1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
6 қаңтар 2015
Арман Әлиев, “Оңтүстiк цирк” мекемесiнiң директоры: Қазақ циркiнiң тарихы Оңтүстiктен басталған

 “Цирк – бұл жер бетiндегi ең керемет орын” деген екен К.Станиславский. Расында да манеждегi әуеде қалықтаған акробат, буын­сыз гимнаст, күлкiлi клоун мен ақылды, сүйкiмдi жануарлардың өнерiн тамашалағанда жастың да кәрiнiң де жүзiне күлкi үйiрiледi. Шымкенттегi “Оңтүстiк цирк” мекемесi де 3 жылдан талайдың жүзiне күлкi үйiрiп, мыңдаған көрерменнiң көзайымына айналды.

26 желтоқсан 2014

2014 жыл түгесiлер тұста өткен жылды қорытып, жеткен-жетпегенiмiздi бағамдап қана қоймай, алдағы жылға болжам жасайтын дәстүрiмiз бар. 2015 жылда бiздi нендей жаңалықтар күтiп тұр? Елiмiздiң саяси-экономикалық өмiрiнде қандай өзгерiстер болмақ? “Қой жылынан не күтемiз?” деген сұрақты әр салада жүрген сарапшыларға қойып көрген едiк.

23 желтоқсан 2014
Жұмабек Жантаев: Уақыт талабына сай болуымыз керек!

Қазақстанның ғарыш саласы үшiн биылғы жыл маңызды оқиғалар­ға бай болды. Жердi қашықтықтан барлаудың орта және жоғары ше­шiмдегi екi жер серiгi ұшырылды, “Қазсат-2” жер серiгi табысты жұмыс iстеп жатыр және оның қызметiн пайдаланып отырмыз, “Қазсат-3” ұшырылып, тестiлеу сынақтары өткiзiлуде. Сөйтiп, елiмiз толыққанды жер серiгi топтамасына ие болып отыр, яғни экономикамыз бен қауiпсiздiгiмiздiң мүддесi жолында ғарыштық технологияларды пайдалану саласында тәуелдiлiктен арыла бастадық.

11 желтоқсан 2014
Ғаббас Қабышұлы: Мырзатай Жолдасбековтiң, Олжас Сүлейменовтiң және тағы басқалардың сүйкiмсiз қылықтарын неге айтпасқа?!
Бiз бұған дейiн “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген айдармен аса көрнектi жазушымыз Герольд Бельгердiң (“Мәңгi ел” әңгi елге айналып кетпей ме?”, 11.02.2014 жыл), содан кейiн белгiлi математик-ғалым, академик Асқар Жұма­дiл­­да­евтың (“Бiзге жалған намыстың керегi жоқ”, 13.03.2014 жыл), бұдан соң атақты жазушымыз, қазiргi заман ғұламасы Мұхтар Мағауиннiң (“Антиқазақ сая­сатқа тоқтау салғызуымыз қажет”, 30.10.2014 жыл) сұхбаттарын жариялаған едiк.
4 желтоқсан 2014
Мақсат – ауылды дамыту iсiн қолдау
“ҚазАгроҚаржы” – ауыл шаруашылығы тауар өндi­ру­шiлерiне қолжетiмдi қаржы-қаражаттарымен, лизинг негiзiнде ауылшаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететiн компания. 1999 жылы үкiмет қаулысымен құрылған осы акцио­нерлiк қоғамның Қазақстанда 15 филиалы бар. “Фермер өсiп-көркейсе, көркейедi туған ел!” деген қанатты сөздi ұран ғып көтерген компания қазiргi таңда қандай iстер атқаруда? Үлкен ұжымның тыныс-тiр­шi­лi­гi қандай екен?
27 қараша 2014
Басты қағида – клиентке бейiмделу
Қазақстандағы Ресей Сбербанкi ел экономикасына 10 миллиард доллар инвестиция құйды. Бұл – “Сбербанк” АҚ ЕБ-нiң жетi жылдық жұмысының жемiсi. Әрi бұл Қазақстанға инвестиция салған өзге халықаралық қаржы институттарының көрсеткi­шi­нен асып түседi. Мұнымен қатар банк шағын және орта бизнестi және ұзақмерзiмдi салымды қажет ететiн маңызды инфрақұрылымдық жобаларды да бел­сендi түрде қаржыландырып келедi.
25 қараша 2014
Халықтың қайсар қызы Роза бостандыққа шықты
...Көздерiне қан толған жендеттер қарусыз халықты автоматпен атқылап жатыр. Аңыраған ананың, шырылдаған баланың ащы даусы құлағыңды тұндырады. Қаланың үстiн қара түтiн басты. Аруақтар оянған болар, Маңғыстаудың тарихында бұрын-соңды болмаған шаң борап көз аштырмады. Бұл да 360 әулиелi қасиеттi Маңғыстаудың жендеттерге айтқан лағынетi шығар... Дәл осы Жаңаөзен мен Шетпе қанды оқиғасына биыл 3 жыл толыпты. Арадағы үш жылда не өзгердi. Қираған үйлер, бүлiнген дүние орнына келдi.
4 қараша 2014
Бабадан қонған қасиет қаршадай баланы емшi еттi
Арал ауданының Аралқұм ауылында елден ерекше бала бар. 11 жасар Ербосын Серiк­баевтың емшiлiк қасиетiн бүгiнде дүниенiң төрт бұрышы естiдi десек қателесе қоймаспыз. Ойын баласының күн ұзағына шыбық мiнiп шапқылауды емес, қамшы ұстап, домбыра тартып зiкiр салуды бастағанына жарты жылға жуықтап қалды. Осы уақыт аралығында 20 мыңдай науқасты қарап үлгерген Ербосынмен жолығып, тiлдесiп қайтқан болатынбыз. Аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықтағы Аралқұм ауылы темiржолдың бойына орын тепкен.
30 қазан 2014
Мұхтар Мағауин: Антиқазақ саясатқа тоқтау салғызуымыз қажет
Бiз бұған дейiн “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген жаңа айдармен көрнектi жазушы Герольд Бельгердiң (“Мәңгi елiмiз” әңгi елге айналып кетпей ме?”, 11.02.2014жыл), содан кейiн белгiлi математик-ғалым, академик Асқар Жұмадiлдаевтың (“Бiзге жалған намыстың керегi жоқ”, 13.03.2014 жыл) ой-толғамдарын берген едiк. Ендi осы таңсық айдарымыздың бүгiнгi қонағы –атақты жазушымыз, қазiргi заман ғұламасы Мұхтар Мағауин. Бүгiнде Карловы Варыда(Чехия) “Шыңғыс хан және оның заманы” атты төрт кiтаптан тұратын деректi тарихи хикая жазып жатқан жазушының зәру уақытын бөлiп,
28 қазан 2014
Қолдан жасалған aпат

Атын естiгенде адам баласының аза бойы қаза болатын “атом” деген төрт әрiптi бiз тек қасiрет пен ажал әкелетiн дүние деп қана ұғамыз. Ал оның бейбiт тiрлiктегi пайдасы мен зияны жайлы әңгiме шынын айтсақ, көп қозғала бермейдi. Осыдан болар, Қазақстанда Атом электр станциясы салынады деген сөз шыққалы, ел iшi тағы да бiр елең етiп, түрлi пiкiрлер ай­тылып жатқанын да бiлемiз.

28 қазан 2014
Қорапқа тасталған бала жетiмектердiң санын еселеп көбейту емес пе?!

Келесi жылдың соңында, дәлiрек айтқанда желтоқсан айынан бастап елiмiздегi перзентханаларда “бэби-бокс” қораптары қойылады. Бұл туралы газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнде (№83 (15957) 21 қазан, 2014 жыл) хабарлағанбыз. Осы мәселеге орай мамандар мен қарапайым азаматтардың пiкiрiн бiлмекке сұрау салдық. Сiз қалай ойлайсыз, “Жас Алаштың” қадiрлi оқырманы, тастанды балаға арналған арнайы қораптардың қажетi бар ма?

21 қазан 2014
Қатерлi iсiктi емдеген су көп сырқатқа шипа
Сайлаухан Әуелбаева – биэнерготерапевт, психолог. Виктория ханшайымы, Еуропалық сапа, Швейцариялық сапа ор­дендерiмен марапатталған Сайлаухан Сұлтанғазықызының есiмi аталғанда ойға бiрден бiр жыл бойы дәретi жүрмей күптей iсiнiп кеткен атыраулық науқасты телефонмен тiлдесу арқылы-ақ емдеп, аяғынан тұрғызғаны оралады.
“Сайлаухан” емдеу қайта оңалту орталығын Еуропа елi (Италия) марапаттаса, әлемдегi ең бай Оксфорд кiтапханасы орталықтың медицинаға қосқан үлесiне қызығып
21 қазан 2014
Бiз ең алдымен Антиеуразиялық форумды ұйымдастыру комитетiнiң мүшесi Жанболат Мамайдан мемлекеттiк рәмiздердi насихаттау жиынының мақсатын сұрап бiлген едiк. 25 қазан күнi Антиеуразиялық форумды ұйымдастыру комитетi Алматыдағы бұрынғы жоғарғы кеңес ғимаратының алдындағы саябақта, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға орнатылған ескерт­кiштiң жанында мемлекеттiк рәмiздердi насихаттайтын жиын өткiзбек.
16 қазан 2014

Президент Н.Назарбаев “Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасы заңына қол қойды. Солай болары айқын едi. Қоғамның қарсылығына қарамаған, халықпен санаспаған билiктiң қатерлi қадамы соңғы нүктесiне жеттi. Тәуелсiздiктiң туы жығылды. Келер жылдың алғашқы күнiнен бастап Қазақстан ендi Ресей, Беларусь мемлекеттерiмен бiр одаққа кiрген елге айналады.

9 қазан 2014
Биылғы шiлденiң соңында Германияның барлау қызметiнiң (BND) жетекшiсi Герхард Шиндлер Ресей президентi Владимир Путиннiң төңiрегiнен жiк шыққанын мәлiмдедi. “Украина дағдарысы басталған тұста Ресей үкiметi билiгiнiң блогы мызғымас монолиттей көрiнгенi рас. Шын мәнiнде олай емес екен. Қазiр Путиннiң айналасындағылар екi топқа бөлiнiп, өзара астыртын соғыс бастады...”, – деген сонда Г.Шиндлер.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»