1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
19 қыркүйек 2017
Арғы атам – шоқпар, өзім – дубинкамын...

Танысыңыз, мен дубинкамын! Туған жылым белгісіз. Русызбын. Солқылдақ. Түсім қара. Арқадан ұруға ыңғайлы етіп ұзындау резинадан жасалғанмын.
Міндетім – Конституциямыздың демократиялық талаптарына сай елімізде тәртіп орнату. Менде көз, құлақ жоқ. Естімеймін. Көрмеймін. Тілім де жоқ, мылқаумын. Азаматтарды сартылдатып сабай жөнелгенде байғұстар бажылдап кірерге жер таппай қаша жөнеледі. Жаратушыға өкпем жоқ. Құқықтарым шексіз. Қалай ұрамын? Бастан ба, арқадан ба – өзім білемін. Сондықтан маған сұраныс та жоғары. Қандай проблема? Қазір шешемін. Мен аралассам жылаған бала уілдеп, халық қалың ұйқыға кетеді. Қараңыз. Айнала тыныштық. Шыбынның ызыңы естіледі. Қамшы, таяқпен шатастырып алмаңыздар мені. Мен ұрсам талдырып, реанимацияға түсіремін. Абыройым да жоғары. Халықаралық ұйым мені «дубинка» деп танып, куәлігімде мамандығы «ұрғыш» деп жазылған. Аяушылықты білмеймін. Әкемді де танымаймын. Көшелерде бір рет көрінсем, талапшылдар тақпақ айтысып, көпіргіш демократтар іннен-інге тығылып зым-зия жоқ болады.
Дубинка деген құдірет мен боламын! Мен ұйықтатып, оятып, жылатып күлдіремін. Қаласам сабанның үстінде билеп, ғашықтар туралы ән шырқайсыз. Менің жүрмейтін жерім жоқ. Жұрт мені таниды. Аэропорт, вокзал, орталық алаңдарда құжаттарыңызды тексеріп мен жүремін. Ысылдаған даусымды қошаметтеп тәу етіңіздер маған. Уақытпен санаспаймын. Жиналыс жасауға адам керек пе, қабағымды түйсем болды – мұғалім, дәрігер пенделеріңіз залды толтыруға жүгіре жөнеледі. Өркениетке қосқан үлесім де зор. Талапшылдығым жоғары. Арқадан үш удар! Үш тіл түгіл, он үш тілді тақылдап лексикон грамматикасымен қосып жаттап аласыз. «Аюға намаз үйреткен таяқ» дейді. Таяқпен бұрын үйреткен. Қазір бес уақыт намазды сіздерге дубинка, мен үйретемін. Арқадан жақсылап алты удар! Ұлы даланың перзенттері менің амандығымды тілеп жаппай жайнамазға бас қоясыз. Сұлатып салмасам да, құлатып саламын.
Осының бәрі кімнің арқасы? Дубинка – менің!
Еңбегім дер кезінде еленеді. Мерекелерде, жиналыстарда мені атайды. Айналайын командирлер саптың алдына шығарып, алғыс жариялап омырауыма медаль тағады. Тұрмысым да жоғары. Той, сауналарға тәртіп үшін «заказдар» қабылдаймын. Мен есіктен сығалағанда «ананы» шәйнекке құйып ішіп отырған қариялар өтірік жөтеліп, сызылып кіріп, сызылып шығады.
Көрдіңіздер ғой. Бір бағдарламамен шетелде оқығанмын. Достарыммен сөйлесіп хабарласып тұрамыз. Жаңалық! Енді олар өз мүдделерінің талабына орай арқадан емес, тізенің көзінен ұруды ойлап тауыпты. Осы тәжірибені қолдансам ба, жоқ па деп ойланып отырмын.
Арғы атам «шоқпар» екен. Сойыл емес. Энциклопедия, ертеде жартастардағы жануарларды аулаған бабалардың суреттерінде де солай. Батыстық мәдениетке еліктеп дубинка аталыппын. Мақтансам болады ғой. Болады!
Олай болса еліміздің жарқын болашағы үшін парақор, жемқор талапшыл азаматтарды сабап тоқпақтай бермекпін.
Дубинка деген көкеңіз мен боламын!

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
тазша бала | 20 қыркүйек 2017 10:36
Арқадан үш удар! Үш тіл түгіл, он үш тілді тақылдап лексикон грамматикасымен қосып жаттап аласыз.- бул соз!н рас
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті