Биылғы жазда ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Алматылық екiншi сынып оқушысы Әлихан Жұманов Бiлiм және ғылым министрлiгiн сауатсыз оқулық шығарғаны үшiн сотқа берген. Бiрақ, алғашында әдiлеттiлiкке қол жеткiзбей қоймаймын деген Әлиханның әкесi сотқа берген арызын қайтарып алды. Оған “өте беделдi әрi құрметтi” кiсiмен болған әңгiме әсер еткен көрiнедi. 1-2 сыныптарға арналған “Жол жүру ережелерi” оқулығындағы қателiктерден көз сүрiнетiнiн, ондай оқулықты оқуға мәжбүр болған оқушының жүйкесiне зақым келетiнiн айтқан әкелi-балалы екеу министрлiктi сотқа берiп, моральдық шығын ретiнде 100 миллион теңге талап еткен-дi.
Тамыздың 1-i мен 10-ы күндерi аралығында мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын тағайындау конкурсы өттi. Биыл конкурсқа 80600 адам құжат тапсырған. Үкiмет тағайындаған грант саны – 35 мың 425. Гранттар бiрiншi кезекте “Алтын белгi” белгiсiмен марапатталған түлектерге үлестiрiледi. Келесi кезекте республикалық, халықаралық ғылыми жарыстарда, спорт сайыстарында жеңiмпаз атанған оқушылардың құжаттары қаралады. 1138 бiлiм гранттарына жетiм, мүгедек балалар, ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкiлдерi ие болады.
Редакциямызға сонау Пәкiстаннан келiп оқып жатқан студент жiгiт келдi. Ол газеттi арнайы iздеп келiптi. Айтуынша, бұған дейiн басқа да бiраз мұсылман елдерiнде оқыған. Иранда, Әзiрбайжанда, тағы да бiраз елдерде болған. Өзi қолөнермен айналысады екен. Кашмирде бұл дәстүрлi шаруа көрiнедi. Онымен бала кезiнен айналысыпты. Қазақстандағы оқу құнын сол бұйымдарын сатып, ақша табу арқылы төлейтiн көрiнедi. . Шеберлiк өнер оның отбасына тән ерекшелiк екен. Ол сол жолды жалғастырушымен дейдi.
“Жас Алаштың” 30 наурызда “Студент” қосымшасында жарияланған “Алды-артыма қаратпай елден қуып шықты” атты мақалада қандасымыз, Моңғолия азаматы, студент Дамир Адайдың арыз-шағымы баяндалған едi. Студенттiң шағымына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк қызметi шекара қызметiнiң 2017 әскери бөлiмiнiң командирi, майор А.Заманбековтен жауап келдi. Онда былай делiнген:
Лад” славян қоғамы Республикамыздағы орыс тiлiнiң қолданысы мен дамуына көңiлдерi толмайтынын бiлдiрдi. Олар елiмiздегi тiлдердiң дамуына қатысты мемлекеттiк мекемелерге хат жазып, орыс тiлiне қысым көрсетiлмеуiн және оның дамуына көңiлдерi толмайтынын жеткiзген екен. Республикалық “Лад” славян қозғалысының төрағасы Максим Крамаренконың russkie.org сайтындағы: “О казахских “портфеленосцах” Где же Ваши “кирпичи” в фундаменте суверенной республики!?” мақаласында қазiргi кездегi Қазақстан билiгiнiң жүргiзiп отырған саясаты
Жуырда “НұрАстана” газетiнiң бетiнен бiр сауалнамаға көзiм түстi. Газет жастар арасында қазiргi таңдағы жас белсендiлердi, яғни көшбасшы жастарды анықтау үшiн арнайы сауал қойыпты. Нәтижесiнде, үздiк үштiк анықталыпты. Бұлары дұрыс та шығар. Алайда, газет атауындағы “сәулелi шуақтың” әсерi ме, кiм бiлсiн, жеке өз басым үшiн үздiк үштiктiң орналасу тәртiбi орынсыздау көрiндi. Газетте үздiктер триосы төмендегiше орналасыпты:
Редакцияға студенттер мен ата-аналардан толассыз келiп жатқан хаттардың денi Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевқа бағытталған. Ата-аналардан келген сол хаттардың бiреуiн назарларыңызға ұсынып отырмыз. “Жас Алаш” газетiнiң 27 сәуiр 2010 жылғы №33 санындағы “Түймебаев ауған студенттерiн жарылқамақ” деген мақалаларыңыз бiздiң ғана емес, бiз сияқты баласы оқу орындарының ақылы бөлiмiнде оқитын ата-аналардың жанды жерiне тидi деп есептеймiз. Ауылдық жерде халықтың күнкөрiсi өте қиын. Соған қарамай, балаларымыз оқыса, сауатты азамат болса деп армандаймыз. Ол үшiн бiрде тоқ, бiрде
Өткен аптада президент Астана төрiне бiр топ жас белсендiлердi жинап, кездесу өткiзгенi жөнiнде газеттiң өткен санында жаздық. Кездесуге билiкшiл жастар ғана шақырылып, тәуелсiз жастардың шақырылмағаны жөнiнде де айттық. Ендi бiз осы кездесу жөнiнде жиынға қатысқан жастар мен тәуелсiз жастардың пiкiрiн берудi жөн көрiп отырмыз. – Президент пен жастардың кездесуiн көрдiм. «Хабар» телеарнасынан. Жұмсақтап айтқанда, жағамды ұстадым! Неге десеңiз, жастар жағымпаздану мен мемлекет басшысын орынсыз әрi негiзсiз мадақтаудан, мақтаудан
Бала – елдiң болашағы. Ел ертеңiн көре бiлетiн нағыз ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп шығару – бүгiнгi қоғам алдындағы ең басты мiндет. Қашан да бала тәрбиесi қоғамнан тыс қалған емес. Ал бүгiн қандай? Отбасы қамы деп жұмысы басынан асып жүрген ата-ана тәрбиенi мектепке мiндеттесе, мектеп ата-анаға сiлтейдi. Шындығына келер болсақ, тәрбие iсiнде алдына жан салмай, өз iсiн барынша “тиянақты” атқарып жүрген – теледидар мен компьютер екенi даусыз
31-арнаның ресейлiктердiң қол астына өткенiне 2-3 жылдың жүзi болды. Көршi жатқан алып держава өкiлдерi қай жерде болмасын, өз үстемдiгiн көрсетуге асық. Мұнда да қазақша бағдарламаларды болмашы сылтаулармен бiрiнен соң бiрiн жауып әлек. Кезек арнада жуырда ғана ашылған қазақ тiлдi көрермендерге арналған “Айнаline” бағдарламасына да жеттi. Жабудағы сылтаулары – өз алдына бөлек әңгiме.
Қазақ тiлiнiң, жалпы тiлдiң қолданыс аясын кеңейтетiн бiр игi iс – телебағдарламалар. “Қазақшаңыз қалай?” сияқты бағдарламаларды көре тұра, сүйсiнесiң. Ал осыларды көк тиынға татырмай қоятын “Наша казаша” бағдарламасын көргенде, не күйде боласыз? Қаныңыз басыңызға теуiп, қазақ болып туғаныңызға өкiнесiз бе?! Әлде ұлтын өсiруге емес, өшiруге қызмет етiп жатқан ұрпаққа ренжисiз бе?
Қазақстанның жас публицистерiнiң бiрi Алмас Көшербаев жақында беделдi Human Rights Watch ұйымының атынан марапатқа ие болды. Ол 2010 жылы Hellman/Hammet сыйлығын алған әлемдегi 20 мемлекеттiң журналисттерiнiң бiрi атанды. Hellman/Hammet сыйлығы 1989 жылдан берi берiлетiн беделдi халықаралық сыйлықтардың бiрi. Бұған дейiн бұл құрметке Ресей журналисттерi Анна Политковская мен Григорий Пасько, белгiлi түрiк жазушысы, аудармашы әрi баспагер Айсенұр Зараколу әр жылдары ие болған едi.



