1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
3 наурыз 2015
Соғысты студенттер тоқтата ма?
Ресей мен Украина арасындағы қырғи-қабақ соғыстың қашан аяқталары белгiсiз. Себебi Норманд форматындағы төрттiктiң кездесуi де көпшiлiк күткендей нәтиже бермедi. Атыс әлi тоқтаған жоқ. Ал қос елдiң жастары арасында жылы байланыс басталды деуге болатындай. Киев студенттерiнiң видео-үндеуiне Ресейдегi жастар жауап қатты. Және бiр емес, бiрнеше мәрте. Бiр емес, ондаған адам.
6 қаңтар 2015
Кiтап оқу шынымен пайдалы ма?
Кiтап оқуды қашанда пайдалы iске жатқызатыны бәрiмiзге мәлiм. Ал сiзге бiреу “кiтап оқудың қандай пайдасы бар?” десе, қанша дерек келтiре алар едiңiз? Әдетте, адамның ойына 5-тен артық пункт келмейдi. Сондықтан назарларыңыз­ға осы мәселенi тереңiнен ашатын жаднама ұсынамыз:
1. Ойды дамытады. Кiтап оқудың басты пайдасы – ой-өрiсiмiздi кеңейтедi. Себебi шығарманы оқу кезiнде бiз басты идеяны, сюжеттi түсiну үшiн терең ойға түсемiз.
6 қаңтар 2015
ҚАЗАҚСТАНДА ШЕТЕЛДIК СТУДЕНТТЕР КӨБЕЙМЕК
Елiмiздегi медицина саласында бiлiм алатын студент­тердiң 10 пайызын болашақта шетелдiк тәлiмгерлер құрауы мүмкiн. Бұл жөнiнде жуырда тенгринюс тiлшiсiне ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов мәлiмдедi. Ақановтың мәлiметiне қарағанда, қазiрдiң өзiнде ұлттық медицина университетiндегi 17 мемлекеттiң жастары бiлiм алуда. 11 мың студенттiң 600-700-i – шетелдiктер.
6 қаңтар 2015

Студенттер арасында оқуын орта жолдан тастап кететiндер аз емес. Ал кейбiреулерi дипломын алса да, мүлде басқа салаға ауысып жатады. Мұның себебi неде? Әрине, “себебi мынау” деп, бiр ғана мәселеге назар тiктеу артық шығар, бiрақ психологтардың топшылауында да жан бар секiлдi. Олар мамандық таңдағанда темпераментiңiздi есепке алуға кеңес бередi. Демек сiздiң ертеңгi атқарар жұмыс, iстер кәсiбiңiз мiнез-құлқыңызға сай болғаны дұрыс екен.

6 қаңтар 2015
Қазақ қызының хаты

Бiз қандай халықпыз? Кешегi қазақ бүгiн қалай өзгердi? Ұлт тамырына балта шабатын қауiптi дерттi аңдай алдық па? Сыртағы қандастарына сыртын берген бүгiнгi билiктiң орашолақ мiнезi қарапайым қарашаға да жұққаннан сау ма? Мiне, осы сауалдардың бәрiнiң жауабы бiр үзiк хаттың ауқымына сыйып кетiптi. “Моңғолиялық қазақ қызының бiздiң қазақтарға жазған хаты” деген тақырыппен әлеуметтiк желiнi шарлап жүрген бойжеткеннiң базынасын бiз де газет оқырмандарына ұсынуды жөн көрдiк. Сөзiне қарағанда, өз есiмiн жария етудi жөн көрмеген автор қазiр Қазақстанда жүрген секiлдi. Ал оның айтқаны – қаны сорғалаған шындық. Хатқа кезек берейiк...

11 қараша 2014
ҚЫРЫҚ СТУДЕНТТI ҚЫРЫП САЛҒАН
Мексиканың Игуала қаласында жоғалып кеткен студенттер түгел өлтiрiлген. Осы iс бойынша ұсталған күдiктiлер 40-тан астам студенттi ажал құштырғандарын мойындаған. Бұл жайында Мексиканың бас прокуроры Хесус Мурильо Карам мәлiмдедi. Тергеу барысында анықталғаны, ұсталғандар iрi қылмыс­тық топтың мүшелерi болып шықты. Олар студенттердi өлтiрiп қана қоймай, мәйiттерiн өртеп жiберген.
11 қараша 2014
Түркияның жатақханалары қандай? Студенттiң бiлiмнен басқаны ойламауы үшiн қандай жағдайлар жасалған. Бұл жө­нiн­де “Mevlana” бағдарламасы бойынша Түркияда бiлiм алып келген Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университе­тiнiң 4 курс студентi Шерхан Талапұлының төмендегi жазбасынан оқисыз.
11 қараша 2014
Қара жiгiт билесе «қара жорға»
қан толқиды тербетiп тал бойыңды
Қазақтың “қара жорғасын” африкалық “қара торы” жiгiттер қатырып билейдi екен деген ақпарды ести сала, оларға iздеу салғанбыз. Анау-мынау жиындарды былай қойғанда, қазақтың той-томалағына дейiн қатысып жүрген “қара жорғашылармен” көп ұзамай тiлдестiк. “Афро жорға” тобы алматылық студенттерден құралыпты.
11 қараша 2014
Чехия астанасы Прагада оқитын қазақстандық студенттер арасында дарындылар байқауы өттi. Дарынды жастар конкурсын Чехияда оқитын қазақстандық студенттердiң Қазақстан елшiлiгi жанынан құрылған “Тарлан” бiрлестiгi ұйымдастырды. Қарашаның 8-i күнi кешке Прагадағы елшiлiк ауданында орналасқан Ресей ғылым және мәдениет орталығына Чехияда оқитын 200-дей қазақстандық студент жиналды.
23 қыркүйек 2014
Елiмiздiң тоғыз университетi әлемнiң үздiк жоғарғы оқу орындарының қатарына кiрiптi. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев хабарлады.
23 қыркүйек 2014
Бiртүрлi дәстүрлер
Студенттiк шақ – адам өмiрiндегi ең қызықты кезең. “Балмұздақ” кезден басталатын бал өмiр ыстық пен суыққа да толы. Соған қарамастан жалын атқан жастық шақ зу етiп өте шығады. Кейiн оны сағынышпен еске алмайтын адам кемде-кем. Бiр қызығы, кейбiр оқу орындарында өзге елде кездеспейтiн бiртүрлi дәстүрлер бар. Бүгiн өздерiңiздi соның үшеуiмен таныстырамыз.  
23 қыркүйек 2014
Стипендияны көбейткеннен пайда бар ма?
Қазақ билiгi жалаңаяқ студенттердiң құлағына жағатын ақпарат таратты. “2015-17 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырған ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiздегi студенттердiң стипендиясын 25 пайызға арттыру көзделiп отыр деп мәлiмдедi. “2015-17 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” ҚР Заңының
23 қыркүйек 2014
Ұстаздан ұят кетсе студенттiң қалтасын қағады
Жуырда қазақстандық жастар “Таза сессия” акциясын өткiзiп, оқу орындарындағы парақорлық деңгейiн анықтады. Бұл шара «Жас Отан» жастарының «STOPҚылмыс» партиялық жобасы шеңберiнде өткен. Сөйтiп, жастар бiлiм ошақтарындағы заңсыз қызмет ақысының бейресми прайс-парағын әзiрлептi. “Таза сессия” акциясы ая­сындағы сауалнамаға елiмiздегi 62 ЖОО-дан 1200 студент қатыс­қан. Сондай-ақ, олардың 90 па­йызы оқу орындарындағы жем­қорлықтың асқынғанын
23 қыркүйек 2014
Сәрiнжiпов қашқан күн...
НЕМЕСЕ “ТҮРIКШIЛ” ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЕКIҰШТЫ ҰСТАНЫМЫ
Заңнаманы шала әзiрлеген министр мен сабағына немқұрайлы қараған баланың айырмасы аз. Екеуi де ұрыс естидi. Бiрақ үлгерiмi нашар оқушыға жалғыз мұғалiм қаһарын төксе, шалағай министрге бүкiл депутаттар дүрсе қоя беруi мүмкiн. Бетi аймандай болған айыпты жан сосын не iстейдi? Не iстеушi едi, кiрерге тесiк таппай тұра қашады да...
12 тамыз 2014
МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКIНДIК АШПАҚ
Қазақстандық студенттер мүгедектерге арналған мо­биль­дi қосымшаны аяқтауға жақын, деп хабарлайды BNews.kz.
Өздерiнiң жаңа жобасы туралы болашақ инженерлер Үндiстанның Керал қаласында айтқан. Жуырда елiмiздiң төрт студентi
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»