпаратты “Deloitte” аудиторлық компаниясы жариялады. Халықаралық аудиторлық компаниясы әлемдегi футбол клубтарының әмиянын ақтарып жүргенiне он үш жыл болды. Компания басшылары бай клубтардың жылдық кiрiсiн есептей келе Мадридтiң “Реалын” биыл алтыншы жыл қатарынан көш басына қойып отыр
Наурыздың 6-7-сi күндерi Венгрияның Сомбателли қаласында да грек-рим күресiнен Гран при жарысы өтедi. Әлемнiң ең таңдаулы деген палуандары бас қосатын дүбiрлi жарысқа Қазақстанның грек-рим күресiнiң шеберлерi де өз өнерлерiн ортаға салады.Ұлттық құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов бұл жарысқа елiмiздiң маңдайалды палуандарын апарғалы отыр. Ұлттық құраманың тiзгiнiн ұстағанына көп уақыт өте қоймаған бас бапкер жарыс жайлы өз ойын былай жеткiздi:
Қызылордада әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан бiрiншiлiгi өз мәресiне жеттi. Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен жиналған бұрымды боксшыларымыз Сыр елiнде бес күн бойы шаршы алаңның шаңын қақты. Лондон олимпидасының бағдарламасына кiрген әйелдер боксы бiздiң елде қарыштап дамып келе жатқанын айтуға тиiспiз. Ұлттық құраманың бас бапкерi Вадим Присяжнюктiң айтуынша, бұл жарыста жеңген бойжеткендерiмiз биылғы жылдың мамыр айында Астанада өтетiн Азия бiрiншiлiгiнде бақ сынайды
Өткен аптаның бейсенбiсiнде футболдан Еуропа лигасының 1/8 финалына шыққан командалар белгiлi болды. УЕФА кубогының соңғы жеңiмпазы атанған украиналық “Шахтердiң” Еуропа лигасындағы алғашқы қадамы сәтсiз болды. Топтық ойындарда ұпай шашпаған “Шахтер” футболшылары Англияның “Фулхэм” футболшыларымен болған ойында жеңiлiс тауып, жарыстан шығып қалды. Сырт алаңда 1:2 есебiмен ұтылған “кеншiлер” қарымта кездесуде 1:1 есебiмен тең ойнады.


