Қазақ сатирасының классигi Оспанхан Әубәкiровтiң жары Нұрсұлу Рақымжанқызының айтуынша, Осекеңнiң әлi баспа жүзiн көрмеген бiраз дүниелерi бар екен. “Егер мұның бәрiн жинастырсам, бiр кiтаптың көлемiндей болып қалады” дейдi Нұрсұлу жеңгей. Нұрсұлу Рахымжанқызы Осекеңнiң еш жерде жарияланбаған бiр топ өтiрiк өлеңiн “Сүзеген сөзге” ұсынды. Осекең бұл өлеңдердi кезiнде неге жариялатпаған? Бiздiң ойымызша, өнерге аса зор жауапкершiлiкпен қарайтын Осекең бұл өлеңдердi әлi де пiсiре түсудi, жетiлдiре түсудi ойластырған секiлдi. Бәлкiм, басқалай себептерi де болуы әбден мүмкiн...
Тәуелсiздiк күнi жақындаған сайын ауыл әкiмiнiң мазасы кеттi. Жоғарыдан жарлық түсiптi. Мереке күнi әр ауданда, әр ауылда, тiптi әр үйде көпұлттылық пен көпдiндiлiктi паш ету керек екен. Әкiм ауыл белсендiлерiн түгел шақырып, жиналыс ашты. – Құрметтi мырзалар! Бiз бақытымызға қарай көпұлтты, көпдiндi елмiз. Өздерiңiз де жақсы бiлесiздер, менiң әйелiм – христиан, балам – мұсылман, қызым – кришна, өзiм – католикпiн. Бiр үйде төртеумiз төрт кiшкентай мемлекетпiз, – деп әкiм ризашылық сезiммен күлiп алды. – Яғни, дiн мәселесi бiздiң елде шешiлген
Көзiңе елестетшi ендi, бiр семiз жамбасты қазанға салып, оған бiлектей бiр қазыны қосып, бiр-екi майлы қабырғаны және салып, екi-үш сағаттай былқытып пiсiрiп, арасында дәмiн татып, көбiгiн алып... қалай, ә?! Әрi қарай тыңдаңыз, ет пен қазы жұп-жұмсақ болып пiскен кезде, дәу табаққа буын бұрқыратып түсiрiп, сарымсақ пен тұздығын қосып, дәмiн келтiрiп, паһ, шiркiн, қалай, ә? Мұны оқыса, қазақ оқысын...
Егер арам ақшадан иiс шығатын болса, онда бiздiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмiз бен алпауыттарымыздың жанына жан баласы бара алмас едi. Мүңкiген иiстен.
***
«Жетiм көрсең жебей жүр» деген мәтел қазiргi күнi ескiрiп кеттi. Бүгiн модада: «Жетiм көрсең, ұстап алып, шетелге сат!»
P.S: Шетелге сатылған қазақтың жетiм балаларының саны 5 мыңнан асыпты.
– Қадiрлi Әшiрғали Көшiрғалиұлы мырза, сiздiң әдебиет сыншысы, әдебиетшi-ғалым екенiңiздi бiздiң газеттiң оқырмандары да жақсы бiледi. Осы ретте сiзге қояр бiр сұрағымыз бар. Жазушы Әбжан Алпысбаевтың жақында 70-ке келгенiнен де, сiздiң осы жазушы туралы зерттеу еңбегiңiздiң кiтап болып жарық көргенiнен де бiз жақсы хабардармыз. Мiне, осы жазушыны сiз өз кiтабыңызда, баспасөзде жарияланып жатқан мақалаларыңызда, зерттеу еңбектерiңiзде «көреген», «көсем», «абыз», «данышпан», «әулие», «кемеңгер», «дана» деп әспеттейсiз.
Ештеңе ойламаңыз. Ойласаңыз, өзiңiзге қиын болады. Құдайым-ау, саясатта неңiз бар, отпен ойнамаңыз… Аяғыңыз аспанға, мұрныңыз жерге қарап қалады! Аузыңыз құлыптаулы есiк болады, жүрегiңiз шұрқ-тесiк болады. Бiр күнi “Жұмыс iстегiм келедi, жұрт қатарлы жал-жая тiстегiм келедi!” деп, ұнжырғам түсiп, көшеде көлеңкемдi тегiн сүйретiп келе жатқанмын. Бiр кезде екi полиция инспекторы екi жағымнан келдi де, аяғымды жерге тигiзбестен көтерiп ала жөнелiп, машиналарына ыңқ еткiзе салды.
– Естiдiң бе, сенатор Өмiргелдi Байгелдi өзiнiң тоғызыншы атасын тауып алыпты. Айтуына қарағанда, ол Қытайдың ақыны Ли Бай екен.
– Мiне жаңалық! Ө.Байгелдi мырза ендi халық ассамблеясына мүше болып, қазақ сенатындағы қытай халқының өкiлi ретiнде ғұмыр бойы сенатор болып отыра бермек қой...
Көршi қалаға қоныс аударып, жаңа жұмысқа орналастым. Бiр бөлiмнiң қатардағы атқарушы қызметкерiмiн. Бастығым өзi ертiп жүрiп, жұмыс орнымды таныстырды да, кабинетке орналастырды. Бiр бөлмеде екi-ақ адам екенбiз. Жинақы жайлы орын болып шықты. Бiрге отыратын адамның аты-жөнiн айтқанда, елең ете қалдым. Есiмi елге мәлiм атақты адам. Бiр жағы қуансам, тағы қысылып та кеттiм. Қуанатыным, елге сыйлы әйгiлi тұлғамен қызметтес болу деген расында мақтаныш. Ал сонымен қатар мiндетiмдi ол кiсiнiң деңгейiнде атқару қолымнан келмей жатса, ұят. Сонымен, тың серпiнмен жұмысқа қызу кiрiсiп кеттiм.
Осыдан 5 жыл бұрын отбасымен көршi Баянөлке аймағынан атақоныс Қазақстанға, оның iшiнде Ертiс облысына көшiп келдiм. Келе, керектi қағаздарымды жиып-дайындап, облыстық көшi-қон мекемесiне квота алуға құжаттарымды өткiздiм. Арада жылжып ай өттi, жыл өттi. Тiптi квотаның құлағы да көрiнетiн түрi болмаған соң, “Бара бергенше, пара бер” деген осы елдiң өз мақалын өзiне қолданып кеп жiберiп едiм, аяқ астынан бағым жанып, екi аптаның iшiнде екi жыл күткен квотамыз қолымызға тиiп, бала-шағамызбен iшiп-жеп мәз-мәйрам болып қалдық. Ары қарай тыныш жатам ба, осы
Алақан жайып келгенге жерiн, жұдырық көрсетiп жеткенге жерасты байлығын үлестiре салатын, өзгелердiң мақтауына алданып, “бiз осындай дарқан елмiз” деп жарты әлемге жар салып, уыздай ұйып отырған шағын ғана ауылдың тұрғыны едiк. Қала жақтан оқып келген жас жiгiт берекемiздi кетiрдi. “Не деген қараңғылық! Сендер өзi қай ғасырда тiршiлiк етiп отырсыңдар? Бұл заманда көсемсiз қалай өмiр сүруге болады? Осындай да надандық болады екен?!” – деп шешенси сөйлеген оқымысты жiгiт ауыл тұрғындарын жерден алып, жерге салды.


