“Голос Республики” газетiнiң бас редакторы және қызметкерлерi Қазақстан Республикасының үкiметiн және президент әкiмшiлiгiн сотқа бермекшi. Бұл жөнiнде олар кеше Ұлттық баспасөз клубында арнайы баспасөз маслихатын өткiзiп мәлiмдедi. “Голос Республики” газетiнiң бас редакторы Татьяна Трубачеваның айтуынша, Қазақстандағы бiр де бiр баспаның “Республика” брендiмен шыққан кез келген газеттi басудан қорқып, бас тартуының астарында саяси тапсырыс бар. Ол тапсырыс тiкелей Ақорданың өзiнен түсiп отыр. Газет саяси қуғынға ұшыраған бес айдан берi оны басуға келiскен баспаханалардың барлығына қысым көрсетiлiп, ақыры олардың барлығы да газеттi басудан бас тартқан. Ең соңғысы Қарағанды қаласының баспаханасы. “Голос Республики” газетiнiң меншiк иелерiмен келiсiмшартқа қол қойып, газеттiң бiр нөмiрiн басқаннан кейiн бұл баспахана басшылары газеттiң келесi санын баса алмайтындарын мәлiмдеген. Өздерiне әкiмшiлiк тарапынан ескерту болғанын да ашық айтқан.





Уәж айту