1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15686) 13 наурыз, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті.
13 наурыз 2012
“Халықтың өтiнiшiн жүзеге асыру мүмкiн емес”

Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтiң сөзiне қарағанда, дәл қазiр Астана қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмдерiн алуға өтiнiш бiлдiргендердiң саны жүз мыңнан асып жығылады. “Бұл Астананың 2030 жылға дейiнгi бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысына бөлiнген жер телiмдерiнiң көлемiнен 4 есе артық. Сондықтан да халықтың өтiнiшiн жүзеге асыру әсте мүмкiн емес. Ал бүгiнде жеке тұрғын үй құрылысына жер телiмдерiн беру соған бөлiнген аумақтардың дайын болмауынан тоқтатылды”, – дейдi қала әкiмi.

Қала әкiмiнiң таратқан ақпаратынан ұққанымыз, бiрiншiден, тiркеуге тұра алмай қара жұмысқа жалданып жүрген қарапайым халықты айтпағанда, жүз мыңнан аса астаналықтар баспанасыз қаңғып жүр. Бұл аз ба, көп пе?
Екiншiден, жүз мың өтiнiш дегенiмiз – жүз мың отбасы. Орташа есеппен әр отбасында 4 жан бар десек, төрт жүз мың қазақ тұрғын үй салу үшiн сарғайып кезек күтуде. Тасмағамбетовтiң есебiне жүгiнсек, 2030 жылға дейiн олардың небәрi төрттен бiрiне ғана жер телiмi берiледi. Қалған қазақтардың күнi не болмақ сонда? Астана қаласына қоныс аударғандарды баспанамен қамтамасыз ету үшiн үкiметтiң нендей жоспары бар?
Өкiнiшке қарай, жер, баспана мәселесi Қазақстанда күйiп тұр. Күрмеуi көп күрделi мәселенi шешу мақсатында қолға алынып жат­қан шаралар жеткiлiксiз. Мәселен, президенттiң биылғы халыққа жолдауында дәл осы мәселе көтерiлiп, бiрнеше тетiктерi алға тартылды. Десек те, бұл жыртыққа жамау бола алмайды. Әсiресе, жылдар бойы үй-күйсiз пәтер жалдап күнелтiп жүрген сан мыңдаған жастардың көңiлiне медеу болмайтыны анық. 
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті