Су тораптары қашан жөнделеді?

Миуа БАЙНАЗАРОВА

27.12.2020, 19:31

585

Сыр елінің ауылшаруашылығы мен индустрия-инновация саласындағы жұмыстар мардымсыз. Қызылорданың күріштен кейінгі брендіне айналады деп сендірген шыны зауыты, сол жағалаудағы жаңа қала құрылысы ауыз толтырып айтатындай жаңалық еді. Құрылысы он жыл бұрын армандаған «сақалды зауыт» әлі пайдалануға берілген  жоқ.  Зауыттың құрылысының басталғанына қанша уақыт өтті десеңізші. Бірінші жұмысты қолға алған компания жұмыс істеуден бас тартты. Одан соң екінші компанияға өтті. Бүгінде құрылыс жұмыстары баяу жүруде.

Шыны зауыты, бұдан соң театр, неке сарайын саламыз деген бастаманың барлығы аяқсыз қалды.Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған кешені жоспарланған болатын, сондай-ақ Қызылорда облысының төрт су шаруашылығы  жобасын іске асыру көзделген болатын. Алайда, «Қара өзек», «Күміскеткен», «Қызылорда су торабы». «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру су қоймаларын салу. Су қоймаларын жыл сайын үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз тасталып жатқан 2 млрд теңге метрден су жинап, сақтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, «Әйтек» су торабының жөндеуде өзекті болып тұр. Су торабын су шайып, құлау қаупі төніп тұр. Бұл жерлерге бекіту жұмыстары жүргізілді. Түпкілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасына, су ресурстары комитетінен 48 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын жеделдету шаралары қабылданған еді. Бұрынғы экс әкім Қ.Досмайылұлы 2020 жылы әкім ретінде уәде берген еді.

Сырдария өзенінің арнасын ретттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау жобасының екінші кезеңнің үш компоненті Қызылорда су торабын қайта жаңарту бойынша жұмыстар ағымдағы жылы басталу керек еді. Әйтсе де, облыс әкімі Г.Наушақызының аз уақыт болса да, перспективалық жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Дегенмен түйіні шешілмеген мәселелер күтіп тұр. Бүгінде жұмыс істеп тұрған гидротехникалық Қызылорда су торабы өткен ғасырдың 50 жылдары салған және апатты жағдайда тұрғаны айтылуда. Су торабы бұзылған жағдайда шамамен  400 мыңнан астам халық қоныстанған. Үш аудан мен Қызылорда қаласы аумағында 250 мың гектар шабындық пен жайлымы 110 мың гектар суармалы жерді сумен жабдықтау жүйесі қоса бұзылады. Қызылорда облысында 38 елді мекеннің су қаупі бар. Бұған байланысты Қызылорда су торабына реконструкциялау жұмыстары жүргізу қажет. Әйтсе де 1964 жылы «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің жабдықтары да әбден тозған Қызылорда қаласының  700-ге жуық көпқабатты тұрғын үйлерінің жылумен жабдықталмай қалуына тікелей етеді.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алдағы уақытта осы жұмыстарды жүргізуге перспективалық жобаларға барынша тездетпек. Бүгінде ең төменгі  көрсеткішке ие болып отырған жалпы өңірлік өнім көлемі алдағы үш жылдықта өнім көбейетініне үміт күтеді.

Алайда, бүгінгі күнге дейінгі жұмысқа облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың көңілі толар емес. Себебі, жұмыстың бәрі жүйесіз.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ашылған өндірістік кәсіпорындардың кейбірулерінде қара құлып тұр. 2018-2019 жылд те үкімет жақтан Қызылорданың бұрынғыдай қарқыны жоқтың қасында екені жиі айтылуда. Осындай уақытта  экономикада жұмыспен қамту, халықтың белсенділігін сақтау, инфрақұрылымды жақсартуға  күш салуда.

Үкімет басшысы А.Мамин табысты жобаларды іске қосу жөнінде  Қызылорда артта екенін атап айтқан болатын. Жыл басынан бері де, алғашқы тоқсан бойынша да төмен көрсеткіш болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 16:06
СҚО-да боранның салдарынан 18 ауыл жарықсыз қалды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 11:03
Жұрттың көзінше ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 24.02.2021, 09:23
«Колледждердің бәрін кәсіпкерлерге беру керек»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 24.02.2021, 09:12
Есірткі саудасын ептеймін деп жүріп тұтылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 23.02.2021, 17:18
Сарыобалылықтар жедел байланысқа жете алмай отыр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 23.02.2021, 09:15
Тозған Қазақстан. Сапарбаев һәм Ахметов

Аңдатпа


  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51
  • "Қылмыстық топтардың кез келген іс-әрекеттерін бесігінде тұншықтыру керек" -Тоқаев
    15.02.2021, 18:05