1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
1 қазан 2013
Қағытпалар
Екi қарт орындықта қатар отыр. Кiтап оқып отырған қартқа екiншi шал:
– Не оқып отырсың? – дейдi.
– Тарих қой.
– Қайдағы тарих?! Менi көрмейдi дейсiң бе, сен секс туралы кiтап оқып отырсың ғой.
– Секс мен үшiн тарих боп қалды ғой.
1 қазан 2013
Үйлену оңай...
Әйелдiң зарын әбден тартқан Тобан ендi әйел алудың қамына кiрiстi. Байсыз қатындардың бiрне­шеуiн айттыра барып едi, бәрiнiң де сәтi келмедi. Сүйреңдеп, екi иығын жұлып жеген жесiрлерден “аузы күйген” Тобан аптасына бiр рет шығатын “Жарнаманың” соңғы беттегi “танысалық” деген бұрышына өзi жайлы былай деп хабарлады:
1 қазан 2013
Төплиiм қашып кеттi...
Сыртқы iстер министрi екенмiн деймiн... Түсiм екен деймiн... Я Алла, түсiм бола гөр! Шырт ұйқыда жатырмын. Бiр кезде есiк сықырлап ашылғандай болды. Мен де көздерiмдi “сықырлатпай” ашып, жастығымның астында жатқан пистоле­тiмдi суырып алдым. Балаларым ойнап жүрген ойыншық пистолеттi. Бiр кезде қарасам...
20 тамыз 2013
   Бiр қазақ АҚШ-тан келген досы Джекпен сыра iшiп отыр дейдi.
– Сiздiң елде халыққа тегiн қызметтер көрсетiле ме? — деп сұрады Джек.
– Әрине, бiзде бәрi тегiн!
20 тамыз 2013
Қағытпалар
Қазақстанға көшiп келген оралман жергiлiктi қазақтан былай деп сұрапты:
             Аға, сiздер тамақты неге “бля” деп жейсiздер? Әлде “бисмилла” дегендi осылай қысқартып алғансыздар ма?
Қарап тұрсаңыз, Қазақстанымыз – 21-ге келген үлкен жiгiт. Ал iстеген тiрлiгiне қарасаңыз, қысқа күнде қырық алданатын әрi басы ауған жаққа қисая кететiн 5 жастағы бала секiлдi.
20 тамыз 2013
Қазақша телеграмма

Тойға дайындалып жат­қан Құдайберген аға мен Бисара тәте қазақша телеграмма алды. Онда былай делiнген: “Құрметти Қудайперген ака, Бишара тате, сиздердин уйкеленгендеринизге сиырма пес жил толуы­мен кутоктап, узак омир бакит тилеймиз! Салеммен Акенибин Жакен!” Телеграмманың кiмнен екенiн бiлмеген, өмiр­ле­рiнде бiр-бiрiнен сыр бүгiп көрмеген жұбайлар

20 тамыз 2013
Құдалар “құлап” қалды...

Құдалықта қылқиып отыр­ғанмын. Бiр кезде бiлегiне жыланның қабығын орап алған, бетiнде бидай өсiп, онысы қурап қалғандай, тыртық-тыртық, басына сынап төксең, тұрмайтындай жып-жылтыр, мойны жуан, кеудесi керiлген, жауырыны “жынды” туысқан ағамыз кiрiп келдi. Белiне гранаттар қыстырып алыпты. Бес-алты пышақ балағының жапсырма қалтасынан қылтияды, екi қолында – екi тапанша.

9 шілде 2013
“Түсiнiксiз... мүлде түсiнiксiз...”
Киiм сататын дүкенге бiр орта жастағы азамат келiп кiрдi. Сөрелердегi аяқ киiмдердiң, содан кейiн iлулi тұрған костюмдер мен жейделердiң бағаларына ұзақ үңiлдi. Содан кейiн сатушыға қарап: – Айтыңызшы, мына 5 мың рубль тұратын аяқкиiмдердiң өтуi қалай? – дедi.
9 шілде 2013
Ұры мен күзетшi
Колбаса шығаратын жеке меншiк цехтың иесi Ғариф ака милиционер досы Фархадқа мұңын шағып отыр:
– Күзеттi күшейтiп-ақ жатырмын. Бәрiбiр ұрлауды қояр емес. Кеше, мәселен, 12 келi колбаса ұрланыпты.
Фархад досына көзiн сығырайтыңқырап қарады:
9 шілде 2013
– Құрдас, өз басым, иншалла, қазiргi имамдық қызметiме ризамын. Пайғамбар жасына келдiк, соңғы он жылда бiржола молдалыққа мо­­йын бұрғанымыз орын­ды болғандай.
– Айтпа! Е, оған де­йiн кiм болмадық?!
9 шілде 2013
Мұртым “гүлдеп”  кеттi...

Қожайынның бес жүздей қойын бағып жүргенмiн. Бiр кезде аспанға көтерiлген сопақ бiрдеңенiң арты жанып көтерiлдi де, “iшiп алған ба?”, бiлмеймiн, бiр кезде бiздiң тентек қошқар сияқты, ары-берi қисаңдап барып, ортасынан бөлiнiп кеттi. Содан анода-ай жерге барып, гүрс етiп құлап, арты жалынға айналғаны...

28 мамыр 2013
Кiшкентай маса шешесiнен сұрапты:
– Апа, мен ұшсам бола ма?
– Ажалыңа асықпай, отыр үйде!
– Неге? Адамдарға менiң ұшқаным қатты ұнайды ғой...
28 мамыр 2013
– Мен бiр жақта,  Халқым бiр жақта, Лағып отырмын.
Не өзiндiк сөзiм жоқ, не әрекет...
Дөкейлерiм не десе, соның аузын,
Қара шұнақ құлдайын бағып отырмын,
28 мамыр 2013

– Бұрын, Кеңес заманы кезiнде бiр ұжымда жұмыс iстейтiндердiң бәрi болмаса да, осылардың iшiнде бiрен-сарандары көз қысысып, көңiл жарастырып жүрушi едi ғой, бiлесiң бе? Кейбiр еркек пен әйел көзге түсiп қалып, олардың тәртiбiн партия жиналысында талқылап жатушы едiк. Ал қазiр...

28 мамыр 2013
Өртке ақша төлеңiздер!
Құдай басқа салмасын, дүниеде не жаман? Өрт жаман. Шырт ұйқыда жатқанда үйiңiз өртенiп жатса, сумаңдаған жалын ақырын келiп: “Ағай, тұрыңыз, мен өртпiн ғой…” деп ескертпейдi ғой.  Өрт демекшi, бiр күнi бiздiң бес қабатты үйдiң үшiншi қабатынан өрт шықты. Бала-шағамызбен далаға атып шықтық. Түн iшiнде трусишең, мәйкiшең шығып кеткен еркектер де жүр
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»