1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 қыркүйек 2017
Луценко үздік ондыққа енді

Норвегияның Берген қаласында веложарыстан әлем чемпионаты өтті. Топтық турнирде Қазақстан намысын «Астана» шабандоздары Жандос Бижігітов, Алексей Луценко және Дмитрий Груздев қорғады.
Бұл жолы шайтанарбашылар Ронге және Берген қалаларының арасындағы 276,5 шақырымды жүріп өтті. Мәре сызығын бірінші болып словак спортшысы Петер Саган қиып өтті. Ол осымен үшінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Күміс жүлде норвег Александер Кристоффқа, қола жүлде австралиялық Майкл Мэттьюсқа бұйырды.
А.Луценко мықты шабандоздарды көзден таса етпей қарауылдап, мәре сызығына қатар келді. Ресми хаттамаға Алексейдің нәтижесі тоғызыншы болып тіркелді.
– Көрсеткен нәтижеме көңілім толды. Көрсеткіш те, біздің құраманың осы жарысты қалай өткізгені де құрметке лайық деп ойлаймын. Жандос Бижігітов пен Дмитрий Груздев үнемі қасымда болды, қашықтықтың өн бойында қатты көмектесті. Соңғы бес айналымда жарыс қыза түсті. Бірнеше құрама өте белсенді болып, шабуылдарды бірінен кейін бірін жасады. Мен соңғы айналымға дейін күтіп, мәреге төрт шақырым қалғанда шабуыл бастадым. Біздің топ алға ұзауға тырысып еді, бірақ басқалар ұзатпады. Мәреге таяғанда мейлінше жоғары орындарға ие болуға тырыстым. Тоғызыншы нәтиже өте жақсы деп санаймын. Биылғы маусым өз басыма өте ұзақ және мазмұнды болды. Екі Грунд-турға және көптеген басқа жарыстарға да қатыстым, – дейді А.Луценко.
Отандасымыздың 9-нәтижесі – Қазақстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы үшінші үздік көрсеткіші. Бұған дейін 2010 жылғы әлем чемпионатында – А.Базаев, 2013 жылы М.Иглинский топтық сында екі рет 8-орын иеленген еді.

НОРВЕГИЯ. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
Топтық жарыс
Ронге – Берген. 267,5 шақырым
1. Петер Саган (Словакия) – 6:28:11
2. Александер Кристофф (Норвегия)
3. Майкл Мэттьюс (Австралия)
9. Алексей Луценко (Қазақстан) – жеңімпазбен уақыты бірдей.
81. Жандос Бижігітов (Қазақстан) – +3:13
129. Дмитрий Груздев (Қазақстан) – +11:53.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар