09.12.2020, 13:06
1208
Қызылордада УАЗ автокөлігі көлге батып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты.
«Көлікте 7 адам болған. Оның үшеуі көліктен өз күшімен шықты. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды.
9 желтоқсанда таңертең іздеу жұмыстары жалғастырылды.
7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 сантиметр) УАЗ автокөлігі табылды. Көліктің ішінде қаза тапқан жолаушыдарың денесі болған», — делінген хабарламада.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР