Банктер биліктің «бұйымтайына» пысқырмайды

Сайт Әкімшілігі - 30.07.20203512

       

        Редакциямызға төтенше жағдай басталғалы бері үкімет берген 42 500 теңгесін ала алмай жүрген Алматы қаласының тұрғыны хабарласты. Шағымданған оқырманымыздың 85 мың теңгесі (ТЖ кезіндегі жиналған екі айдың ақшасы) екінші деңгейлі банктің шотында жатыр. Карантиндік режимде табысынан айырылған Айгерім Мархабатқызы өзіне тиесілі қаражатқа қол жеткізе алмай жүр.  Банкте төленбей қалған несиесі бар болғандықтан, оның есепшоты бұғатталып қалған. Банк қызметкерлері «несиеңізді төлеңіз, жәрдемақыны сосын барып аласыз» деп түсіндірген.      «Жәрдемақыдан ешқандай несие, салық ұсталынбау керектігі туралы президент тапсырмасы бар екенін білеміз. Бұғатталған есепшотты уақытша ашуға болатынын да білеміз. Банкке барып, осыны қанша түсіндірсек те, міз бақпайды. Міне, содан бері тиесілі қаражатты ала алмай, қағылып отырмыз», – дейді Айгерім Мархабатқызы.

      Пайымдасақ, бір бұл емес, осы іспетті шағымды бірнеше адамнан естідік. Осыған байланысты бірқатар банктерге хабарласып көрдік. Расымен де, банк өкілдері алға тартып отырғандай, егер несиесі төленбей, есепшоты бұғатталған  болса, адамдарға жәрдемақы алу қиындай түседі. «Мұндайда алдымен несиені төлейді, содан кейін есепшоты ашылады», – деп растады Айгерімнің сөзін банк менеджерлері.  

      Осы арада біз банктердің халықтың үкіметтен берілген болмашы қаржыны талғажау етіп,  өлместің күнін көріп отырғанын сезінбейтінін, көпшіліктің ахуалына мүлде бас қатырмайтынына тағы бір рет куә болдық.  Негізінде, еліміз төтенше жағдайға ең алғаш енген тұста мемлекет басшысы  банктерге «дағдарысқа ұшыраған халықтың барлық несиелері бойынша үш айға негізгі қарызды төлеуді тоқтата тұру қажет» деген тапсырма берді.  Нақ осы тұста  қазіргі уақытқа дейін халықты сүлікше сорған банктерге елдің несиесін үш айға кешіре салу оңайға соқпады. Биліктің бұл тапсырмасына пысқырмаған қайсыбір банктер тұтынушының несиесін кешіргенімен, үстіне үстеме қосып, пайызын көтеріп, елдің есін алды. Бұған қатысты  билік тарапынан мөрі басылып, нақты міндеттелген қаулы емес, тапсырма ғана берілгеннен кейін бе,  қайсыбір банктер  төтенше жағдайда халықтың емес, өзінің күйін күйттеп кетті.  

       Заңгер Әнуар Мырзабековтің пайымдауынша, енді банктер үкімет тарапынан берілетін 42 500 теңгені де елдің қолына уақтылы тигізбей отыр.

   – Себебі «есепшотқа түскен 42 500 теңге бұғатталмай халыққа берілсін, барлық есепшоттар ашық болсын» деген арнайы қаулы шығарылған жоқ. Билік кредитті кешіруге қатысты тек тапсырма берді. Қазақша айтқанда, билік банктерге бұйымтай айтты. Ал ол бұйымтайды әр банк өзінің ішкі тәртібіне ыңғайластырып, жүзеге асыра бастады. Бұл қарапайым халыққа пайдалы ештеңе бере қойған жоқ, – дейді заңгер Әнуар Мырзабеков.

        Ал банк секторының маманы, қаржыгер Тоғжан Шаяхметованың айтуынша, халық  қазіргідей қиналып отырғанда банктер «несиені кешірдік» деп бір алдады, одан кейін ол несиенің үстемеақысының үстіне тағы өсімақы қосып жіберді. Енді келіп елге берілетін 42 500 теңгені көпсініп отыр ма?! «Қазір, расымен де, екінші деңгейлі банктердің көпшілігі елдің жәрдемақысы түсетін есепшоттарын бұғаттап қойды. Олар тұтынушыға «несиені төлеңіздер, сонда есепшотты бұғаттаудан шығаруға болады» деген уәж айтады. Ал тіршілігі сол 42 500 теңгеге қарап қалған адам несиені төлей ме, әлде азық-түлік сатып ала ма?! Осы жағы неге дұрыс ойластырылмаған?» –дейді Тоғжан Шаяхметова.    

      Маманның пайымынша, банктердің несиені кешіру акциясынан, шындап келгенде, қарапайым халық ешқандай пайда көрген жоқ. Бұл арада банктер үш айдың кредитін толық кешіріп, мүлде жоқ қылып жібермеді. Банктер несиеге өздері қосатын үстемеақыны да алып тастап, «негізгі соманы ғана төле» демеді де. Сондықтан мұны банктердің халыққа жасаған шарапаты деуге тағы келмейді.

    – Әрине, халық төртінші айда барлық несиені қосып, бірден төлей алмайды. Дегенмен үш ай үзілістен басқа, ешқандай жеңілдік көріп отырған жоқпыз. Мысалы, сіз несиені 12 айға алсаңыз,  төтенше жағдайда төлемеген үш айыңыз есептеліп, несие төлеу мерзіміңіз 15 айға ұзартылады. Ал мұны жеңілдік, халыққа жасаған банктердің жақсылығы деп айтуға тіптен келмейді, – дейді экономист Тоғжан Шаяхметова.

Түйін  

     Жалпы, елімізде экономикаға 20 трлн теңге бөлінетін болса, оның 16 трлн теңгесін халықты несиемен қамтуға, кәсіпкерлерге арзан несие тартуға, ипотекалық несие саласына дем беруге және тағы басқа толып жатқан салаларға арзан несие беру мақсатымен банктерге береді екенбіз. Ал банктер бұл арада қарапайым тұтынушылардың қалтасын қағып, осы уақытқа дейін үкіметтен алған қаржысын халыққа қымбат несие ретінде үлестіріп қана келді.  Мәселен, 2004-05 жылдары шетелдің қаржы институттары еліміздегі банктерге 2 пайызбен қарыз бере бастады. Біздегі банктер сол 2 пайызбен алған қарызды халыққа 22-24-28 пайызбен несиеге берді. Осындай жауапсыз саясат жүргізу арқылы банктер 10-12 есе пайда көреміз деп ойлады. Осылайша банктер саналы түрде халықты тонап келді. Ал мұндай банктерді үкімет қай кезде де қолдауын тоқтатқан емес. Банктер құрдымға кетіп бара жатса, үкімет бірден демеу-қаржы беріп, қанатының астына алады. Бірақ банктер осы уақытқа дейін халыққа тиімді операциялар жасаған жоқ. Басқа –  басқа, тап осындай қиын жағдайда халықты қолдаудың орнына сүлікше сорып отырған банктерге қатысты билік алдағы уақытта қатаң шешім қабылдай қояр ма екен?! Әлде біздегі банктер байдың еркетотай баласы сияқты дегенін істеп, елдің дегбірін қашыруын жалғастыра бермек пе?!

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?