1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15718) 3 шілде, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 шілде 2012
Журналистер жарысқа түстi

Қазақстан журналистер одағы мен “Алтын Қыран” халықаралық қайырымдылық қоры журналистер мерекесiне орай шағын футбол, бильярд, боулингтен турнир өткiздi.

Шағын футболдан “Қазақ радиосы” мен “Алматы” телеарнасының қызметкерлерiнен жасақталған команда 1-орын иелендi. 2-орын республикалық “Жас Қазақ” газетiнiң ұжымына бұйырды. Жүлделi 3-орынды “Тенгриньюс” сайты мен “Вести.кз” ақпараттық порталының ұжымынан құралған команда еншiледi.
Боулингтен 1-орын “31 телеарна” қызметкерлерiне, 2-орын “Аргументы и факты” газетiнiң журналистерiне бұйырса, әрiптестерiмiз, “Жас Алаш” газетiнiң қызметкерлерi 3-орынды иелендi.
Бильярдтан өткен сайыста “Қаламгер Медиа” орталығының директоры, ақын Жанарбек Әшiмжан финалда “Еуразия” телеарнасының шеф-редакторы Тұрмағанбет Кенжебаевты ұтты. 3-орын “Вечерний Алматы” газетi­нiң қызметкерi Асыл Әбеновке бұйырды.
Жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге турнирдi ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар тарту еттi.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар