1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
19 қыркүйек 2017
Езутартар

Бір кісі данышпаннан:
– Осы әйелдер қай айда аз сөйлейді?– деп сұраса, данышпан:
– Ақпанда,– депті.
– Неге?
– Ақпан 28-іне бітеді ғой,– депті.

***
Қайын енесі келініне телефон шалады:
– Баламның жағдайы қалай?
– Қалай болушы еді? Күнде арақ ішеді, маған қол көтереді...
– Ее-е, бопты, ауырып қалмаса болды, әйтеуір!

***
Бір әйел күйеуін дүкенге картоп алып келуге жұмсапты. Байғұс жолдан өте бергенде машина қағып, өліп қалыпты. Сосын үйіне полиция келіп, «осылай да осылай, қайғылы жағдай орын алды, енді не істейсіз?» десе, әйел «білмеймін, вермишель қуыра салатын шығармын» депті...

***
Әкесі балабақшадан баласын алуға келіпті. Тәрбиеші:
– Аға, сіздің балаңыз қайсысы? – десе,
– Ай, қайсысы болса да бере берші, таңертен бәрібір қайтып әкелеміз ғой,– деген екен.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті