«Жастар» арқылы баспана беріледі

Сайт әкімшілігі

24.10.2020, 09:41

107

Шымкентте «Жастар» тұрғын үй бағатымен баспана алуға құжат қабылдау желтоқсан айында басталады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов мәлімдеді.

– Биылғы Жолдаудың 4-тармағы баспана мәселесіне тікелей байланысты. Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керек екенін баса айтты. Осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты. Бұл бағыт бойынша жыл соңына дейін 300 пәтер беріледі. Ал өтініштер «Шымкент-Баспана» автоматтандырылған жүйесі арқылы желтоқсан айында қабылданады, – деді Ғ.Төлепов.

Ғалымжан Әнуарұлының сөзінше, бүгінде қалалық баспана кезегіне жалпы 40 148 адам тіркелген. Оның ішінде 13 332-сі әлеуметтік жағынан әлсіз топ санатын, ал жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 1642-ні құрады. Осы ретте айта кететін жайт, әлеуметтік жағынан әлсіз топ санатындағыларға берілетін тұрғын үйдің 20 пайызы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі. Яғни, биыл 48 арендалық пәтердің кілті жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға табысталды. Жалпы, 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз 1596 арендалық баспана берілді.

Баспасөз мәжілісінде белгілі болғандай, тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтар бойынша 118 678 өңдеу жүргізіліп, иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан және қайтыс болу себептерімен 4456 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылған. Бұл тексеру жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 27.01.2021, 18:10
Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 12:19
Сегіз өңір "қызыл" аймаққа енді
Мариям МАҚСАТ 27.01.2021, 09:30
Ауылдағы ағайын ауызсуға жарымай отыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.01.2021, 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 26.01.2021, 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.01.2021, 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46