Коронавирус жағадан алғанда

Сайт Әкімшілігі - 30.07.2020867


МӘМС жандайшаптары халықты Qoldau 24/7 жүктеуге жаппай мәжбүрлеуде

Елдегі мемлекеттік емханалар мен аурухана атаулыда жаңа қарбалас басталды. «Коронавирустың таралуына жол бермейік, оған қарсы күреске жарыса жұмылайық» деген қарбалас емес. «Qoldau 24/7 деген қосымшаны «жүкте», келген науқастарға да «скачать» еткізіп, тіркелуіне көмектес» деп, қарапайым дәрігерлер мен медбикелер армиясын мәжбүрлеп жатыр» дейді жоғарыдан нұсқаулық алған аға қызметкерлер мен бас дәрігерлер.

      Алматыдағы №24 емхана – қаладағы көп емхананың бірі. Мұнда қызметкерлерге «Qoldau 24/7-ті телефоныңа жүкте, оған кір, тіркел» деп төбеден нұқу басталды. Тіпті мейірбикелерді телефонын тексермей, кешке үйіне қайтармайтындай не сұмдық көрінген екен бұларға? Емхана персоналы өздері жүктеп алғаны аздай, енді алдына ем алуға келген науқастарды да Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеуге азғыруға мәжбүр. Ол құралдың не пайдасы бар, ішінде қандай қызық бар десеңіз – оған тіркелген қолданушы, айналып келгенде, өзінің медициналық сақтандыру жүйесіндегі статусын тексереді екен. Сақтандыру жүйесінде тіркелген-тіркелмегенін өзі білмейтіндей.   

       Бұл Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы мемлекет қаражатын жымқыруына байланысты жемқорлық бабы бойынша қазір үстінен іс қозғалған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловтан қалған мұра еді.

      «Qoldau-24/7 – МӘМС жүйесіндегі сіздің көмекшіңіз» деген тақырыппен жарнамалық мақалалар баспасөзде қаптап жүр. Қай газет-сайт тегін шығарады десеңізші, мемлекеттің қайран ақшасы ғой. Дәрі-дәрмек таппай, сенделіп жүрген халыққа бейне бір өте қажет нәрсе сияқты Qoldau-24/7 қосымшасын пәленше мың адам жүктеп, тіркелді деп, есептерін әлі соғып жатыр. Ал шындап келгенде пайдасы күмәнді дүние. Тек оны әзірлеп, енгізуге бөлінген ақшаны игеріп алғандар мен қызметін жүргізіп отырғандар ақша тауып қалғаны болмаса. Халық өте-мөте қызығып, бір-бірімен таласа «скачать» етіп, өліп-өшіп пайдаланып, қызығын көріп жатыр деген «показуха» жасалып жатыр көз алдымызда. Ел пневмониядан жаппай қырылып жатқан қазіргі жағдайда қой дейтін біреу бар ма екен, бұларға?

       Кезінде атышулы «Күнделікті» де көрдік қой, осыған тым ұқсас жоба болатын. Онсыз да қағазбасты, жұмысы бастан асатын мұғалімдер әрбір оқушының атынан жүйеге күніне неше кіріп, неше шығатын. Оқушылар мен ата-аналарға «күнделікке кіріңдер» деп, жатып кеп жалынатыны да сол өтірік көрсеткіштер үшін жасалғанын ұмытпайық.

      Енді, міне, карантин мен қауіпті індетке қарамастан, күнде жұмысқа жегіліп жүрген медициналық персонал енді Qoldau-24/7 қосымшасына қалтасындағы жекеменшік телефонынан орын бөлуі міндет болды. Оған тағы кіруі тиіс, өзінің интернетін шығындап.

        Президент жариялаған аза тұту күнінде көрдік, медициналық қызметкерлер тағы да «показуха» жасауға жегілді, күннің ыстығында жол бойында қаз-қатар тізіліп тұрып. Мына түрімізбен дейміз-ау, ертең бұл мемлекетте не болар екен? Өліп қалсақ та, биліктің жандайшаптары «олар тірі» деп, «показуха» жасап тұрмасын.

Әділ АҚЫЛБАЙ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?