Шымкенттің спортшылары ерлеп тұр

Сайт әкімшілігі

25.10.2020, 09:57

81

Шымкент қаласының спортшылары жыл басынан бері ел чемпионаттары мен түрлі халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онымен қоса шаһарда спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 9 айда қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 2 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 қола медальге ие болды.

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 7 «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 52 «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 104 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Бүгінде 2021 жылғы ХХХІІ-Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әзірге қала спортшыларының қоржынында 4 Олимпиада жолдамасы бар.

Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 16:32
25 млн теңге жымқырған алаяқ құрықталды
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 10:03
Баталов ауыл тұрғындарының арызына құлақ аса ма?
Сайт әкімшілігі 18.01.2021, 09:38
Бес өңір "қызыл аймаққа" енді

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33