1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16271)   24 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
11 наурыз 2014
Опа-далап та – қалтаға салмақ

“Profinance.kz” тiлшiсi Алматыдағы студент қыздар арасында сауалнама жүргiзiп, “бүгiнгi бойжеткендер опа-далап үшiн айына қанша ақша жұм­сайды?” деген сұраққа жауап iздеген екен. Бiр қызығы, респондент­тердiң барлығы да қосымша жұмыс iстемей­тiн, тек ата-аналарының қолына қарап отырған бойжеткендер болып шыққан.

11 наурыз 2014
Қазақ жастары нелiктен Кореяда оқуды армандайды?

Жуырда ғана Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң магистранты Айгерiм Шәлiмбаева Сеул қаласынан оралды. Оңтүстiк Кореяның Донгук қаласында бiлiмiн шыңдап, бiлiктiлiгiн арттырған бойжеткенмен әңгiмелескен едiк. Жалпы, дамыған елдердiң бiлiм саласындағы жетiстiктерi мен ерекшелiктерi газет оқырмандарына да қызықты болар деген оймен шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.

21 қаңтар 2014
Париж – үздiк қала
“Әлемдегi ең үздiк сту­дент­тер қаласы анықталды. Ол – Париж” деп хабарлайды dni.ru. QS агенттiгi үздiк қалалар тiзiмiн түзгенде мынадай шартты басымдыққа алған: ол шаһардағы халық саны 250 мыңнан кем болмауы керек. Және ол қалада кемiнде екi университет болуы тиiс. Мiне, осы талаптар бойынша, аталған агенттiк 98 қаланы iрiктеп алып,
21 қаңтар 2014
Семiртетiн мамандықтар

Бүйiрiңiздi бұлтитып, қарныңызды шәнтитiп жiберетiн мамандықтар да болады десе, сенер ме едiңiз. Ал Career­Builder JobSearch компаниясының сарапшылары бұған әбден сенiмдi. Олар артық салмақтан арыла алмай жүр­ген 3700 адамға сауалнама жүргiзгеннен кейiн осындай пiкiрге келген. Сұралған азаматтардың 56 пайызы семiздiктiң басты себебiн бiр орыннан қозғалмай жұмыс iстеу­дiң кесiрiнен көредi екен.

21 қаңтар 2014

Бойжеткен агент арқылы бейтаныс жiгiтпен сөйлесiп отыр: 
— Ой, мына жiбергенiңiз қандай қызық смайлик! Бұндай смайликтi еш жерден көрмеп едiм!
— Кешiрiңiз, қарындас, бұл менiң суретiм ғой.

21 қаңтар 2014
Студент ақпарат
ГИННЕСКЕ КIРГЕН СТУДЕНТТЕР ЕҢ АЛЫП “СМАЙЛИК”
Рекорд жасаудың да сан түрлi жолы бар. Соның бiрi – қарапайым тiлмен айтқанда топтық өнер. Мәселен, Қытайдың Нанкин қаласындағы ауылшаруашылығы универси­тетiнiң шәкiрттерi алып “смайлик” жасап, 2012 жылы Гиннестiң рекордтар кiта­бына тiркелдi.
21 қаңтар 2014
...Бетiмнен неге қақпайлай бердiң?!

Жуырда әлеуметтiк желiлердiң бiрiнен “Оралман” деген өлеңге көзiмiз түсiп, авторын iздеген едiк. Сөйтсек, ол атамекенiн аңсап келген, университеттi өткен жылы ғана бiтiрген Қайсар Қауымбек деген бауырымыз болып шықты. Кездестiк, сөйлестiк. Өлеңi қандай өр болса, сөзi де сондай салмақты екен. Iле қазақ автономиялы облысының Шапшал ауданында туған.

19 қараша 2013
Студент дәптерінен
Хабарсыз кеттi... Содан берi бiр апта емес, бiр ай өткендей. Уақыттың әрбiр сәтiнен үмiттi. Ал қатыгез уақыт үмiтiн әлсiретiп үзуге құштар. Әшейiнде ұялы телефонын қайда қойып кеткенiн ұмытып қалатын. Ал қазiр соған телмiрiп қарап отырудан басқа амалы жоқ.
19 қараша 2013
Гиннеске кiрген студенттер

Студенттер – қоғамның ең белсендi мүшесi. Олардың бойында жастыққа тән бұла күш қана емес, тәлiм алып жүргенде ашылатын түрлi қабiлет те бар. Ал оны жандандыру өзiне байланысты болса, қолдау көрсету – мемлекеттiң мiндетi. Бiз бүгiннен бастап “Студент” бетiнен жаңа айдар ашып отырмыз. Оның аты - “Гиннеске кiрген студенттер”.

19 қараша 2013
Қай мемлекет студенттерге қандай жеңiлдiк жасайды?

Осы сауалға жауап iздеген беларусьтық қос журналист Дарья Путейко мен Анна Рыбчинская шетелде оқитын беларусь жастарына хабарласып, жағдайларымен танысқан екен. Олардың таңғал­ғаны сонша, мақала тақырыбын “Студенттерге жеңiлдiк: жолақы 90%, ал мұражай аралау тегiн” деп атапты.

19 қараша 2013
Есiмов қашпаған сиырдың уызын күтiп жүр

Алматы қаласының әкiмi жылда айтып жүрген “жырын” биыл да қайталады. Бiрақ “қайырмасына” келгенде әуенiнен жаңылған әншiдей күмiлжiтiп бiтiрдi. Соған қарағанда , “студенттердi жатақханамен жарылқаймын” деп жар салып келе жатқан Ахметжан Есiмовтiң сөзi далада қалатын сияқты.

8 қазан 2013
Емтихан кезi. Бiрiншi шыққан студенттен жұрт сұрап жатыр:
— Қалай тапсырдың? Неше алдың?
— Айтсам, таңғқаласыңдар! Бiз тура данышпандар құсап сөйлестiк. Одан – сұрақ, менен – жауап. Тағы сұрақ, тағы жауап. Алғаным – 5
Екiншi студент шығады.
8 қазан 2013
Әлемдегi ең қымбат оқу орындары

Жер жаһандағы ең қымбат оқу орындарының алғашқы бестiгiне ең әйгiлi университеттердiң бiрi де iлiге алмағаны қызық. Мысалы “Forbes” журналы жариялаған құны удай ЖОО-лардың тiзiмiнде Гарвард, Кембридж, Оксфорд, Пристон секiлдi атышулы университтер енбеген. Ендеше ол қандай оқу орындары? Көш басында Американың Колумбия штатындағы Джордж Вашингтон университетi тұр. Оған оқығыңыз келсе, жыл сайын 39,240 доллар төлеуiңiз керек.

8 қазан 2013
Әнеугүнi жұмыс сапарымен Ақтөбеге барған Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов осындай әңгiменiң шетiн шығарды. Негiзiнен министр Ақтөбе қаласына президенттiң “Қа­зақстан - 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа бағыты” жолдауын түсiндiру үшiн барған едi.
8 қазан 2013
Домбыра мен “party” жарасым тауып тұр ма?

“Домбыра party” деген атпен былтырдан берi елiмiздiң бiрқатар қалаларында қазақ жастарының ұйымдастыруымен мәдени сазды шаралар өтуде. Алғаш Астанадан басталған домбыра думан бүгiнде елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне тарады. Қоңыр үндi қара домбыраны қазақ жастары ешбiр жарлықсыз, ешқандай ресми органдардың немесе партиялардың нұсқауынсыз қолға алды.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»