25 ақпан 2010
Әр 14 күн сайын бiр тiл жойылады...
«Әлемде 6700-ден аса тiл бар. Ғасыр соңына қарай осы тiлдердiң жартысы жер бетiнен мүлдем жойылады. Тiл жойылған соң, ұлт та жойылады...».
Түнеукүнi ЮНЕСКО аясында өткен ана тiлi халықаралық күнiнде осындай жан шошытарлық мәлiмет айтылды. Күнi бүгiнге дейiн талай ұлттың тiлi де, өзi де жойылып бiттi. «Қансырап» жатқандары қаншама. Солардың бiрi — кет тiлi. Азаттық радиосы сайтының мәлiмдеуiнше, дүние жүзiнде кет тiлiнде сөйлейтiн екi жүзге жуық адам ғана қалған.
Ресейдiң өзiнде жойылу қаупi төнiп тұрған 136 тiл бар екен. Ғалымдар қазiр осы тiлдердi құжатқа түсiру iсiмен жанталаса айналысып жатыр.




