1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
9 ақпан 2010
“Қайрат” екi ойында да жеңiлiп қалды

 

 
Қысқа қайырғанда
·          Қарағандының “Шахтерi” 28 жастағы беларусь футболшысы Алексей Сучковпен келiсiмшартқа отырды.
·          Қазақстан құрамасының ойыншысы Сергей Хижниченко Астананың “Локомотив” сапынан сынақтан өтуге келдi.
·          “Дүниежүзiлiк футболдың статистикасы мен тарихы” қауымдастығы әлемнiң ең үздiк 350 командасының тiзiмiн жариялады. Өкiнiшке қарай, өткен айда 350-орында тұрған “Ақтөбе” футболшылары бұл жолы үздiктер қатарынан шығып қалыпты.
·          Биылғы маусымда Павлодардың “Ертiс” командасында Әзiрбайжан құрамасының шабуылшысы Даниэль Ахтямов өнер көрсетуi мүмкiн. Әзiрбайжан­дық шабуылшы дәл қазiр керекулiк клубпен бiрге жаттығып жүр.
·          Алматының “Қайрат” футбол клубы Түркияда екi бiрдей жолдастық кездесу өткiзiп, екеуiнде де жеңiлiп қалды. Сергей Волгин баптайтын команда алдымен жергiлiктi “Хатайспор” командасынан 0:2 есебiмен жеңiлсе, одан кейiн Свердловскiнiң “Уралынан” 1:3 есебiмен ұтылды.
·          Астананың “Локомотивi” Түркияда Нальчиктiң “Спартагымен” жолдастық кездесу өт­кiзiп, 2:2 есебiмен тең түстi.
·          Румынияның “Снагор” клубымен жолдастық кездесу өткiзген Қарағандының “Шахтерi” қарсыластарын 3:1 есебiмен ұтты. “Кеншiлердiң” сапынан бiр допты Сергей Шафф соқса, екiншi голды Андрей Финонченко салды. Беларусь легионерi Алексей Сучков та бiр доп соғып көзге түстi.
·          Футболдан Қазақстан құрамасының әлемдiк рейтингтегi орны өткен аймен салыстырғанда екi сатыға жоғары көтерiлдi. Қаңтар айында 125-орында тұрған Қазақстан құрамасы ақпан айының қорытындысы бойынша 123-орынға көтерiлiптi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар