Ендi екi турдан кейiн құрлықтық хоккей лигасының iрiктеу ойындары аяқталып, командалар плей-офф бәсекелерiн бастайды. Қысқы Олимпиада
Астанада теннистен Қазақстан бiрiншiлiгi аяқталды. Елiмiздiң барлық өңiрлерiнен жиналған теннисшiлердiң арасынан Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова топ жарды
Наурыздың 9-14 аралығында Чехияның астанасы Прагада бокстан ерлер және әйелдер арасында 2010 жылдың Гран-при жарысы өтедi.
Мадридтiң “Реал” футбол клубы әлемдегi ең бай клубтардың көшiн бастап тұр. Мұндай ақпаратты “Deloitte” аудиторлық компаниясы жариялады. Халықаралық аудиторлық компаниясы әлемдегi футбол клубтарының әмиянын ақтарып жүргенiне он үш жыл болды. Компания басшылары бай клубтардың жылдық кiрiсiн есептей келе Мадридтiң “Реалын” биыл алтыншы жыл қатарынан көш басына қойып отыр
Наурыздың 6-7-сi күндерi Венгрияның Сомбателли қаласында да грек-рим күресiнен Гран при жарысы өтедi. Әлемнiң ең таңдаулы деген палуандары бас қосатын дүбiрлi жарысқа Қазақстанның грек-рим күресiнiң шеберлерi де өз өнерлерiн ортаға салады.Ұлттық құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов бұл жарысқа елiмiздiң маңдайалды палуандарын апарғалы отыр. Ұлттық құраманың тiзгiнiн ұстағанына көп уақыт өте қоймаған бас бапкер жарыс жайлы өз ойын былай жеткiздi:
Қызылордада әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан бiрiншiлiгi өз мәресiне жеттi. Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен жиналған бұрымды боксшыларымыз Сыр елiнде бес күн бойы шаршы алаңның шаңын қақты. Лондон олимпидасының бағдарламасына кiрген әйелдер боксы бiздiң елде қарыштап дамып келе жатқанын айтуға тиiспiз. Ұлттық құраманың бас бапкерi Вадим Присяжнюктiң айтуынша, бұл жарыста жеңген бойжеткендерiмiз биылғы жылдың мамыр айында Астанада өтетiн Азия бiрiншiлiгiнде бақ сынайды
Өткен аптаның бейсенбiсiнде футболдан Еуропа лигасының 1/8 финалына шыққан командалар белгiлi болды. УЕФА кубогының соңғы жеңiмпазы атанған украиналық “Шахтердiң” Еуропа лигасындағы алғашқы қадамы сәтсiз болды. Топтық ойындарда ұпай шашпаған “Шахтер” футболшылары Англияның “Фулхэм” футболшыларымен болған ойында жеңiлiс тауып, жарыстан шығып қалды. Сырт алаңда 1:2 есебiмен ұтылған “кеншiлер” қарымта кездесуде 1:1 есебiмен тең ойнады.
Оралдың “Ақжайық” клубы мен Қарағандының “Шахтерi” Ресейдiң екiншi лигасында ойнайтын “Тюмень” клубымен жолдастық кездесу өткiзiп, жеңiлiп қалды
Өткен аптада Прага (Чехия) мен Варшава (Польша) қалаларында дзюдодан кезектi әлем кубогы мәресiне жеттi. Бұл сында бақ сынаған елiмiздiң дзюдошы қыз-жiгiттерi Қазақстан құрамасының қоржынына бiр күмiс, бiр қола медаль салды.
Имам Жәдiгер атындағы халықаралық турнир мәресiне жеттi. Бұл додада ел намысын қорғаған елiмiздiң грек-рим күресiнiң палуандары 1 күмiс, 2 қола медальға ие болды. Иранның Кум қаласында өткен халықаралық жарыста әлемнiң алты елiнiң палуандары бақ сынады. Қазақстан құрамасының палуандарынан басқа кiлем қожайындары Иран, Армения, Түркия, Ирак және Әзiрбайжан елiнiң палуандары өз бақтарын сынады. Кум қаласына барлығы 131 палуан келiптi.
Канаданың Ванкувер қаласында XXI қысқы Олимпиада ойындары мәресiне жеттi. Екi апта бойы төрткүл дүниенi баурап алған айтулы дода тарих қойнауына жол тартты. Әлемнiң сексеннен астам елiнiң спортшылары бақ сынған жарыста Қазақстан спортшыларына бұйырғаны – жалғыз медаль. Олимпиада ойындарының соңғы күнiне дейiн қазақ елiнiң жанкүйерлерi Елена Хрусталеваның ерлiгiн қайталайтын спортшыны iздегенi рас.
Қостанайдың “Тобыл” футбол клубы оқу-жаттығу жиындарын Италияда өткiзiп жатыр.
Қазақстан құрамасының футболшылары 3 наурыз күнi Түркияда Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткiзедi. Осыған байланысты ұлттық құраманың бас бапкерi Бернд Шторк оқу-жаттығу жиындарына 21 футболшыны шақырды.
Алматыда бильярдтың құрастырмалы пирамида түрiнен өткен әлем бiрiншiлiгiнде жерлесiмiз Ернар Шымбаев жеңiске жеттi.
Ақпанның 17-23 аралығында Германияда бокстан жастар арасында “Браденбург” кубогы сарапқа салынды. Бұл сында өнер көрсеткен елiмiздiң жас боксшылары 3 алтын, 1 күмiс, 1 қола медальға ие болды.


