1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
4 желтоқсан 2012
Үкiмет жастардан қорқа ма?

Өткен жылғы Жаңаөзен оқи­ғасынан кейiн 16 желтоқсан тәуелсiздiк күнi ретiнде емес, күнтiзбеге қаралы дата ретiнде қызарып басылды. Қазiрдiң өзiнде әлеуметтiк желiлер мен өзара пiкiрталастарда “Бұл күн бiз үшiн мереке ме, әлде қаралы күн бе?” деген сауалға әркiм басын қатырып жүр. Сондай пiкiр­таластардың бiрi “Фейсбук” әлеуметтiк желiсiнде қар­қынды жүруде.

4 қазан 2012
Агенттiң әлегi
Бұрынғының жастары сүйгенiне жүрекжарды сөзiн өз аузымен айтуға жүрегi дауаламай, жең­гесiне жүгiнсе, бүгiнгiнiң жастары ғаламтордағы ғашығымен тiлдесу үшiн теңгесiне жүгiнетiн заман туғанына Сiз бен Бiз куәгер болып келемiз. Агент десе iшкен асын жерге қоятын даусыз дертке ұшырадық бұл күнде. Жайшылықта күнделiктi шаруаны ертеңге қалдырып үйренген мына бiз,
4 қазан 2012

Мен студент кезiмде топ жетекшiсi едiм. Бiрақ бойымда жетекшiге жараспайтын қылықтар бар едi. Ол – ұмытшақтық және сенгiштiк. Жанымда өзiмнен де артық сенетiн ең жақын үш құрбым болды. Олар менiң ұмытып кеткен заттарымды артымнан жинап жүретiн. Үзiлiс уақытысында асханаға барған кезде қолымдағы телефонымды, бет орамалымды қойған жерiмде ұмытып кететiнмiн. Құрбыларым “Әйгерiм, мұқият болшы” деп айта-айта шаршаған.

4 қазан 2012
Студент ақпарат
АЙДЫ АСПАННАН БIР-АҚ ШЫҒАРДЫ
Осыдан екi апта бұрын ҚР БҒМ-ның бiлiм және ғылым саласы бо­йынша бақылау комитетiнiң төрағасы Серiк Ырсалиев айды аспаннан бiр-ақ шығарды. “Жеке тұлғаларға және бiлiм беру ұйымдарына оң әсер ету мақсатымен бағалау рәсiмiн үлгiлеу” конференциясында бiлiм беру сапасын бағалаудың қазақстандық жүйесiнiң жетiстiктерiн айтқан ол “Қазақстан сауаттылық деңгейi бойынша әлемнiң 177 елi арасында 14-орынға шыққанын” жеткiздi.
4 қазан 2012
Ел боламыз ба, жоқ әлде...
МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ АКЦИЯСЫНАН КЕЙIНГI БIР СӘТТIК ОЙЛАР
22 қыркүйек – Тiл заңының қабылданған күнi. Қарап отырсақ, осы заңға қол қойылғанына 23 жыл болыпты. Яғни, ширек ғасыр. Осы уақыт iшiнде бүкiл елдi, күллi қазақстандықтарды қазақша сөйлетуге болатын едi. Бiрақ тiл үйренудi тағы он шақты жылға шегерiп, “2020 жылы 95 пайыз азамат қазақшаға судай болады” деп өзiмiздi-өзiмiз алдап қойдық. Тәуелсiздiк алғалы қазақтардың саны көбейгенiмен, қазақша сөйлейтiндердiң са­ны артқан жоқ. Өзге түгiлi
21 тамыз 2012

19 шiлде мен 23 шiлде аралығында колледж бiтiрушiлерге арнал­ған кешендiк тестiлеу нау­қаны жүрген болатын. Әрине, асығыс қабылданған шешiмнiң арты дауға ұласпай қалуы мүмкiн емес. Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың мұндай “жаңалығы” барлық оқушыларды да, ата-аналарды да абдыратып тастады.

21 тамыз 2012

Алматы көшелерiнде көзге қораш билбордтар пайда болды. Секiргелi тұрған қойдың бей­несiнiң астына жазылған ескерту тiптен сорақы. “Адамдар жүргiншi жолымен өтедi. Қойлар ғана осылай жүредi” делiнген әлгi бил­борд­та. Бұл билборд көшеде жүру тәртiбiне қатысты iлiнген. Қазақ халқының төрт түлiгiнiң бiрi қойдың бұған не қатысы барын түсiнбедiк.

21 тамыз 2012
Қай ЖОО-да оқығың келедi?

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Қазiр жастардың барлығы оқуға қызу дайындық үстiнде. Кейбiр жастар үшiн бұл уақыт студенттiк дәуреннiң соңғы күзi болса, кеше ғана мектеп бiтiрiп, жаңа өмiрге аяқ басқан жастар үшiн алғашқы студенттiк мерзiм болмақ. Адам үшiн ең тәттi, әрi ең қызықты, сондай-ақ, ең ұмтылмайтыны - осы студенттiк кезең.

21 тамыз 2012

2012 жылдың 27 сәуiрiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIХ сессиясында президент Н.Назарбаев Бiлiм және ғылым министрлiгi құрамында Жастар саясаты жөнiндегi комитет, ал өңiрлерде тиiстi басқармалар құру жөнiнде арнайы тапсырма берген болатын.

21 тамыз 2012

Миллиард теңгеден астам қаржы бөлiндi...  

Биыл да жастар саясатын жүзеге асыруға миллиард теңгеден астам қаржы бөлiндi. Бұл жөнiнде 2020 жылға дейiнгi мемлекеттiк жастар саясаты тұжырымдамасын талқылау бойынша республикалық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен өткен отырыста ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жауапты хатшысы Әлия Ғалымова айтты.

21 тамыз 2012

Жақында бiр әлеуметтiк желiден қызықты мағлұматты көзiм шалды. Әлемнiң даңқты университеттерiнiң көпшiлiгiнiң өзiндiк ұраны бар екен. Ол ұрандарда оқуға келген сту­дент­тiң оқу, бiлiмге ұмтылысы мен өмiрге деген көзқарасына әсер ететiн сөздер жазылған. Расында, бұл бiздiң университеттерге де қажет дүниелер сияқты.

17 шілде 2012
Жетiм бұрыш. Осы атауды ауылдағы ата-анам ең алғаш естiгенде таңғалғаннан жағасын ұстаған едi. Бiз де студент атанып жатақханаға қол жетпей баспанасыз қалған кезiмiзде, Алматының өмiрiне үйренiп қалған жоғары курстың студенттерi бiлгендерiн айтып: “Жетiм бұрышқа барып көрiңдер!” – деген. Мағынасы айқын, бiрақ тым қатал естiлген тiркес сөзге, үйсiз қалған күйiмдi ұмытып “неге бұлай аталған екен” деп азды-көптi ойланғаным бар-ды... Келдiк. Көрдiк. Бiлдiк. Көк базардың маңында орналасқан. Көлiк былай тұрсын адамдар кептелiсетiн, мойындарына пәтерлердiң мекен жайы мен бағасы жазыл­ған парақшаларды iлiп алған әртүрлi жастағы адамдар
17 шілде 2012
“Бастықтар” оқитын университет

“Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелдегi бакалавриат бағдарламасы жабылып, орнына Назарбаев университетi ашылғаны белгiлi. Президенттiң өзi университет студенттерi­мен кездескенде, болашақ мемлекеттi басқаратын кадрларды осы оқу орнынан таңдап алатынын айт­қан. Бiздiң ұлымыз осы университеттiң “Экономика” факультетiне тест тапсырған. Бiр айдан кейiн ғаламтордағы электронды поштамызға “Құттықтаймыз, сiз оқуға түстiңiз!” деген қуанышты хабар келдi. Қуанышты хабар алғаннан кейiн бiр-бiрiмiздi құттықтап, қуанысып қалғанбыз. Бiрер күн өткен соң оқуға түскен балалар тiзiмiн қа­ра­сақ, баламыздың аты-жөнi жоқ.

17 шілде 2012

Өткен аптада Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың “Казахстанская правда” газетiнде “Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоға­мына қарай 20 қадам” атты мақаласы жарық көрдi. Онда президент Қазақстандағы және әлемдегi әлеумет­тiк мәселелердi айта келiп, үкiмет пен министрлер кабинетiнде отырғандарға бiрқатар маңызды тапсырмалар бердi. Сондай-ақ экономикалық және мәдени байлықтардың барлығы да еңбек ар­қылы қалыптасатынын айтқан ол, еңбек проблемаларын оңтайландыру керек­тiгiн жазыпты. Және ең бастысы, қазақстандық бiлiм жүйесiн бiраз сынға алып, үкiметке бiлiм берудiң сапасын арттыру мен оны оңтайландыруды тапсырды.

17 шілде 2012
Жастар үкiметтен үмiт күтедi
Мемлекеттiк билiктiң Қазақстан бәсекеге қабiлеттi елдердiң қатарына кiредi дегенiне 10 жылдан асты. Алайда бұл уәде әзiрше iске асар емес. Тiптi әлi де бiрнеше жылға шегерiлуi мүмкiн-ау. Тәуелсiздiк алғалы берi үкiмет бiрнеше бағдарламаның басын қайырған. Әсiресе, соңғы 10 жылда мемлекеттiк бағдарламалар тiптен көбейдi. Саны – көп, сапасы жоқ жобалар шаш етектен. Дегенмен кейбiр мәлiмет­терге сенсек, осындай бағдарламалардың iшiн­дегi ең сәттi орындалғаны әрi қарқынды iске асып жатқаны – “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы екен. 2009 жылдан берi 19 мыңға жуық адам осы бағдарлама аясында ауылға аттаныпты.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»