1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 мамыр 2017
Ташкентте сапымыз түзу

Бұл күндері Өзбекстан астанасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бапкерлер құрамы бұл жолы Қазақстан құрамасын толық дерлік жаңартып апарды. Отандастарымыз әзірше өте жақсы нәтижемен қуантып келе жатыр.
1/16 финал
64 келі. Бекдәулет Ибрагимов – Хир Акязлан (Малайзия) – 5:0
1/8 финал
49 келі. Ержан Жомарт – Лин Хюн Та (Тайпей) – 5:0
52 келі. Азамат Исақұлов – Танес Оңжут (Таиланд) – 4:1
56 келі. Қайрат Ералиев – Марио Баутиста (Филиппин) – 5:0

27 сәуір 2017
Альберт Линдер – Азия чемпионы

Талдықорғандық зілтемірші Альберт Линдер Азия чемпионы атанды. Ашгабатта (Түрікменстан) өтіп жатқан құрлық додасында ол 69 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені бірден алтыннан салды.
Жұлқи көтеру бағдарламасында Альберт 148 келіні еңсеріп, кіші күміс жүлдеге қол жеткізген-ді. Негізгі қарсыласы Фең Лю Доң (Қытай) 155 келімен отандасымыздан 7 ұпай

25 сәуір 2017
Қош, Микеле, жайсаң жан!

22 сәуір күні «Астана» велокомандасының шабандозы Микеле Скарпони өмірден өтті. Мамыр айында басталатын кезекті «Джиро д’Италия» көпкүндігінде ол «Астананың» капитаны болуға тиіс еді. Жақында ғана «Альпі турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетіп, Микеле «Джироға» жақсы дайындалып жүргенін аңғартқан-ды. 21 сәуір күні ол «Альпі турын» аяқтап, Италиядағы өз үйіне, Филоттрано қалашығына оралды. Ертеңіне жаттығуға шыққан кезде бұрылыстардың бірінде автофургон қағып

25 сәуір 2017
«Астана» оқ бойы алда

Қазақстан чемпионаты
8-тур. 23 сәуір
«Ертіс» – «Қайрат» – 3:3 (Живкович, 13-пенальтиден, Дарабаев, 28, Джедже, 40 – Гоу, 5, Иличевич, 61, Исламхан, 88)
«Ордабасы» – «Тобыл» – 1:2 (Ковальчук, 45 – Жанғылышбай, 63, Деспотович, 68)
«Астана» – «Тараз» – 4:0 (Граховац, 13, Кабананга, 33, 84, Жалмұқан, 43)
«Ақжайық» – «Қайсар» – 1:0 (Валиуллин, 56)
Бұл турдағы «Ақтөбе» – «Шахтер» және «Атырау» – «Оқжетпес» кездесулері

25 сәуір 2017
Жасұлан Қыдырбаев: БАРЛЫҚ СЫНАҚТЫҢ СОҢЫ – ЖАҚСЫЛЫҚ

2014 жылы ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған Жасұлан Қыдырбаев қазір қайда жүр? Спорттан мүлде қол үзді ме? Өмірінде қандай өзгерістер бар? Олимпиадада өнер көрсету бақыты бұйырмағанына өкіне ме? Болашақ жоспарлары қандай? Осы сауалдарды әлем чемпионына қойып, тұшымды жауаптар алдық.

20 сәуір 2017
Журналистердің доп додасы

Жақында Астанадағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 қазақ орта мектебінде шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы қалалық филиалының кубогы үшін турнир өтті.
Бұл жарысқа бұқаралық ақпарат құралдарының сегіз командасы қатысты. Онда Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы Астана қалалық филиалының «Жеңіс» командасы, «Егемен Қазақстан» газеті, «Хабар» агенттігі, Қазақ радиосы, «ҚазМедиа», Sport 59, KazSport пен

18 сәуір 2017

Қазақстан премьер-лигасы
7-тур. 16 сәуір
«Шахтер» –«Тобыл» – 1:1 (Тәжімбетов, 47 – Скорых, өз қақпасына, 45+3)
«Қайсар» – «Ертіс» – 1:1 (Нтибазонкиза, 86 – Родриго, 83)
«Оқжетпес» – «Астана» – 0:3 (Мұжықов,
61, Граховац, 64-пенальтиден, Муртазаев, 79)
«Тараз» – «Ақжайық» – 0:0

18 сәуір 2017
Бір маусымда екі лигада чемпион болған қазақ қызы

Волейболдан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының 2016/17 жылдардағы маусымы тәмамдалды. Түрік маманы Жанболат Бурхан жаттықтырған Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы екінші жыл қатарынан ұлттық лиганы ұтып алды. Команда капитаны Инна Матвеева бастаған, тісқаққан Сана Анарқұлова, Әлия Садықова, Кристина Аниконова, Инна Герман, нәтижелі шабуылшы, кубалық Юнеска Роблес Батиста, бразилиялық байланыстырушы Сабрина Кариока сияқты жанкүйерлерге етене

18 сәуір 2017
Месси келсе де...

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 7-турындағы «Ақтөбе»–«Атырау» матчы уақтылы өтпей қалды. Кейінге ысырылды. Ақтөбедегі ОДЮШОР алаңы да, Атыраудағы «Судоремонтник» стадионы да комиссия тексерісінен өте алған жоқ. Қызығы сол – жыл сайын көктемде «Ақтөбе» мен «Атырау» ойындарын осы қосалқы алаңдарда өткізіп келді. Ешкім ештеңе демейтін. Биыл комиссия

13 сәуір 2017
«БАРСЕЛОНА» ЖАР ЖАҒАЛАП ЖҮР

Чемпиондар лигасы

Ширек финал.
Бірінші матч «ЮВЕНТУС» – «БАРСЕЛОНА» – 3:0 (Дибала, 7, 22, Кьеллини, 55)
«Барселона» 1/8 финалды аңызға бергісіз нәтижемен аттап өтіп еді. Алғашқы кездесуде сырт алаңда ПСЖ-дан 0:4 есебімен ойсырай жеңіліп, лиганың бас жүлдесінен үміт үзгендей болған. Алайда қарымта кездесуде каталондықтар лига тарихындағы ең үлкен «камбэк» жасады, Франция чемпионын 6:1 есебімен түре жеңіп шықты. Алайда бұл ойын туралы жұрт пікірі қақ жарылды. «Барселонаға» төреші

13 сәуір 2017
ЕУРОПАҒА ЕКІНШІ ТЕРЕЗЕ

Чехия – Қазақстан – 0:3 (Дуглас, 5, 38, Першин, 20)
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алды. «Астана Арена» кешенінде өткен іріктеу кезеңінің соңғы турында отандастарымыз Чехияны ойсырата ұтты. Топ жеңімпазына тікелей берілетін жолдама осылайша Қазақстан құрамасына

13 сәуір 2017

Биыл даңқты «Джиро д’Италия» көпкүндігі 100-ші рет өтеді. 5 мамыр күні Сардиния аралынан бастау алып, 28 мамырда Миландағы жеке жарыспен мәреге жетеді. «Астана» командасы бұл сынға Фабио Аруды капитан ретінде қосуға дайындалған-ды. Алайда жақында Испаниядағы жаттығу кезінде Ару құлап, аяғын жарақаттап алды. Артынша біраз уақыт емделу қажеттігі де анықталды. Милан қаласында

13 сәуір 2017
Арман МОМЫНОВ, ринг-анонсер: ГОЛОВКИННІҢ КЕШІН ЖҮРГІЗГІМ КЕЛЕДІ

– Арман, «Астана арландарының» бокс кешін тұрақты түрде жүргізіп келе жатырсыз. Есіңізде айрықша қалған кездесуді және ерекше көзге іліккен боксшыны айтып өтіңізші...
– Биыл «Астана арландары» жетінші маусымын өткізіп жатса, мен соның алты маусымын тұрақты түрде жүргізіп келе жатырмын. Есте қалған жарқын сәттердің бірі – 2013 жылы Астанада өткен үшінші маусымның финалдық кездесулері. «Астана арландары» «Украина атамандарынан» екі күннің

11 сәуір 2017
Галбадрах пен Ғұсман топ жарды

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран-при аяқталды. Қазақстан құрамасының қоржыны тоқ. Ең бастысы, әлемдік рейтингте балуандарымыз жақсы ұпай жинап келе жатыр.
Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) жарыс жолын жеңіспен жүріп өтті. Ол Батыр Гирбаниязовты (Түрікменстан), Баяр Амартувшинді (Моңғолия) және Яң Юңді (Тайпей) жеңіп, финалға жолдама алды. Қарсыласы Өзлу Бекир (Түркия) екеуі негізгі уақытты тең аяқтап, алтын ұпай сарапқа салынғанда

11 сәуір 2017
Алесионың көзірі – қорғаныс

Оңтүстік астанадағы «Алматы Арена» кешенінде футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі өтіп жатыр. F тобында отандастарымыз Дания, Македония және Чехия құрамаларымен құрлық додасының жолдамаларын сарапқа салуда.
Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 30 қаңтар – 10 ақпан аралығында Словения астанасы Любляна қаласында өтеді. Құрлықтың 12 үздік құрамасының тартысты

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»