1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16264 3 қазан, сейсенбі 2017
3 қазан 2017
Астананың 20 жылдығын тойлауға бұйрық берілді

Президент Н.Назарбаевтың өкімімен Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу туралы комиссия құрамы құрылып, «Ел жүрегі – Астана» тұжырымдамасы бекітілгенін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент үкіметке Астананың 20 жылдығын тойлау іс-шараларының жоспарын екі ай ішінде Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп әзірлеуді және уақтылы қаржыландыруды тапсырған.
1997 жылы желтоқсанда Қазақстан парламенті мемлекет астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы заң қабылдаған. 1998 жылы президент Н.Назарбаевтың жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Кейіннен парламент Назарбаевтың туған күні – шілденің 6-сын Астана күні ретінде демалыс күні етіп жариялап, тиісті заң қабылдаған. Жалпы, Астана күні мерекеленген кезде президентке мақтау аз айтылмайды. Мадақ-мақтауға маманданғандар Астананың 20 жылдығында ұятқа қалмасы анық қой.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар