1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
25 тамыз 2016
Келесi аптада елiмiздiң бүкiл мектептерiнде алғаш­қы қоңырау соғылады. Бұл – ата-ана үшiн де, бала үшiн де қашанда ерекше оқиға. Ал мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын шәкiрттер үшiн биыл оның мәнi тiптi зор, тiптi ерекше. Өйткенi биылғы оқу жылынан бастап елiмiздiң барлық мектептерi жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша бiлiм беруге көшпек. Дерегiнен дақпырты көп болған бұл жаңа жүйе ә дегеннен-ақ көпшi­лiктiң көңiлiне күдiк ұялатқаны шындық.
23 тамыз 2016
Тарих ғылымындағы статус кво өзгеруi тиiс

Адамға да керексiз, малға да керексiз арамшөптiң де өрттей қаулап, әуелеп, жайқалып өсетiн бiр кезi болады. Қазiргi кезең де – жасанды һәм жалған ғалымдардың арамшөптей қаулап, жауыннан кейiнгi саңырауқұлақтай көбейген үстiне көбейiп жатқан кезеңi. Өзiмен өзi боп, өз қотырын өзi қасып жүре берсе де бiрсәрi-ау, ең сорақысы, бұлар қазiр бiлiм мен ғылымды да былықтырып бiттi. 6 жастағы бүлдiршiнге 3 тiлдi қатар оқытуды енгiзген де – осылар. Жоғары оқу орындарында қазақ тарихы оқытылмасын деп шешкен де – осылар.

4 тамыз 2016
Досан Баймолда, Абай атындағы ҚазҰПУ-дiң профессоры, физика ғылымдарының докторы: Бес боғдаға барып қайттым...

– Алты жылдан соң, биылғы шiлде айының басында өзiм туып-өскен Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағына баруыма жол түстi. Оған бiр жағынан кiндiк қаным тамған, ата-бабамының сүйегi жат­қан ел-жұртыма, туған жерiме деген сағыныш әсер етсе, екiн­шi жағынан биылғы жылы “Баян-Өлгей қазақ аймағының құрметтi азаматы” атанғаным себеп болды. Маусым айының басында Баян-Өлгей қазақ

21 шілде 2016
Сiз не дейсiз?

18 шiлдеде Алматыда болған жағдай туралы әркiм әртүрлi көзқараста. Бiреулер мұны күш құрылымдарына кектенген адамның өш алуы десе, ендi бiреулер саяси-әлеумет­тiк, тiптi дiни астары бар арнайы шабуылға жориды. Ал саясаттанушылардың бұл оқиғаға қатысты пiкiрi қандай?    Соңғы уақыттағы жағдайларды саралап көрер болсақ, негiзгi шабуыл ең алдымен күш құрылымдары өкiлдерiне бағытталып жүр. Бiздегi радикалдардың бiр ерекшелiгi осы деуге де болады. Бұл арада ақпараттық фактор үлкен маңызға ие

14 шілде 2016
ҰҚК мәлiмдемесiне қалай қарайсыз?

ҰҚК: “Тоқтар Төлешов 2005 жылы төңкерiс арқылы мемлекеттiң билiгi криминалдық топтардың иелiгiне өткен қырғыз елiндегi жағдайды Қазақстанда қайталамақ болыпты. Осы мақсатын жүзеге асыру үшiн Қырғызстанға бар­ған, жағдайды көзбен көрiп зерттеген. Жоспар құрған. Жаппай тәртiпсiздiк пен әдейi ұйымдастырылған акциялардың барысында ол билiкке ультиматум қойып, өзi үшiн вице-президент лауазымын енгiзудi

12 шілде 2016
Дос КӨШІМ, саясаттанушы: Жемқор билiк... баю жолын iздейдi

– Комиссияның қазiргi жұмысы орташа деңгейде, жалпы, қанағаттанарлық. “Әттеген-ай” деген жерлер, әрине, бар. Оның негiзгiсi – процедуралық мәселе. Оны Айдос Сарым өткен жолғы отырыста жақсылап айтты. Бұл бiрiншiден, бiзде әлi күнге дейiн жұмыс графигi жоқ. Жиынды қай облыстарда, қашан және қай жерде өткiзетiнiмiздi алдын ала бiлiп отырсақ, бұл уақытымызды жоспарлауға қолайлы болар едi. “Мына жаққа барамыз, мынандай уақытта” деп, бiзге тек 2-3 күн қалғанда ғана хабарлайды.

21 маусым 2016
Мархабат Байғұт: Бізде әлемдік деңгейдегі дүниелер аз емес
– Мархабат аға, жақында халықаралық «Түркі әлеміне қызмет сыйлығымен» марапат­тал­дыңыз. Құтты болсын!  Жалпы бұл сыйлық түркі тілдес халықтардың әдебиеті мен мәдениетіне, өзара байланыстарды, бірлік пен ынтымақты нығайтуға елеулі еңбек сіңірген тұлғаларға бұйыратыны белгілі. Көзіқарақты қауым біледі, сіз түркі дүниесі, түркітілдес халықтардың тағдыр-талайы, мәдениеті мен әдебиеті жөнінде бұрыннан-ақ айтып, жазып келесіз.
16 маусым 2016
Толғанай Үмбетәлиева, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты: Билiкте қазiр ақша жоқ ендi үйiп-төгiп уәде берiп, халықты алдай алмайды

Жасыратыны жоқ, соңғы кездерi халықтың көңiлi көп жағдайға алаң. Оған бiрден-бiр себеп, елiмiзде ретсiз, репетсiз жүргiзiле бастаған сан түрлi реформалар. Қоғам неге алай-түлей күй кешiп жатыр? Бұл халықтың қазiргi саяси басқару жүйесiне қарсылығы ма? Әлде саяси-әлеуметтiк сана-сезiмнiң көтерiлгенi ме? “Жас Алаш” осы және басқа сауалдарға жауап iздеу ниетiмен Орталық Азиялық демократияны дамытудың қорының бас директоры, саяси ғылымының кандидаты Толғанай Үмбетәлиеваға жолығып, әңгiмелескен едi.

14 маусым 2016

Маусымның 13-i күнгi дерек бойынша, 7 бейбiт азаматтың, сот шешiмiнсiз ресми орындар террорист деп айдар таққан 18 күдiктiнiң өлiмiмен аяқталған Ақтөбе қырғыны қазақ қоғамына жаңа дiни күрестiң жолын ашқандай. Қай ағыммен күресу керектiгiн президент Н.Назарбаевтың өзi айтып бердi. Бiрден емес, әрине. Ресми билiк терракт деп бағалаған маусымның 5-i күнгi Ақтө­бедегi шабуылдан кейiн үш күн өткiзiп барып халыққа үндеу жасаған президент «шетелден нұсқау алған жалған дiни ағым өкiлдерi» туралы айтты. Бiрақ, жалған дiни ағымның атын атап, түсiн түстемедi. Екi күннен кейiн өткен Қауiпсiздiк кеңесiнде ол “мұны дәстүрлi емес салафизм дiни ағымы жолын ұстанушылар тобының террористiк шабуылы екенiн бiз қазiр бiлiп отырмыз. Республикада дiн ұстану бостандығына кепiлдiк бере отырып, дiннiң атын жамылып елдегi жағдайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беремiз” дедi.

31 мамыр 2016
Болат АТАБАЕВ, режиссер: Қылмыстық жүйе құл етер

– Төрт жарым жыл болыпты. Кельн қаласының Театр Академиясында сабақ берiп жүрмiн. Бұл оқу орнының ерекшелiгi – студент ұстазды өзi таңдайды. Оқу жылы басында студенттер бiр ай бойы кез келген ұстаздың сабағына қатысуға құқылы. Тақтада әр ұстаздың аты-жөнi жазылған, атақ-даңқ, еңбегi сiңген-сiңбегенi туралы бiр сөз жоқ. Студент таңдаған ұстазының астына аты-жөнiн жазады. Бiттi. Тiзiмде, кем дегенде, екi студент болуы шарт. Болмаса жұ­мыссыз қаласың!

31 мамыр 2016
Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Бәрiн бiр адам шешкен қоғамда ешуақытта шынайы тарих жазылмайды

– Бiздiң халқымыздың сан жағынан қазiр азшылық болып отырғанының ең басты себебi де – осы ашаршылық. Барлық қуғын-сүргiн құрбандары шығынын қоса есеп­тегеннiң өзiнде ол осы ашаршылықтың жарым-жартысына да жетпейдi. Бiрақ, әрине, рухани шығын өте жоғары болды. Қуғын-сүргiнде елiмiздiң көрнектi мемлекет қайраткерлерi, iрi тұлғалар, Әлихан, Ахмет сияқты рухани көсемдер кеттi. Әрине, бұл екi шығынды бiр-бiрiне қарсы қою ойымызда жоқ.

26 мамыр 2016

Қоғамдағы қазіргі ең өзекті мәселенің бірі – мектептің жағдайы. Өйткені аталмыш сала министрлігі тарапынан жүзеге асырылғалы жатқан реформалар бүгінде ел ішінде алуан түрлі пікірлерді туындата түсуде. Осыған орай біз ҚР білім беру ісінің үздігі Ғани Бектайұлымен сұхбаттасқан едік.

19 мамыр 2016
Құнапия ЖАНПЕЙIСҰЛЫ, Ресей қазағы: «Назарбаевтың алдында екi-ақ жол тұр»

“Жер сатылады” деген суыт хабар шыққалы берi “Жас Алашқа” күнiне кемiнде 4-5 адам келедi. Ондаған оқырман өз қарсылығын айтып, қоңырау шалады. Олардың кейбiрiнiң ой-пiкiр, ұсыныс-талабы газет бетiнде жарияланып та жатыр. Ал Құнапия Жанпейiсұлының жөнi бөлек. Өйткенi бұл кiсi – сонау Орынбордың қазағы. Қазақстандағы балаларына әдетте қыстың күндерi келiп қайтатын қарияның биыл сапар мерзiмi өзгерiптi. Себеп – елдi дүрлiктiрген Жер дауы

19 мамыр 2016
Дулат ИСАБЕКОВ, ҚР мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург: Халықтың бұл наразылығы тек қана жерге байланысты емес

– Мұхтар Әуезовтiң “Кеден кеден болды, кедергi неден болды?” деген сөзi бар едi. Сол айтпақшы, жер қоз­ғалса да қозғалмайтын қазақ неге қозғалды? Бәрiне төзген қазақ неге көшеге атып-атып шықты? Оларды үйлерi­нен сүйреп шығарған кiм? Әрине, билiктiң өзi. Бұған дейiн ел бәрiне көндi. Төбесiнен протон құлап жатса да үндемедi, “қойшы, билiкке сенейiк­шi, бiр бiлгендерi бар шығар” дедi.

17 мамыр 2016
Жанұзақ Әкiм: Билiк халықты ақымақ санамауы тиiс

              Негiзi комиссия отырысында “Алаш жолы”, Зәуреш Батталова бар, бәрiмiз келiсiп, күн тәртiбiндегi мәселенi дауыс берумен емес, келiсiм бойынша шешудi ұсындық. Өйткенi қарап отырсақ, комиссия құрамындағы 67 мүшенiң 10-12-сi ғана қоғамдық ұйымдардан екен. Қалғандары билiктiң ресми өкiлдерi, билiктiң айналасындағы адамдар. Фермер-шаруалар. Сондықтан бұл комиссияның жұмысына халық сенбейдi

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»