ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың айтуынша, өткен жыл Қазақстанның еңбек нарығында күрделi кезең болыпты. “2008 жылдың күзiнен бастап елде жұмыссыздар саны артты. Жұмысшыларының жалпы саны 135 мың адамды құрайтын 264 кәсiпорын өндiрiсiн толықтай және жарым-жартылай тоқтатты. 25 мың адам жартылай жұмыс күнiмен қамтылса, 15 мың 600 адам еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шықты”,
“Үш балам бар. Күйеуiм жалданып, қара жұмыс iстейдi. Малымыз жоқ. Диқаншылықпен айналысайық десек, егiндiк жерiмiз тағы жоқ. Әлеуметтiк жәрдемақы алмаймыз. Күнкөрiсiмiз мүшкiл болып тұр. Сiздерден сұрайтыным, күнкөрiсi қиын отбасыға мемлекет тарапынан қандай көмек қарастырылған? Көмек болса, қандай құжаттар керек екенiн бiлiп берсеңiздер екен”.
Әлi есiнде... 1989 жылы “ПМК” деген құрылыс мекемесiнде жұмыс iстеп жүрген кезi. Жамбыл ауданының бiр ауылынан үлкен мектеп салды. Ғимараты биiк, еңселi, әп-әдемi болып шықты. Бiр қауым елге үлкен қуаныш сыйлап, ауыл ақсақалдарынан бата алып қайтқан-ды сол жолы... Арада төрт-бес жыл өттi ме, жоқ па... бұған бiр құрылысқа қызыл кiрпiш керек боп қалғаны... Жасыратыны жоқ, ол кезде көптеген кiрпiш зауыттары тоқтап қалғандықтан кәсiпкерлер ескi ғимараттарды бұзып алатын. “Пәлен жерде кiрпiш бар” дегендi естiп барса
«Сананы тұрмыс билейдi» деген қанатты сөздiң бары да рас. Иә, көп мәселе тұрмысқа, бiздiң тұрмысымызға байланысты. Бiз қалай күнелтiп жүрмiз? Тұрмысымыз қай деңгейде? Осы сауалдарға жауап iздеп, бiрнеше адамды әңгiмеге тартқан едiк.
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты “Қошмамбет-2” ауылы Алматы қаласынан небәрi 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда дәл қазiр шамамен 150 отбасы күнелтуде. Бұлардың басым көпшiлiгi көршi Өзбекстаннан көшiп келген қазақтар. Әрбiр отбасында орташа есеппен алты жан бар. Яғни, дәл осы елдiмекенде бүгiнгi күнi тоғыз жүзге жуық адам түтiн түтетiп, тiршiлiк жасауда. Әйткенмен, алғашқы шаңырақтың қазығы қағылғанына бес жыл толса да, қатқыл жол төселмеген, ауызсу жоқ, көгiлдiр отын тартылмаған, қоғамдық көлiк жүрмейдi.
«Өмiрдiң еш мағынасы қалмады. Пәниде маған орын жоқ. Қош бол, жарық дүние. Қош болыңдар, бәрiң де. Қош...».
Бұл Алла берген ғұмырын өз қолымен қиған пенденiң соңғы сөзi. Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiнше, дүние жүзiнде әр жиырма секунд сайын бiр адам осылайша өмiрмен қоштасады. Жылына әлемде он миллион адам өзiне-өзi қол жұмсауға барады. Ал Қазақстан суицид (өзiне-өзi қол жұмсау) көрсеткiшi бойынша әлемде үшiншi орынға шықты.
СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРIНIҢ ҮМIТI ҚАШАН АҚТАЛАДЫ?
Жақында «Жас Алаш» газетiнiң аймақтағы тiлшiсiн iздеп таяққа сүйенген қарт әже келдi. Өз бетiмен жүре алмайтын болған соң, оны сүйемелдеп қызы жүр екен қасында. Кеудесi толған орден-медальға қарап қарт әженiң алдында басымды идiм. Өйткенi, ол онсыз да санаулы қалған Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң бiрi едi. Ол өзiн «мерген Мафтуха Рыспаева» деп таныстырды ресми түрде.
Үкiметтiң «2010-12 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды. Әдеттегiдей билiк «халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту үшiн жеңiлдiктер жасадық» деп бұлбұлша сайрауда. Ақиқатында бұл жаңалық елдiң еңсесiн көтердi ме? Тұрмыс-тiршiлiгiн түзедi ме? Таразылап көрелiк.
Жетiмдер жайында ащы шындықты жазып, жарияладыңыздар. («Жас Алаш», №76, 22 қыркүйек, 2009 ж.). Осы мәселеге байланысты мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрiп отырмын. Асылы, жетiмдер үйiндегi жағдай былайғы тiршiлiкте де орын алуда. Мәселен, менiң Лена атты медбике досым дәм-тұзы жараспай бiрiншi күйеуiмен ажырасты. Қолында ұлы болса да. Сөйтiп, үш баласы бар отбасылы еркекпен жүрiп, тағы бiр ұл тапты. Ол досымды тастап, өз отбасымен кеттi. Ал құрбым басқа үш баласы бар жүргiзушiге тұрмысқа шықты. Отау құрғанына бiр жылдай уақыт толды.
Құрметтi оқырман қауым! Әлеуметтiк тақырыптарға арналған «Тұрмыс» атты арнайы беттiң беташарын жасап жатқан жайымыз бар. Мақсат – қоғамдық маңызы атан түйеге жүк боларлық өткiр мәселелердi тағы бiр қырынан қозғау. Елдiң тыныс-тiршiлiгiн көрсетiп, мұң-мұқтажын айтып, қуанышын жеткiзу.


