1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16264 3 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 қазан 2017
Жаза мерзімі – бір жыл

Қазақстан ұлттық құрамасы ауыр атлетикадан әлем чемпионатынан ресми түрде шеттетілді
Бұл спорт түрінен әлем чемпионаты АҚШ-тың Анахайм қаласында 28 қараша – 5 желтоқсан аралығында өтеді. Бір жылға Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Түркия және Молдавия федерациялары шеттетілді. 2008 және 2012 жылғы олимпиадалардағы нәтижені допинг тексерісінен қайта өткізу нәтижесінде бұл елдердің үш немесе одан көп спортшысының қан құрамынан тыйым салынған заттар табылған. Осылайша осы елдердің ауыр атлеттері бір жылға IWF аясындағы барлық халықаралық жарыстан шеттетіліп отыр. Естеріңізде болса, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасы бойынша чемпион Илья Ильиннің, жүлдегерлер Ирина Некрасова мен Мария Грабоветскаяның нәтижелері жоққа шығарылған-ды. Бұл сында 6-орын алған Владимир Седов та айып мерзіміне жығылды. 2012 жылғы Лондон олимпиадасының төрт чемпионы да (Ильин, Подобедова, Манеза және Чиншанло) осындай жазаға ұшырады.
Осыған орай, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы ұлттық құраманың 2017 жылы өтетін әлем чемпионатынан шеттетілгеніне байланысты ресми пікір білдірді. «30 қыркүйек пен 1 қазан күндері Румынияның астанасы Бухарест қаласындағы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Бұл жиында IWF басты мәселелері қарастырылды. Оның ішінде халықаралық додалардағы спортшылардың салмақ дәрежелері мен олимпиялық ойындарға іріктеудің қалай өтетіні және басқа да сауалдар көтерілді. Бұл жиын кезінде БАҚ өкілдері мен Халықаралық олимпиада комитетінің назарын федерацияның допингке қарсы шаралары мен саясаты аударды. Өйткені бұрнағы күні 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондон олимпиадасындағы допинг дауының шығып кетуіне байланысты ХОК қатаң бақылауына алынған болатын. Айта кетейік, 2016 жылдың маусым айында Тбилисидегі IWF-тің атқарушы комитетінің отырысынан кейін 2008 және 2012 жылдардағы олимпиадаларда үш немесе одан да көп рет допинг дауына іліккен елдердің бір жылғы барлық халықаралық бәсекелерден шеттетілгені белгілі болған. Бұл тізімге қазіргі уақытта ауыр атлетика спортында алдыңғы қатарда келе жатқан тоғыз ел іліккен еді. Олардың ішінде Қазақстан ұлттық құрамасы да бар. Бухаресте өткен жиында атқару комитеті «Тбилисиде тіркелген» шешімді тағы да нақтылап, бұл шешімді арнайы комиссияның бақылауымен орындауды талап етудің жолдарын қарастырды. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы бұл сұрақ қарастырылған барлық жиында мұндай жазаға тартылуға лайықты емес екенін айтып келді. Сондықтан Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшылары да толықтай ауысты. Қазақстанда допингке қарсы жұмыс қатаң назарға алынды. Оның нәтижесі бойынша 2016 және 2017 жылдары бірде-бір қазақстандық ауыр атлеттің қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған жоқ. Бұл мәліметтердің барлығы да IWF атқару комитетіне берілген. Бухаресте өткен атқару комитетінің жиынына біздің елден маусым айынан бастап IWF вице-президенті болып таңдалған Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков қатысты. IWF таратқан ресми мәлімет бойынша, отырыста шешілген барлық сұрақтар мен мәселелер шеттетілген тоғыз елдің федерацияларына қазан айының ортасында жіберіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілдері жазаның Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларына әсер етпеуі туралы мәселеге байланысты жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан өкілдері Халықаралық және Азияның ауыр атлетика федерациясы құрамында жұмыс істеу туралы мәселені де шешіп жатыр. Бұл жиыннан кейін негізгі жаза Қазақстан ұлттық құрамасына 12 айға тағылады деп күтілуде. Жаза арнайы комиссияның шешімі бойынша өзгертілуі де ықтимал. Комиссия тоғыз елдің допингке қарсы жұмыстарына сараптама жасап отырады. Егер бұл оң нәтиже берсе, жаза да жеңілдетіледі», – делінген Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайты таратқан түсініктемеде.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
набиев конысбай | 5 қазан 2017 12:48
енді келесі жарысты күтейік
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар