1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
9 ақпан 2010
Жайлауов Жапонияға бара алмайды

Ендi екi күннен кейiн Қазақстан құрамасының хоккейшiлерi Жапонияның Нагано қаласында өтетiн халықаралық турнирге қатысады. Андрей Шаянов баптайтын ұлттық құрамамыз Словения, Дания және Жапония елдерiмен күш сынасады. Күншығыс елiнде дәстүрлi түрде өтiп тұратын жарысқа Қазақстан құрамасының бас бапкерi Андрей Шаянов алыс-жақын шет елдерде ойнап жүрген ойыншылардың барлығын дерлiк шақырыпты. Бас бап­кердiң мұндай қадамға баруын мамыр айының басында Германияда өтетiн әлем бiрiн­шiлiгiмен байланыстыруға болады. Дүниежүзiлiк доданың алдында командаға барлық үздiктердiң басын қосып, баптарын байқау бас бапкердiң басты мақсатының бiрi. Жапон жерiнде болатын турнирде Қазақстан құрамасының қарсыластары да осал емес. Мәселен, Дания құрамасы әлемдiк рейтингте Қазақстан құрамасына қарағанда бес саты жоғары тұр. Соңғы рет Қазақстан құрама командасы Дания хоккейшiлерiмен 2006 жылы Латвияда өткен әлем бiрiншi­лiгiнде кездесiп, 2:3 есебiмен ұтылып қалған-ды. Наганодағы турнирге қатысатын Словения хоккейшiлерi де осал емес. Алайда қазақстандықтар словениялықтарға қарағанда хоккейдi тәуiр меңгерген. Ал Жапония ше? Жапондар әрине, өз айдынында өтетiн жарыста барын салатыны анық. Соңғы екi бiрдей қысқы Азия ойындарында отандастарымыздың алдын орап, алтын алқа таққан жапондар Қазақстан құрамасының басты қарсыласы екенi сөзсiз. Ұлттық құраманың бас бапкерi Андрей Шаянов командаға негiзiнен “Барыс” хоккей клубының ойыншыларын шақырды. Сондай-ақ, Ресейден Дмитрий Уппер, Виталий Еремеев, Андрей Трощинский және Денис Шемелин сынды Өскемен хоккей мектебiнiң түлек­терi де ұлттық құраманың жей­десiн кидi. Өкiнiшке қарай, Астананың “Барысында” жасындай жарқылдап өнер көрсетiп жүрген Талғат Жайлауов жарақатына байланыс­ты Жапониядағы турнирге бара алмайтын болды.

Қазақстан құрамасының хок­кейшiлерi алғашқы ойынын 11 ақпан күнi Дания құрамасына қарсы өткiзедi. Одан кейiнгi ойын Жапониямен 12 ақпанға белгiленген. Словениямен өтетiн соңғы ойын 13 ақпанда.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар