Агробағдарламалардан нәтиже бар

Сайт әкімшілігі

16.10.2020, 10:20

105

Шымкентте ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда  27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық орындалып отыр. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 1300 гектарға артып отыр.

Оның ішінде,  дәнді дақылдардың егіс көлемі – 12 489,1 мың гектар, майлы дақылдар – 3 568,3 гектар,  көкөніс пен бақша – 2566,3 гектар, картоп –349,9 гектар,  малға азық болар дақылдар – 6 679,5 гектарды құрайды.

Сонымен қатар, агро саланы дамыту бағытында қолға алынған бағдарламалар да өз нәтижесін беріп келеді. Шаруаларды жанар жағар маймен, субсидиямен қамту ісінде де ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кедергісіз өнім жинау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мың тонна жанар – жағар май бөлінген (1 литр бағасы -161 теңге).  Ал шаруаларға 89,7 млн. теңгеге 1 210 тонна  тыңайтқыш  субсидияланды.

Нәтижесінде ағымдағы жоспарланған 72 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының 59,3 мың тоннасы бүгінгі таңда жиналды. Оның ішінде 14 мың тонна дәнді дақылдар, 2,4 мың тонна майлы дақылдар, 2,4 мың тонна картоп, 10,8 мың тонна мал азығы және 29,7 мың тонна ашық топырақтағы және жабық топырақтағы  көкөністер мен бақша өнімдері бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 16:32
25 млн теңге жымқырған алаяқ құрықталды
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:03
Баталов ауыл тұрғындарының арызына құлақ аса ма?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:38
Бес өңір "қызыл аймаққа" енді

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33