1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Алға» партиясы «Менiң көшбасшым емес!» шарасын өткiзiп, «Нұр Отанның» аймақтағы өкiлдiктерi алдында пикет жасамақ. Бұдан не өзгередi?
«Нұр Отан» «Ұлттың ғана емес әлемнiң әкесi!» деген қарсы шара өткiзедi (7.9%)
Назарбаев «елбасы» мәртебесiнен бас тартады (2.6%)
Ендi ештеңе өзгермейдi (75.4%)
Көшбасшысын халық өзi таңдай бастайды (14%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15475) 2 наурыз, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
2 наурыз 2010
Қысқа қайырғанда

 

         Оралдың “Ақжайық” клубы мен Қарағандының “Шахтерi” Ресейдiң екiншi лигасында ойнайтын “Тюмень” клубымен жолдастық кездесу өткiзiп, жеңiлiп қалды. Оралдықтар қарсыластарынан 0:3 есебiмен ұтылса, қарағандылықтар 1:4 есебiмен қапы қалды.
         Ашхабадта футболдан “Түрiкменбашы” кубогын сарапқа салған Көкшетаудың “Оқжетпесi” үшiншi орын үшiн болған ойында Түркияның клубтар құрамасынан 0:3 есебiмен ұтылып, жүлдесiз қалды. Өз тобында озып шыққан “Оқжетпес” футболшылары жартылай финалда Түрiкменстанның “Алтыр асыр” командасынан 0:1 есебiмен жеңiлiп қалды.
         Алматының “Қайрат” Түркияда Грозныйдың “Терегiмен” жолдастық кездесу өткiзiп, 0:1 есебiмен ұтылып қалды.
         Беларусь маманы Павел Родненок баптайтын елiмiздiң жастар құрамасы оқу-жаттығу жиындарын Шымкентте өткiзiп жатыр.
         Талдықорғанның “Жетiсу” футбол клубы Қарағандының “Шахтерiнде” өнер көрсеткен Иван Перичпен келiсiмшартқа отырды.
         Италияда “Романың” қосалқы құрамымен жолдастық кездесу өткiзген Қостанайдың “ Тобылы” қарсыластарын 4:0 есебiмен ойсырата жеңдi. “Тобыл” сапынан Нұрбол Жұмасқалиев пен Ұлықбек Бақаев екi-екi доптан соқты.
         Астананың “Локомотив” клубының бас бапкерi Хольгер Фах өз еркiмен командадан кетуi мүмкiн.
         Шымкенттiң “Ордабасы” клубы украиналық қорғаушы Артем Касьяновпен келiсiмшарт жасасты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар