1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 қыркүйек 2017
Бөлешев «жүзбасы» болды

Қазақстан премьер-лигасының 27-турында қазақ футболындағы елеулі оқиға болды. «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Әлібек Бөлешев Қазақстан премьер-лигасындағы өзінің 100-інші голын соқты. Қарағандыда өткен кездесуде «Шахтер» көкшетаулықтарды 2:1 есебімен жеңген еді. Бөлешев 86-минутта пенальтиді дәл соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Бөлешев – 1992 жылдан бері бұл көрсеткішке жеткен небары сегізінші футболшы:
1. Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл», «Астана») – 166 гол
2. Мұрат Тілешев («Тараз», «Жеңіс», «Шахтер», «Ордабасы», Ертіс», «Ақтөбе», «Жетісу») – 148
3. Олег Литвиненко («Тараз», «Динамо», «Елім-ай», «Қайрат», «Жеңіс», «Ақтөбе») – 148
4. Нұркен Мазбаев («Тараз», «Қайсар», «Ордабасы», «Жеңіс», «Қайрат», «Тобыл») – 142
5. Андрей Мирошниченко («Ақтөбе», «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат») – 115
6. Ұлықбек Бақаев («Тобыл», «Жетісу», Ертіс») – 111
7. Андрей Финонченко («Шахтер») – 103
8. Әлібек Бөлешев («Жетісу», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Атырау», «Тараз», «Оқжетпес») – 100
Тізімнен байқағандарыңыздай, 26 жыл ішінде Қазақстан чемпионаттарында сегіз футболшы ғана 100 және одан көп гол соғыпты. Оның біреуі – легионер (Ұ.Бақаев). Ұлттық құраманың мерген футболшыға зәру екенін осы тізім-ақ айғақтайды. Қазіргі футболшылар ішінде Бөлешевтің көрсеткішіне, яғни премьер-лигадағы 100 голға жақындап қалған ойыншы жоқтың қасы. Үш жарым жылда 74 гол соққан Жерар Гоу («Қайрат») бар, бірақ ол да Қазақстаннан несібесін іздеуші ғана. Д.Тәжімбетов, Т.Нөсербаев, С.Хижниченко сияқты шабуылшылар әлі 70-тің межесін де бағындырған жоқ. Демек, Әлібектен кейін бұл тізімді толықтыратын мергенді әлі ұзақ күтуіміз мүмкін.
Бөлешев премьер-лигадағы 100 голын жеті команда сапында соқты:
1. «Жетісу» – 2 гол (14 матч)
2. «Қайрат» – 77 (195)
3. «Ақтөбе» – 1 (16)
4. «Атырау» – 1 (9)
5. «Ордабасы» – 2 (10)
6. «Тараз» – 1 (11)
7. «Сұңқар» – 0 (14)
8. «Оқжетпес» – 16 (61)
100 голды ол 19 жыл ішінде 330 матчта соқты. Қазақстан кубогында Әлібек – 17, еурокубоктарда 1 голдың авторы атанды. Қазақстанның мергендер көшінде ол 9-орында келеді.
Соңғы жылдары Бөлешевтің қолы жүрмей жүр. Ол «Оқжетпес» пен «Ордабасыға» жиі ауысқанымен, бұрынғыдай мергендігімен көзге көп түсе алар емес. Өткен жылы көкшетаулық команданың құрамында ол 6 гол авторы атанып, ұлттық құрама бапкерлерінің назарын аударып еді. Алайда биылғы маусымды «Ордабасыда» бастап, қосалқы құрамда ғана жарты маусым өткерді. Екінші кезеңде «Оқжетпеске» ауысқанымен, қазір бұл команда премьер-лигада қалу үшін ғана жанталасып жатыр.
Ә.Бөлешев өзінің футболдағы жұлдызды ғұмырын «Қайрат» сапында өткерді деуге болады. Ол 2004 жылы «Қайратты» чемпиондыққа сүйреген серкелердің бірі болды. 2002-2004 жылдар аралығында Бөлешев үш жыл қатарынан үздік мергендердің бестігіне енді. Бірақ 2009 жылы «Атырауға» ауысқан соң ол бұрынғы мергендігінен көз жазып қалғандай болды. Тіпті І лигадағы «Сұңқар» мен «Оқжетпес» сапында да доп теуіп, үш жыл ішінде 57 гол соқты.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар