«Абылай – сана 2003» жеке қаражаты есебінен гимназия салып берді

Сайт әкімшілігі

17.12.2020, 18:20

205

Тәуелсіздік күні Әулиеата өңірінде бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар есігін айқара ашты. Соның бірі Таразда оқушыларға тегін білім беруге арналған «Arai – elite» жеке гимназиясы. Бұл мектеп «Абылай – сана 2003» ЖШС-нің  жеке қаражаты есебінен салынғанын айта кетейік.

— Елбасы әрдайым жастарды білімге ұмтылуға, мақсатқа жетуге және табысты болуға шақырады. Ел болашағы – білімді жас ұрпақтың қолында. Облысымызда заманауи мектептер саны жыл сайын артып келеді. Біздің міндетіміз – сапалы білім беру, балалардың жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық мен жаңаша тұрғыдағы дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау, — деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ол аталған компания басшысы Арман Еділбаевқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, бұл әлеуметтік жауапкершілік бизнестің өз жерлестеріне жақсы жағдай жасауының жарқын мысалы екенін атап өтті. Серіктестіктің қолдауының арқасында жақын маңда орналасқан «ARAI» медициналық орталығын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Анаға тағзым» орталығы бой көтеруде.

Арман Еділбаев мектеп директоры Жанна Мәдімароваға жаңа оқу ордасының символикалық кілтін салтанатты түрде табыстап, педагогикалық ұжымға табыс тіледі. Бүгінгі таңда 1025 оқушыға арналған гимназияда 367 бала білім алуда. Өңір басшысы техниканың соңғы үлгілері бойынша жабдықталған кабинеттерді аралап, танысты. Мектеп спортзал, мәжіліс залы, асхана, кітапханамен қамтылған. Сондай-ақ, тынығуға арналған арнайы аумақ та назардан тыс қалмаған. Ата-аналар мен оқушылар жаңа оқу орнынына деген ризашылықтарын жеткізді. Ғимараттың қабырғалары мотивациялық және танымдық картиналарымен безендірілген. Кабинеттер жарық әрі кең. Әр қабатта ұлдар мен қыздарға арналған дәретханалар бар.

— Оқушылар ағылшын тілі мен математиканы тереңдетіп оқиды. Кабинеттер заманауи технологиялармен, интерактивті тақталармен жабдықталған, — дейді мектеп директоры Жанна Мәдімарова.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні өңірдегі аудандарданда да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды. Айталық, Меркі ауданында Қостоған және Т.Рысқұлов ауданының екі ауылы орталықтандырылған ауыз суға қосылса, Гранитогорск ауылында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ал, Байзақ ауданы Бурыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мәдениет үйі ашылды. Жетібай ауылында да  мәдениет нысаны салынған. Жамбыл ауданының Аса ауылында балаларға арналған шығармашылық орталық, Қаракемер ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сарысу ауданында да бірден төрт ауыл орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді. Қаратау қаласында екі көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Шу ауданындағы екі ауылдың тұрғын үй алаптары инженерлік желілерге қосылды. Шу ауданында «Standart Construction» ЖШС зауыты іске қосылып, өндіріс нысандарының тізімі де толықты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 12:24
Екпіндіктер әкім Смайыловтан жауап күтіп жүр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:15
Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 14:53
Полиция 7 адамның өмірін қиған жол апаты туралы айтты
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 10:53
Атырауда анасы мен төрт баласы уланып қала жаздады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.03.2021, 18:02
Теміртаулықтар қатты аязда жылусыз қалды
Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ 02.03.2021, 15:13
Су сойқаны безек қаққызды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51