Кедендiк одақ тәуелсiздiктi тәрк етедi. Үштiк одақ түптiң түбiнде одақтық мемлекет құруға апарып соқтырары анық. Сондықтан мәселе ушықпай тұрғанда, кедендiк одақ туралы келiсiмдi денонсациялап, бұл одақтан бас тартқан жөн. Бiз пiкiр сұраған сарапшылардың барлығы бiр ауыздан осындай тоқтамға келдi. — Кедендiк одақ — бұл экономикалық интеграцияның соңғы сатысы. Яғни, бүкiл аумақта бiрыңғай кедендiк баж салығы салынады. Әлемде мұндай интеграциялардың саны некен‑саяқ.
Соңғы бiрнеше жыл iшiнде ауыр атлетика Қазақстандағы №1 спортқа айналды. Бұған әлi күнге дейiн таңғалып жатқандар көп. Тұңғыш рет олимпиада ойындарындағы жетiстiктерi бойынша зiлтемiршiлерiмiз елiмiздiң былғары қолғап шеберлерiнен асып түстi. Әлемдiк бiрiншiлiкке байланысты жағдай да осындай. Боксшыларымыздың қолы бiр алтынға да жетпей жатқан кезде ауыр атлетшiлерiмiз бiр емес төрт бiрдей алтын медальдi мойындарына iлiп, айды аспанға бiр-ақ шығарды.
Халықтың әлеуметтiк жағдайы қандай? Зейнетақы және жәрдемақы төңiрегiнде неге дау-дамай көп? Билiк жұмыссыздықпен күресе алды ма? Көшi-қон мәселесiн реттеуде не тындырды? «Жас Алаштың» осы және басқа да сұрақтарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара ӘБДIХАЛЫҚОВА жауап бердi.
– Гүлшара Наушақызы, Сiздiңше, Қазақстан көшi-қон саясатында ненi ескермей келедi? Қайтсек шетте жүрген қандастарымызды елге қайтарамыз, iшкi көшi-қон мәселесiн қалай реттеймiз?
Болатхан Тайжанның ұлы ә дегеннен ашық әрi өткiр әңгiмеге дайын екенiн бiлдiрдi. “Қазiргi кезең тоқырау заманын еске түсiредi. Үлкен-үлкен плакаттар, барлық газетте шыққан, танысқысы келген адам кез келген басылымдардан оқи алатын жолдауды түсiндiруге миллиард теңге бөлiнедi. Бұл ақшаға қаншама пайдалы iстiң басын қайырып тастауға болады”, – дейдi “Айтпарк” қонағы. Мұхтар Тайжан бүгiнгi күн Кеңес дәуiрiнiң ақырғы күндерiн еске түсiредi деп есептейдi.
Соңғы кездерi бiздiң iшкi саясатымыздың күн тәртiбi толайымен тек қана жаһандануға, яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қалай төрағалық етiп жүргенiне, Қазақстанның егiстiк жерлерi мен мұнай кен орындарын Қытайға беру жөнiндегi пiкiрталасқа, Кедендiк одақ туралы айтыс-тартысқа арналып кеткендей. Осы мәселелер төңiрегiнде және өзге де саяси-қоғамдық тенденциялар хақында «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбiлевпен әңгiмелескен едiк.
Олардың бәрiмен жылы сөйлесiп, жағдайына көмектеспесең, онсыз да тұрмыс тауқыметiнен қажып жүрген халық шарт кетiп, шаруаңды қиындатып тастайды. Қариясын қадiрлеген халықпыз ғой, қолына қару алып, майданға шықпаса да, домбырасымен “Ленинградтық өрендерiне” дем берген, күш берген Жамбыл атаның туған елiнде қанша соғыс ардагерi бар, олардың жағдайы қалай, Жеңiс мерекесiне деген көңiл-күйлерi қалай ? Осы басқарманың бастығы Қ. Бекболатовпен аз-кем әңгiмемiз сол қарттарымыздың жағдайын сұраудан басталды.
Таяуда «Парламентаризмдi дамыту қоры» қоғамдық ұйымының жетекшiсi Зәуреш Баталова Атырауға келдi. Аймақтық үкiметтiк емес ұйымдар мен саяси партиялар өкiлдерiмен кездестi. Зәуреш Баталова — қоғамда өзiндiк орыны бар саясаткер. Бұрынғы Семей облысының бiлiм басқармасының басшылығынан сенатор креслосына дейiн жол салған тәжiрибелi қайраткер. Соңғы кезде саяси аренадан көрiнбеуiн өзiнiң жеке ұстанымдарымен түсiндiредi. Бүгiнгi саяси партиялар қызметiне көңiлi толмағандықтан азаматтық секторды мiсе тұтады.
Ақпанның 18-i күнi «Рух пен тiл» клубы елiмiздегi бiрқатар жастар ұйымдарының жетекшiлерiн, ақындардың, жазушылар мен журналистердiң және Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерiнiң басын қосып, алқалы жиын өткiзген болатын. Дөңгелек үстелге қатысқан жастар өздерiнiң дербес саяси күш екенiн, қоғамдағы күрделi мәселелерге бейжай қарай алмайтынын айтып, билiкке ескертпе хат жолдаған едi. Ескертпе хатта («Бiз өзгерiстi қалаймыз!» – «Жас Алаш», 23 ақпан, №15) жастардың, халықтың шыдамының шегi де, шетi де жеткенi айтылып, 11 сәуiр күнi жастардың жалпы ұлттық митингiсiн өткiзетiнiн мәлiмдедi.
“ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫМЫЗДЫ ШЕТЕЛДIК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСI МЕН IРI ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ЖҮРГIЗУДЕ” “ҮКIМЕТ – ТЕК ҚАНА СОЛАРДЫҢ ТАПСЫРЫСЫН ОРЫНДАУШЫ”
“Айтпарктiң” кезектi қонағы экономист ҚАНАТ БЕРЕНТАЕВ болды. Модератор Нұрлан Ерiмбетов алғашқы сұрағын былайша төтесiнен қойды: “Жақында премьер-министр Кәрiм Мәсiмов: “Шетелдiктерi бар, өз iшiмiздегiсi бар, көп сарапшылар бiздi жыл бойы сынап келдi. Құлдырайды, қирайды деп басымызға қара бұлт үйiрдi. Олардың айтқаны келген жоқ. Бiз бәрiне төтеп бердiк. Тiптi күшейiп барамыз”, – дегенге саятын сөз айтты. Оның осы сөзi дұрыс па?”
Екi сағаттай серуендеп жүрiп сөйлестiк. Сонда жұмыстың анық-қанығы туралы сұрастырып, сөзiнiң соңында: «Айдосжан, мен мына елшiлiктен кететiн болдым. Әрi кетсе жылдың соңына дейiн бiр жағына шығарам. Ресейдiң қысымы үдеп барады. Бiздiң шикi, ақша десе анасын сатуға дайын билiктегiлерден үмiт жоқ. Бұлай кете берсе, мыналар елiмiздi Ресейге бiр-ақ қосып жiберуi де мүмкiн. Басшыға айта-айта шаршадық, түсiнбей ме, қасақана iстей ме, кiм бiледi? Не болса да елге қайтып, қоғамның арасына енiп, ұлтты ояту керек. Жабық саясатқа қарсы тек ашық саясатпен күресуге болады.
Кеден одағынан ұтыламыз деген пiкiр о баста‑ақ айтылған. Расында да, жұмысын жаңа бастаған кеден одағы қымбатшылық әкелдi. Сөйткен кеден одағының кәсiпкерлерге пайдасы тисе қане? Тәуелсiз кәсiпкерлер қауымдастығының вице‑президентi Тимур Назханов қазақстандық кәсiпкерлер үшiн бұл одақтың пайдасы шамалы дейдi. Түптеп келгенде, одақта көбiне‑көп Ресейдiң мүддесi ескерiлген. Ал Қазақстан бәрiне көнiп, мойынсұнуға мәжбүр. “Мұндай жағдайда отандық кәсiпкерлер не iстеуi керек? Кәсiпорындар бәсекеге төтеп бере ала ма?”. Тимур Назхановпен арадағы әңгiмемiз
Владимир КОЗЛОВ, тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiсi: ОРЫСТIЛДI ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ БIР АУЫЗ СӨЗ ЖОҚ
- Қазақстан Республикасының атауын “Қазақ Республикасына” өзгерту, қазақ ұлтын мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мойындау, мемлекеттiк тiл проблемасын көтеру сияқты мәселелердi орыстiлдi жұртшылық екiұшты бағалап, қабылдайды. Бiрақ, мен бұлардың бәрiн де қолдаймын. Бұл елдегi қалыптасқан жағдай, ұлт патриоттары мұны тек қағазға түсiрiп, осыны бекiткiсi келедi. Ендi бiз не iстеуiмiз керек? Ең бастысы, қазақ тiлiнде айтылған,
«Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттiгiне берген сұхбатында Олжас Сүлейменов былай деген: «Бүлiкшiл интеллигенцияны, яғни зиялыларды алаңға аттандатып шығаруға дайын тұрған проблема қазақ тiл бiлiмiнiң кенжелеп қалғанынан және белгiлi халықаралық терминдердiң мағынасын халыққа түсiндiрiп беруге өресi жетпейтiн политологиядан ғана туындайды... 1991 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы құрылды, оның негiзгi бөлiгiн қазақ халқы құрайтын «қазақстандық ұлт» пайда болды». Бұдан кейiн Олжекеңдi қазақтың ақыны деп қалай айтасыз
“Н.Назарбаев Софы Сматаевпен не үшiн кездестi?” деген сауалды “Жас Алаштың” редакциясына да қойғандар тiптi көп. Интернетте де бұл мәселеге қатысты гу-гу әңгiме өрбуде. Осы және басқа да сауалдардың жауабын бiлмек болып, Софы ағамыздың өзiмен хабарластық. – Кеше президентпен кездесiпсiз, осының мән-жайын бiлейiк деп едiк. Ұсыныс қай тараптан болды? Сiз “қабылдаңыз” деп өтiнiш айттыңыз ба?
“Адал Азамат” қоғамдық қоры Қазақ елi жұртшылығына “Хабар” телеарнасынан “Ұлы дала ойындары” атты қазақтың ұлттық ат спорты мен дәстүрлi музыкасын дәрiптейтiн тележоба ұсынды. Қордың вице-президентi, тележобаның бас продюссерi Ерлан Сержанұлын әңгiмеге тартып, алғашқы қадамдары туралы сұрадық.


