Алексей Навальный табыс декларациясын жариялады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 30.07.2020343

Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальный мемлекеттік RT телеарнасының қызметкері Екатерина Винокуровамен жалақы деңгейі туралы интернетте біраз дауласқаннан кейін 2019 жылғы табыс декларациясын жариялады.

Құжатқа сәйкес, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген Навальный былтыр 5 млн 440 мың рубль табыс тауып, 326 мың рубль салық төлеген.

Навальный блогында "Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотында істермен айналысып, бұған қоса заңгерлік қызмет көрсетіп" табыс табатынын айтқан. Оның айтуынша, оның бизнесінің негізгі кіріс көзі - "Билайн" компаниясының негізін қалаушы кәсіпкердің ұлы, филантроп, бизнесмен Борис Зимин. Ол "Династия" қайырымдылық қорының да негізін қалаған.

Бұған дейін Навальный заңгер ретінде Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына өтініш әзірлеп жатқанын, оның шығынын Зимин өтеп жатқанын айтқан.

Навальный Жемқорлықпен күрес қорынан ақша алмағанын атап өтті. Шенеуніктер мен лауазымды тұлғалардың жемқорлық әрекеттері туралы зерттеу жасаумен айналысқан қор қайырымдылықтан түскен қаржыға істеп тұрған. Жақында оппозициялық саясаткер ақпарат құралдары "Путиннің аспазы" деп атайтын бизнесмен Евгений Пригожиннің шағымына байланысты Жемқорлықпен күрес қорын жабатынын айтқан еді.

Twitter-дегі дауда RT арнасының қызметкері Екатерина Винокурова Навальныйдан қарағанда жұпыны өмірі сүретінін айтқан еді. Саясаткер журналистен қанша ақша табатынын сұраған кезде ол Навальныйға әуелі өзінің табыс декларациясын көрсетуді ұсынған. Винокурова әзірге табыс декларациясын жариялаған жоқ.

Бұған дейін Навальный RT жетекшісі Маргарита Симоньянның табысы туралы зерттеу жариялаған. Саясаткер "ешкім көрмейтін RT телеарнасының қызметкерлері көп ақша табады, олар өмірдің қиындығына шағымдана қоймас" деп жазған.

Алексей Навальный 2017-2018 жылы сайлауалды кампаниясы кезінде табысы туралы ақпарат жариялаған.

"Династия" қоры ресейлік ғылыми жобаларды қаржыландырған. 2015 жылы ұйымды "шетел агенттері" қатарына қосқаннан кейін жабылған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?