1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
"Жас Алаштың" сатиралық беті. Дайындайтын Әмірхан Меңдеке
9 ақпан 2010

Қазақ сатирасының классигi Оспанхан Әубәкiровтiң жары Нұрсұлу Рақымжанқызының айтуынша, Осекеңнiң әлi баспа жүзiн көрмеген бiраз дүниелерi бар екен. “Егер мұның бәрiн жинастырсам, бiр кiтаптың көлемiндей болып қалады” дейдi Нұрсұлу жеңгей. Нұрсұлу Рахымжанқызы Осекеңнiң еш жерде жарияланбаған бiр топ өтiрiк өлеңiн “Сүзеген сөзге” ұсынды. Осекең бұл өлеңдердi кезiнде неге жариялатпаған? Бiздiң ойымызша, өнерге аса зор жауапкершiлiкпен қарайтын Осекең бұл өлеңдердi әлi де пiсiре түсудi, жетiлдiре түсудi ойластырған секiлдi. Бәлкiм, басқалай себептерi де болуы әбден мүмкiн...

9 ақпан 2010

Тәуелсiздiк күнi жақындаған сайын ауыл әкiмiнiң мазасы кеттi. Жоғарыдан жарлық түсiптi. Мереке күнi әр ауданда, әр ауылда, тiптi әр үйде көпұлттылық пен көп­дiндiлiктi паш ету керек екен. Әкiм ауыл белсендiлерiн түгел шақырып, жиналыс ашты. – Құрметтi мырзалар! Бiз бақытымызға қарай көпұлтты, көпдiндi елмiз. Өздерiңiз де жақсы бiле­сiздер, менiң әйелiм – христиан, балам – мұсылман, қызым – кришна, өзiм – католикпiн. Бiр үйде төртеумiз төрт кiшкентай мем­лекетпiз, – деп әкiм ризашылық сезiммен күлiп алды. – Яғни, дiн мәселесi бiздiң елде шешiлген

9 ақпан 2010

Көзiңе елестетшi ендi, бiр семiз жамбасты қазанға салып, оған бiлектей бiр қазыны қосып, бiр-екi майлы қабырғаны және салып, екi-үш сағаттай былқытып пi­сiрiп, арасында дәмiн татып, көбiгiн алып... қалай, ә?! Әрi қарай тыңдаңыз, ет пен қазы жұп-жұмсақ болып пiскен кезде, дәу табаққа буын бұрқыратып түсiрiп, сарымсақ пен тұздығын қосып, дәмiн келтiрiп, паһ, шiркiн, қалай, ә? Мұны оқыса, қазақ оқысын...

8 желтоқсан 2009

Егер арам ақшадан иiс шығатын болса, онда бiздiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмiз бен алпауыттарымыздың жанына жан баласы бара алмас едi. Мүңкiген иiстен.

***
«Жетiм көрсең жебей жүр» деген мәтел қазiргi күнi ескiрiп кеттi. Бүгiн модада: «Жетiм көрсең, ұстап алып, шетелге сат!»
P.S: Шетелге сатылған қазақтың жетiм балаларының саны 5 мыңнан асыпты.

8 желтоқсан 2009

– Қадiрлi Әшiрғали Көшiрға­лиұлы мырза, сiздiң әдебиет сыншысы, әдебиетшi-ғалым еке­нiңiздi бiздiң газеттiң оқырмандары да жақсы бiледi. Осы ретте сiзге қояр бiр сұрағымыз бар. Жазушы Әбжан Алпысбаевтың жақында 70-ке келгенiнен де, сiздiң осы жазушы туралы зерттеу еңбегiңiздiң кiтап болып жарық көргенiнен де бiз жақсы хабардармыз. Мiне, осы жазу­шы­ны сiз өз кiтабыңызда, баспасөзде жарияланып жатқан мақалаларыңызда, зерттеу еңбек­те­рiңiзде «көреген», «көсем», «абыз», «данышпан», «әулие», «кемеңгер», «дана» деп әс­пет­тейсiз.

8 желтоқсан 2009

Ештеңе ойламаңыз. Ойласаңыз, өзi­ңiз­ге қиын болады. Құдайым-ау, саясатта неңiз бар, отпен ойнамаңыз… Аяғы­ңыз аспанға, мұрныңыз жерге қарап қа­лады! Аузыңыз құ­лыптаулы есiк болады, жүрегiңiз шұрқ-тесiк болады. Бiр күнi “Жұмыс iстегiм келедi, жұрт қатарлы жал-жая тiс­тегiм келедi!” деп, ұнжырғам түсiп, кө­шеде көлеңкемдi те­гiн сүйретiп келе жат­қанмын. Бiр кезде екi полиция инспекторы екi жағымнан келдi де, аяғымды жерге тигiзбестен көтерiп ала жөнелiп, машиналарына ыңқ еткiзе салды.

20 қазан 2009

– Естiдiң бе, сенатор Өмiргелдi Байгелдi өзiнiң тоғызыншы атасын тауып алыпты. Айтуына қарағанда, ол Қытайдың ақыны Ли Бай екен.
– Мiне жаңалық! Ө.Байгелдi мырза ендi халық ассамблеясына мүше болып, қазақ сенатындағы қытай халқының өкiлi ретiнде ғұмыр бойы сенатор болып отыра бермек қой...

20 қазан 2009

Көршi қалаға қоныс аударып, жаңа жұмысқа орналастым. Бiр бөлiмнiң қатардағы атқарушы қызметкерiмiн. Бастығым өзi ертiп жүрiп, жұмыс орнымды таныстырды да, кабинетке орналастырды. Бiр бөлмеде екi-ақ адам екенбiз. Жинақы жайлы орын болып шықты. Бiрге отыратын адамның аты-жөнiн айтқанда, елең ете қалдым. Есiмi елге мәлiм атақты адам. Бiр жағы қуансам, тағы қысылып та кеттiм. Қуанатыным, елге сыйлы әйгiлi тұлғамен қызметтес болу деген расында мақтаныш. Ал сонымен қатар мiндетiмдi ол кiсiнiң деңгейiнде атқару қолымнан келмей жатса, ұят. Сонымен, тың серпiнмен жұмысқа қызу кiрiсiп кеттiм.

20 қазан 2009

Осыдан 5 жыл бұрын отбасымен көршi Баянөлке аймағынан ата­қоныс Қазақстанға, оның iшiнде Ертiс облысына көшiп келдiм. Келе, керектi қағаздарымды жиып-дайындап, облыстық көшi-қон мекемесiне квота алуға құжаттарымды өткiздiм. Арада жылжып ай өттi, жыл өттi. Тiптi квотаның құлағы да көрiнетiн түрi болмаған соң, “Бара бергенше, пара бер” деген осы елдiң өз мақалын өзiне қолданып кеп жiберiп едiм, аяқ астынан бағым жанып, екi аптаның iшiнде екi жыл күткен квотамыз қолымызға тиiп, бала-шағамызбен iшiп-жеп мәз-мәйрам болып қалдық. Ары қарай тыныш жатам ба, осы

20 қазан 2009
Қатты құрсау сыртында қалыңдаған,
Тас iшiнде алтындай алынбаған.
Жатып едiң бiр кезде, Қазақстан,
Дербес ел боп бiр күйде танылмаған.
Мiне, бүгiн құйылған құрыштан да,
Мықтылықпен ұстадың дұрыс таңба.
20 қазан 2009

Алақан жайып келгенге жерiн, жұдырық көрсетiп жеткенге жер­асты байлығын үлестiре салатын, өзгелердiң мақтауына алданып, “бiз осындай дарқан елмiз” деп жарты әлемге жар салып, уыздай ұйып отырған шағын ғана ауылдың тұрғыны едiк. Қала жақтан оқып келген жас жiгiт берекемiздi кетiрдi. “Не деген қараңғылық! Сендер өзi қай ғасырда тiршiлiк етiп отырсыңдар? Бұл заманда көсемсiз қалай өмiр сүруге болады? Осындай да надандық болады екен?!” – деп шешенси сөйлеген оқымысты жiгiт ауыл тұрғындарын жерден алып, жерге салды.