1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 77 (16263) 28 қыркүйек, бейсенбі 2017
28 қыркүйек 2017
Өзбекстанға біздің көліктерді өткізбейді

Қазақстандық автокөлік шығарушылар үшін Өзбекстан шекарасы жабық. «Қазавтоөндіріс» басқарма төрағасы Олег Алфёровтың айтуына қарағанда, өзбек билігі кейбір тауарлардың кедергісіз өтуіне жағдай жасаған. Алайда біздің көліктерге тыйым салатын акциздерді сақтап қалыпты. Яғни отандық көліктерге шектеу бар. Бірақ көрші Ресей мен Украина көліктерін ала шапанды ағайын өздеріне кедергісіз кіргізіп жатқанға ұқсайды. Олар тек 2 пайыздық кедендік тарифті төлейтін көрінеді. Жақында ғана Ташкентте қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп, отандық көлік өндірушілер өз өнімдерін көрсетіп, экспорттың шарттары жеңілдей ме деп үміттеніп еді. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар