4 наурыз 2010
Ресей мен Қазақстан ғарышты бөлiсе алмай жүр
Ресейдiң Ғарыш агенттiгiнiң басшысы Анатолий Перминов Қазақстан орыстардың ғарыштық қызметiн шектеуге ұмтылуда деп байбалам салды. Мемлекеттiк думаның депутаты Михаил Ненашевте «Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыштық әрiптестiк орнатуға Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттiгiнiң басшысы Талғат Мұсабаев мүдделi емес» деп мәлiмдеген-дi.
Орыс баспасөзiнiң жазуынша, «Мәскеудiң тағаты таусылып, Байқоңырдан кетудiң басқа жолдарын қарастырып жатқан» көрiнедi. Ресей Амур облысында жаңа ғарыш айлағын салып алмақ.
Кейбiр деректерге қарағанда, қазақ жағының Ресейден басқа Израиль, Үндiстан, Еуропа және басқа елдермен ғарыш саласында жақындаса бастағаны орыстардың шамына тисе керек.





Уәж айту