Белсенді Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айрылды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 30.07.2020218

30 шілде күні Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты полицейлердің әрекетін видеоға түсіріп, заңға қайшы қимылдарын сынап жүрген белсенді Руслан Жанпейісовті (құжаттағы есімі - Бейбарыс Райымбеков) бір жылға бас бостандығынан айырды. Судья Сәбит Төрехановтың Азаттыққа айтуынша, Жанпейісов кінәсін "ішінара мойындаған".

Жанпейісов Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" және "Билік өкілін қорлау" бабымен кінәлі деп танылған. Ол жазасын қоныстандыру колониясында өтейді.

Жәбірленушілердің моральдық шығын өндіру туралы талабы ескерілген. Сот үкімі бойынша, Жанпейісов Мұсаевқа - 400 мың теңге, Қуандықовқа 150 мың теңге төлеуі тиіс.

Бұл істе жәбірленуші ретінде Шымкент қаласының тұрғыны Пірім Мұсаев пен қалалық полиция департаментінің инспекторы Марат Қуандықов танылған. Айыптау тарабының айтуынша, Жанпейісов Мұсаевтың "денсаулығына қасақана зиян келтіріп, аэрозольмен екі көзін күйдірген", ал Қуандықовтың "билік өкілі екенін біле тұра балағаттап, қорлаған".

Сот үкіміне байланысты Жанпейісовтің адвокаты мен туыстарынан түсініктеме алу мүмкін болмады. Олардың үкімге апелляциялық шағым түсіретіні-түсірмейтіні белгісіз.

Қаңтар айында Жанпейісов Азаттық тілшісіне "көлік жүргізіп келе жатқан Пірім Мұсаевқа қауіпсіздік белбеуін тағуды ұмытқанын айтқан кезде таяқ алып жүгіргенін", өзін "қорғау мақсатында оған қызыл бұрыш шашқанын" айтқан еді. Белсенді "өзге жеке көліктің жол жүру ережесін бұзып тұрғанын түсірмек болғанда полицейлердің түсіруге кедергі келтіргенін" айтқан болатын.

Істі қараған судья Сәбит Төреханов жәбірленушілердің айыпталушыға кешірім бермегенін, қатаң жаза тағайындауды сұрағанын айтады. Бірақ Жанпейісовтің айыпты ішінара мойындағаны және кәмелет жасқа толмаған балалары бар екені ескерілген.

Сот процесі қаңтар айында басталған. Сот тергеуі кезінде бірнеше сараптама тағайындалған. Пандемияға байланысты тергеу онлайн режимде жалғасқан.

2017 жылдың қыркүйегінде Шымкенттегі Абай аудандық соты белсенді Руслан Жанпейісовтің бас бостандығын екі жарым жылға шектеген. Сот оны Қылмыстық кодекстің «Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану» және «Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласу» бабымен айыпты деп таныған.

Сәуір айында елде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде белсенді "ТЖ режимін бұзды" деп айыпталып, 40 күнге қамалып шыққан. Сол кезде сот "Жанпейісов шектеуге қарамастан кешке жақын көшеде жеке көлігімен жүріп, ереже бұзды. Тікелей эфирге шығып, карантин шектеулеріне қарсылығын білдіріп, полиция жұмысына кедергі келтірді" деп мәлімдеген еді. Ал белсенді мен адвокаты сот шешімімен келіспеген. Дегенмен кейінірек белсенді әрекеті үшін биліктен кешірім сұраған.

Оқи отырыңыз: Қамаудан шыққан белсенді Жанпейісов биліктен кешірім сұрады

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?