1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16223)   11 мамыр, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
11 мамыр 2017
Баландин алған биікке жетудің жолы

Жаңа оқу жылынан бастап Қытайдың жоғары оқу орындарында суда жүзу міндетті пән ретінде енгізілмек. Талап қатаң көрінеді. Мәселен, бірінші курсқа қабылданған студент 50 метр қашықтықты қалайда жүзіп өтпесе, онда оны арнайы жүзуді үйрететін сабаққа жібереді. Ал оқу аяқталғанша жүзіп үйренбегендер дипломсыз қалады.
Суда жүзуді пән есепті енгізудің өзіндік себебі бар. Қытайдың 1,3 млрд халқының шамамен 2-ақ пайызы жүзе алады екен. Жер бетіндегі жан саны жағынан ең көп халықтың суда жүзуге келгенде осал болғаны қызық. Бізге қызық көрінгенімен, қытайлар үшін суға түсу, жүзіп үйрену оңай шаруа емес. Өйткені Қытайдағы өзен-көлдердің ластығы суға түсуге қолайсыз болса, бассейндердің бағасы қарапайым адамға тым қымбатқа түседі. Бассейндердің жылдық абонементі 4-5 мың юань аралығында екен. Теңгеге шаққанда 180-230 мың теңгедей болады. Бұл баға Қазақстанға қарағанда арзан. Бізде бассейндердің жылдық абонементі 310 мыңнан 490 мыңға дейін барады. Мұндай бағамен Баландин (суда жүзуден Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы) сияқты олимпиада чемпиондарының шығуы тым қымбатқа түсетіні айтпаса да түсінікті. Ал қытай суда жүзуді арнайы пән етіп енгізіп, болашақ чемпиондарға қазірден мүмкіндік жасап отыр. Әр студент олимпиада чемпионы болып шықпаса да, дене бітімі жақсы жетіліп, денсаулығы мықты болатыны анық. Демек, Қазақстанға үштілділік реформасынан гөрі суда жүзу пәні көбірек қажет екені көрініп-ақ тұр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті