25 ақпан 2010
Салдузи тұтқындалды, ал Сәдiбеков ше?
Эдгар Салдузидiң рейдерлiк жолмен пайда табу мақсатында “Столичная недвижимость” АҚ компаниясын үлкен зиянға батырғаны, Қапшағайдағы “Мулен Руж” казиносын (құны 25 миллион доллар тұратын) оның бұрынғы иесiнен тартып алғаны, “Дидас” компаниясының басшысы, Ирак азаматы Амир Заденiң 3 миллион долларын алаяқтықпен иеленiп кеткенi “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде жазылғаны да мәлiм. Мiне, сол Салдузи тұтқындалды. “Өзгенiң мүлкiн тартып алып, иеленiп кеттi” деген айыппен (176-бап).
Қош, ал ендi осы Эдгар Салдузидiң қолбаласы, “Нұр Отан” партиясының мүшесi, Алматы қалалық мәслихаттың депутаты Ғалым Сәдiбеков неге жазаға тартылмайды? Салдузи мен Сәдiбековтiң бiрiгiп әрекет етуiнен елiмiздiң ондаған мың үлескерлерi үлкен зиян шектi: ақшаларынан айырылды, қалталары қағылды.
Сот орындарына Ғ.Сәдiбековтiң үстiнен түскен арыздар да (Алматы қаласының тұрғындары Т.Кимнен, Р.Ахметовтен және т.б) аз емес. Осы жерде мынандай мәселенi ескере кеткен жөн сияқты. Эдгар Салдузи сияқты сырттан келген алаяқтар өздерiнiң мақсаты үшiн ең алдымен кiмдердi пайдаланады? Ғ.Сәдiбеков сияқты жергiлiктi шенеунiктердi. Сондықтан да пайда табу үшiн сырттан келген алаяқтардың “алып кел, шауып келiне” айналған Ғ.Сәдiбековтi де жазаға тарту керек.
Е.Серғазыұлы.





Уәж айту