Халықты арзан баспанамен қамту мүмкін бе?

Сайт Әкімшілігі - 30.07.2020803

       

       Мемлекеттің тиімді тұрғын үй саясаты адам капиталын қалыптастыру мен дамыту жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Сондықтан тұрғын үй секторын мемлекеттік реттеудің орны бөлек. Тұрғын үй саясаты – бұл мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған қызметі.

      Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығының вице-президенті Нина ЛУКЬЯНЕНКО:

    – Мемлекет тұрғын үй бағытын дамыту саласына назар аударғанда кез келген бағдарлама шаршы метрдің көлемі мен құны бойынша қандай да бір мәселені шешуге көмектеседі. Бұл – қолжетімді несие бағдарламаларын дамыту, жаңа жобалардың жеткілікті мөлшерін іске қосу. Бағаны төмендету тұрғысынан, егер мемлекет инженерлік желілерді – су, электр, құбыр, жылу құрылысын салу шығындарын өз мойнына алса, бұл шаршы метрдің құнын едәуір төмендетуі мүмкін деп ойлаймын, – дейді.

     Осы жылдың маусым айында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқат тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты, тұрғын үй құрылысы үкімет жұмысында басымдыққа айналуы тиіс екенін атап өтті. «Сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, тұрғын үй құрылысы экономикалық өсудің локомотиві бола алады», – деді президент.  

     Жалпы, деректерге жүгінсек, елде 2018-19 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны едәуір жоғары көрсеткіштерге ие болды. Бұл 25 мың отбасының, оның ішінде 5,5 мың көпбалалы аз қамтылған отбасылардың және жұмыс істейтін 3000 жастың тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

      Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Н.Назарбаевтың «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық отбасына несие берілді. «Тұрғын үйге қолжетімділік баспалдақтары» енгізілді, ол кез келген қазақстандыққа мемлекеттік қолдауға және кірісіне қарай қандай тұрғын үй алуға болатынын түсіндіреді.

     «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты былай деп пікір білдірді:

    – «5-10-20» бағдарламасы шілде айында жүзеге асырыла бастады. Қазір біз облигациялық несие беріп, ақша жинау үстіндеміз. Банк ретінде  облигацияларды жылдық 4 пайызбен шығарамыз. Тиісінше 5 пайызбен несие бергенде банктің осы өнімдегі маржасы 1 пайызды құрайды. Іс жүзінде бағдарламаның қорытынды параметрлері «Нұрлы жер» мемлекеттік бірыңғай бағдарламасының бөлімі ретінде бекітілетін болады. Ол үшін үкімет қаулысы қабылданады. Бағдарламаға 390 млрд теңге бөлінді, оның 180 млрд теңгесі тұрғын үй құрылысына жұмсалды: 240 мың ш.м. Алматыда, 220 мың ш.м.  Нұр-Сұлтанда, 180 мың ш.м. Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстарында, 200 мың ш.м. Шымкент және Алматы қалаларының маңында, 160 шаршы метрге дейін басқа аймақтарда. Сома әкімдіктердің облигациялар шығарылымында келісіліп, бекітілді. Сондай-ақ салымшыларымыздың төлем қабілеттілігі негізінде тұрғын үйдің максималды құны аймаққа байланысты 12, 15, 18 миллион теңге мөлшерінде ұсынылды.

       Негізінен, 2020 жылғы тұрғын үй саласындағы басты жаңалықтардың бірі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының 2020-25 жылдарға ұзартылуы болып отыр. Азаматтардың жекелеген санаттарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда Қазақстанда өзекті екені рас. Бір отбасы мүшесіне шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің кірісі бар кезекте тұрған адамдарға жалдамалы баспаналар өтеусіз беріледі (жетімдер, 1-ші және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және т.б.). «Бақытты отбасы» бағдарламасы табысы 59,4 мың теңгеге дейінгі кезекте тұрғандарға (көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға) қолжетімді болады. Табысы 92 мың теңгеге дейінгі кезекте тұрған адамдар «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің несиелік баспанасына (әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер) жүгіне алады. Бастапқы және екінші деңгейлі тұрғын үй сатып алу үшін 148,5 мың теңгеден астам кірісі бар адамдар қолданыстағы нарықтық өнімдерді қолдана алады («Баспана-хит» НБ, «Орда» КИК, «Свой Дом» ЖССБ).

      Тұрғын үй алудың ашықтығын және бірыңғай жүйелік есепке алуды қамтамасыз ету үшін күту тізімінің бірыңғай республикалық базасы енгізілуде. Бұл мәліметтер базасы мемлекеттік қолдаудың мақсатты бағытталуын және мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ететін кезекте тұрғандарға тұрғын үйдің қолжетімділігін анықтау үшін пайдаланылатын болады.

      Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Ұлттық банк өзінің еншілес ұйымы –  «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалпы сомасы 180 млрд теңге болатын облигацияларын сатып алды (шарттары: жылдық 4 пайыз, екіжылдық мерзімге).

      Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасымен республика бойынша 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда (150 мың тұрғын үй), оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 2,1 миллион шаршы метр (37 571 тұрғын үй) әлеуметтік жалдау және несиелік тұрғын үйлер.

       Статистика комитетінің алдын ала берілген мәліметтері бойынша, 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың барлық көздеріне 381,9 млрд теңге инвестиция бағытталды.

     Тұрғын үйлердің жалпы алаңының 3112,5 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,9 пайызға жоғары көрсеткіш. Тұрғын үйдің көп бөлігі – 94,6 пайызы жеке құрылыс салушылар мен тұрғындардың пайдалануына берілді. Мемлекеттік сектор пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 5,4 пайызын құрайды (немесе 164,7 мың шаршы метр). Жалпы айтқанда, республика бойынша барлығы 24 884 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 11 498 жеке тұрғын үйлер.

      Бұған қоса, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы республикалық бюджеттен жалдамалы тұрғын үй салу (сатып алу) үшін өтеусіз 90 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер қарастырылған.

     2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, әкімдіктерге 12,1 млрд теңге аударылды, 11,5 млрд теңге немесе 95,4 пайызы игерілді.

      Тұрғын үй саласына қатысты осындай тиімді шаралардың атқарылып жатқанын мойындауымыз керек. Бұл талай баспанадан үмітті адамдардың көкейіне сенім ұялатып отырғаны анық.

Еркежан АРЫН


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?