«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі - 30.07.20202643

     

      «Қазақмыс» корпорациясы «Кәсіп қорған» кәсіподақ бірлестігінің  бұрынғы төрағасы  Тоғызбай Тажбенов өмірден озса да, оның ісі сотта қаралатын болды.

      Еске сала кетсек, Жезқазған қаласында  былтыр 21 қазанда «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловтың кабинетінде жанжал туындаған. «Кәсіп қорған» кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Тоғызбай Тажбенов бастықтың кабинетіне кіріп келіп, оған қарсы оқ атқан. Алайда бағытталған оқ тимеген. Мылтық даусы шыққан соң, кабинетке бөлім бастықтары Сабыржан Тембаев, Төлеген Пішембаев, Владимир Лян кіріп келген. Олар жабылып жүріп Тажбеновтің қолындағы мылтықты тартып алған. Осыдан кейін  Тоғызбай Тажбенов бастығы Амангелді Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алады. Сонымен қатар жанжал барысында кәсіподақ төрағасы  өздерін  арашалап жүрген Сабыржан Тембаевты да   ішінен  пышақпен жарақаттаған. Осыдан кейін ол өзінің жүрек тұсына пышақ сұғып, сол жерде көз жұмған болатын. Бастықтың кабинетіндегі қанды оқиға жұртты дүрліктірді.

     Амангелді Мініғұлов пен Сабыржан Тембаев ауруханада біраз жатып ем алып шыққан. «Қазақмыс» корпорациясы тау-кен байыту кешені бастығының тергеу орындарына берген ақпараты бойынша,  жанжал жұмысшылардың кәсіподақ төрағасының жұмысына көңілдері толмағанынан  шыққан.  Тергеуші күдікті қайтыс болған соң,  істі жаппақ болыпты. Алайда қаза болған кәсіподақ төрағасының  жақындары тергеу мәліметімен келіспеген. Олар Тоғызбай Тажбеновті «қылмыс жасаған жоқ,  керісінше, жанжал кезінде құрбан болды» деп есептейді. Сол себепті олар істің сотта қаралуын сұраған.

     Күдікті ретінде тіркелген марқұм Тоғызбай Тажбеновтің атынан сотқа оның ұлы мен адвокаты қатысады. Кәсіподақ төрағасының ұлы әкесінің кінәсіз екенін дәлелдегісі келеді. Облыстық соттың баспасөз қызметі бұл істің сотқа түскенін растады. Дегенмен толық ақпаратты сот аяқталған соң ғана жариялайтынын жеткізді.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Қарағанды облысы


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?